Ақкөлден

Сәуірдің 8-і мен 13-і аралығында Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай денешынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын берік ұстануды насихаттау мақсатында апталық өтті.

Толығырақ

Атығайдан

ІҮ Дельфий ойындарына Атығай мектебінің оқушылары да белсене қатысты. Вокал номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Байдолда Өнербек «Көк тудың желбірегені» әнін орындаса, 5-сынып оқушылары Диана Мұхтарова мен Махаббат Едігинова «Елім-ай» әнін орындады. Сайыс нәтижесінде жас шамасына қарай жүлделі 3-орынды 5-сынып оқушылары Диана Мұхтарова мен Махаббат Едігинова иеленді. Сәуірдің 10-ы күні көркем сөз оқу номинациясы бойынша 10-сынып…

Толығырақ

Бағдарламаға қатысуға шақырды

Жуырда қала әкімдігінде жиналыс өткізіліп, шағын кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері қозғалды. Жиналысқа Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Буржумбаев, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Павлодар филиалы директорының орынбасары Маралбек Жұмабаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Павлодар облысы филиалының директоры Нұржан Биякаев, «Даму» қоры базасында шағын кәсіпкерлерді қолдау орталығының менеджері Қуаныш Ибраев, шағын кәсіпкерлер қатысты.

Толығырақ

Үздік мұғалім

Қарасу орта мектебінде «Жыл мұғалімі — 2013» сайысы өткізілді. Педагогтар арасынан талантты, алғыр, шығармашыл мұғалімдерді анықтау мақсатымен ұйымдастырылған сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде мұғалімдер өздерінің шеберліктерін ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларда көрсете білді. Соңғы қорытынды бөлімде мұғалімдердің өзін-өзі таныстыруын, ұстаздық жолын презентация арқылы тамашаладық. «Өнерлі — өрге жүзер» бөлімінде өнерлерімен көрерменді тәнті етті.…

Толығырақ

Әкім жанымыздан табылды

Биыл қыс қатты болып, малдың да, жанның да мазасын алып тұр. Байет ауылына да бұрын-соңды болмаған қалың қар түсті. Үйлерді қар басып, малымыз да далаға шыға алмай қалды. Кейде қарды күреуге шамамыз келмей қалатын кездер болды.

Толығырақ

Ауыл кеші көңілді

Биылғы қыстың қытымырлығына қарамастан, Шиқылдақ ауылының клубында демалыс кештері жиі ұйымдастырылды. Көпшілік көңілінен шыққан бұл кештерге ауылымыздан демеушілер де табыла кетті. Мәселен, 26 қаңтарда өткен кеш шығынын ауыл тұрғындары Қанат Смақов пен Қазбек Мұрзабаев көтерді. Күндізгі шаруаларынан кейін ауыл жұрты викториналық ойындарға қатысып, ойын ойнап, би билеп, серпіліп қалды. Жалпы, Шиқылдақта мұндай көңілді кештер екі…

Толығырақ

Өлеңмен өрілген кеш

Қоянды ауылдық клубында мектеп оқушылары арасында «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» атты іс-шара өтті. Шара мақсаты — балалардың көркем сөз, мәнерлеп оқуға қабілетін арттырып, оқушылардың тіл байлығын арттыру.

Толығырақ

Өлеңтіде өткен жылдар

 

- Әй Бозғой, Балғабайға айтшы қапаланбасын. Құдайдың әлі де берер бір-екеуі бар шығар, — депті. Сол айтқаны айдай келіп, кейін мен және Зифа қарындасым туыппыз. Бертін Жәкең қожаның осы көріпкелдігін еске алып отырғанда әкем Балғабай: «Сонда жарықтықтың аузына молырақ түспеген екен», — деп күлдіретін.

Толығырақ

Ауыл спортына әлі де қолдау керек

Әр халықтың мықтылығы мен тектiлiгiн, мәдениетi мен мiнез-құлқын танытатын ұлттық ойындары болатыны белгiлi. Соның iшiнде жалпы ережесi қалыптасып, жарыс күнтiзбесiне енiп, бұқаралық сипат алғаны қаншама. Жалпы, қазақ ұлттық спортының бүгiнгi келбетi қандай? Осы мәселе төңірегінде №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Құмар Мәжитұлы Дүйсембаевтан сыр тартып, сұхбат алдық.

Толығырақ

Пошта кешікпесе екен…

Комсомол ауылдық клубында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бір күн бұрын көгілдір экраннан Елбасының құттықтауы мен Жолдауын тыңдаған халықтың көңіл-күйі бұл күні өте көтеріңкі болды. 2050 жылға бағытталған стратегиялық бағдарлама елдің әл-ауқатын көтеріп, мемлекетіміздің 30 мықты елдің қатарына кіруіне зор міндет жүктейді. Тәуелсіздік мерекесіне арналған жиынды құттықтау сөзбен ауыл әкімі А.Рахметуллин ашты. Тарих пәнінің…

Толығырақ