Поэзия дүлдүлі

Солнечный кентінде бақытын бала тілінен тапқан ақын, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы, прозашы, аудармашы, сыншы, Павлодар облысының құрметті азаматы Мұзафар Әлімбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия дүл-дүлі» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешті жүргізген «Мақпал» мәдениет үйінің директоры Архат Илеубаев ақынның өмірбаяны мен сөзіне жазылған әндердің шығу тарихымен көрермендерді таныстырды. Әдеби-музыкалық…

Толығырақ

Клубымыз жаңа кейіпке енді

Біздің ауылдың клубына тоғыз жылдан соң, бірінші рет күрделі жөндеу жүргізілді. Мәдениет үйі ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні, 23 қарашада тапсырылды. Клуб салтанатты түрде ашылып, лента кесілді, әжелер шашу шашты. Ішке кіргенде жөндеудің сапалы жүргізілгенін көріп, риза болдық. Ауыл әкімі Гүлнәр Еңсебаева тұрғындардың қуанышына ортақтасып, бәрімізді кәсіби мерекемен және жаңа кейіпке енген клубымызбен құттықтады. Біздің қуанышымызға…

Толығырақ

Су құбыры — билік бақылауында

Атығай ауылының әр үйі таза ауызсумен қамтылған. Атығайлықтар мемлекет қаржысына көз салмай, су құбырын өздері қаржыландырған болатын. Бірақ соңғы 2 жылда су құбыры ешкімнің иелігінде болмады. Осы жағдайда ескерген ауыл тұрғындары қала әкімі А.Ф.Вербняктен су құбырын мемлекет қарамағына алуды өтінген болатын. Ауыл тұрғындарының адамгершілігіне риза болған қала әкімі су құбырын қалалық «Горводоканал» МҚК мекемесінің балансына…

Толығырақ
DSCF5267

Төртүйде өзгеріс көп

Биылғы жыл берекелі болып тұр. Қала бюджетіне қаржы көптеп құйылып, бұл молшылықтың шапағатын ауылдық округтер де көре бастады. Мұны біз Төртүй ауылына барып қайтқанда анық байқадық. Кеңес дәуірінде кеңшар асханасы болған, бертін ауыл клубына айналған үйде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға таяп қалыпты. Бұл үшін қала қазынасынан 4,5 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмысын кәсіпкер Рашид Сағымбаевтың «Атамекен ЛТД» ЖШС-і жүргізіп жатыр.

Толығырақ
DSCF5552

Болашағы жарқын Байет

Екібастұз қаласының сол-түстік-батысында орналасқан Байет — облыстағы 25 үлгілі ауылдың бірі. Осы ауылға қарасты Атығай елдімеке-ніндегі халық саны – 478, ал Байет ауылы – 822-ні құрайды. Тұрғылықты жұртшылық мал өсірумен айналысады. Байеттің өзінде 12 шаруа қожалығы бар. Жанға да, малға да жайлы күз мал азығын ауылға жеткізуге сеп болды. Байет ауылдық округінде –1400 ірі қара, 450 жылқы және 6346 ұсақ мал бар. Ауылдағы табындар кезекпен де, бақташымен де бағылады.

Толығырақ
Букаев Аблайхан

АУЫЛ АРДАҚТЫЛАРЫН ЕСКЕ АЛСАҚ…

Биыл Құдайкөл ауылының құрылғанына 50 жыл толды. Ауыл азаматтары атаулы күнді елеусіз қалдырмай, шама-шарқынша атап өтті. Жарты ғасырлық тарихы бар Құдайкөл ауылдық округі Кеңестер Одағы кезінде «СОКП ХХІІ съезд» атындағы совхоз атауына ие болды. Бертін еліміз тәуелсіздік алған жылдары ауыл тарихи атауын қайтарып алғаны белгілі.

Толығырақ

АҚКӨЛДЕН

Ақкөл мектебінің кітапханасында «Ең үздік оқырман» сайысы өтті. 4-сынып оқушылары кітап пен оқушының диалогынан көрініс көрсеткен соң, кітапханашы Алтынай Ахметқызы ережелермен таныстырды. Сайыс 7 кезеңнен тұрды. Оған Ә.Досжан, М.Қайыргелді, Б.Сәрсембай, Г.Зияш қатысты. Әр кезеңнің сұрақтары әдебиет, тарих салаларын қамтыды. Сайыстың соңында 9-сынып оқушысы Мәдина Қайыргелді «Ең үздік оқырман» атағына ие болып, мақтау грамотасымен марапатталды. Жұлдыз…

Толығырақ

БАЙЕТТЕН

Мектепте өткізілетін «Отбасы академиясы» тәрбиесінің мақсаты — ата-аналар қауымын мектептің тәрбие үдерісіне қатыстыру. Бұл шара ата-аналарға балаларында болып жатқан өзгерістерді көруге, түсінуге үйретуді көздейді. 

Толығырақ