Айбар Касеналин

Жұрт білмейтін Ақбидайық

Қазақтың салқар даласында төбе де, төбешік те көп. Маңайындағы елдің көзі үйренгендіктен болар, елей бермейді. Бірақ әр төбенің ішіне бүккен сыры бар екені анық. Ондағы тұнған тарих көмбесін дала шарлап, бабалардың ізін қуған археологтар аршып алып, қалың жұртқа әйгілеп жатады. Құлакөл ауылы сыртындағы Ақбидайық шатқалы — көне дәуір ізі тасқа таңбаланған жер. Таяуда осы шатқалда «Жұмбақ жер» экспедициясы болып қайтты.

Толығырақ
DSC_0498

Мемлекеттік қолдау маңызды

Екібастұз өңірінде өркен жайып келе жатқан шаруашылықтардың бірі – «Анар» фермерлік шаруашылығы. Іскер азамат Серік Тельманұлы Сәдуақасов басшылық ететін қожалықта мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дамуда. Қарамағындағы жұмысшылар тұрмысына қолайлы жағдай туғызуды көздеген басшы С.Сәдуақасов шаруашылығында жаңа тұрғын үйлер тұрғызуды қолға алған. Алғашқы құрылыс нысанының іргетасы құйылып, қабырғасы қалана бастағанына көп уақыт бола қоймағанымен, құрылыс қарқынды. Кәсіпкер жылына бір баспанадан салып, жұмысшыларға арнап бес тұрғын үй тұрғызбақ.

Толығырақ
егін1-300×160

Бесқауғалық диқандар

Өңірдегі егін шаруашылығын сөз етер болсақ, ауызға алдымен бесқауғалық диқандар ілігеді. Әрине, бекер емес. Мұндағы «Болат» және «Тілек» шаруа қожалықтары сүйікті кәсібінен ешқашан қол үзген емес. Жер еміп өскен Темірәлі Чебентаев пен Рамазан Бейсембековті іздеген адам қазір  егіс басынан табады.

Толығырақ
DSC_0331

Мектеп келбеті

Біздің өңірдегі білім ошақтары келбеті уақыт тынысына сай. Оқу-тәрбие үдерісі сапасын арттыруға септігін тигізетін заманауи құрал-жабдықтар жеткілікті, мектептің ішкі-сыртқы көркі де көз тартады, еңбек етуге жағдай жасалған. Шиқылдақ ауылындағы Комсомол орта мектебінде де биыл көп өзгеріс бар. Ендігі сөз сол жайында. Қыс ішінде болған дауыл мектеп шатырын ұшырып әкеткенімен, арты қайырлы болды.

Толығырақ
DSC_0466

Құбыр тарту қарқынды

Биыл жаз өңірдегі алты елді мекенге ауыз су құбыры тартылатынынан жұрт құлағдар. Бозшакөл станциясы халқы енді Қаныш Сәтбаев атындағы канал суын ішетін болады.

Ауыз су құбыры торабының жалпы қашықтығы 11,292 километрді құрайды.

Толығырақ
орнамент

Ауыл клубтары неге суық?

Екібастұз өңірінде бүгінгі күнге дейін 18380 адамның мәртебесі анықталмаған. Қала әкімдігінің кезекті отырысында мұның себебін жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Үміт Айтбаева төмендегідей түсіндірді: кейбір адамдар жұмыс істейтін орнының атауын дұрыс көрсетпеген, қайсыбірі өзінің жұмыс істейтінін растайтын құжаттарды тапсырмай отыр. 

Толығырақ
орнамент

Туған ауылға – тарту

Жаңа мектеп құрылысына ауылдың үлкен-кішісі жанашырлықпен қарайтыны көрініп тұр. Ардагер ұстаз Қабдысәмет Зайырбаев, мектеп директоры Бауыржан Сәрсекеев және т.б. сол жерде жүр. Бұған таңдануға болмайды, Зеленая роща ауылы халқы әу бастан ынтымақ-бірлікке айрықша мән берген. Ал бірлігі мығым елге құт қонады. 

Толығырақ
DSC_0434

Ақкөлге ыстық Аманолла

Көрнекті мемлекет қайраткері Аманолла Рамазанов — өз заманының тұлғалы перзенті. Аманолла Ғабдолқайұлы Кеңес дәуірінде Қазақстанның экономикалық күш-қуатының артуына сүбелі үлес қосты, Шымкент және Семей облыстары обкомының бірінші хатшысы қызметін жемісті атқарып, Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңестерінің депутаты болды. Байтақ елімізге аты мәлім көшелі азаматтың есімі ақкөлдіктер үшін де ыстық. 

Толығырақ
DSC_0075

Көптен күткен қуаныш

Былтыр облыс әкімі болат бақауов қр парламенті мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің көшпелі отырысында 2020 жылға қарай павлодар облысындағы ауылдық елді мекендердің 40 пайыздан астам бөлігі орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілетінін тілге тиек еткен болатын. Себебі, облыста ауылдарды ауыз сумен қамту деңгейі небәрі 20,5 пайызды құрап, республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып тіркелген. 

Толығырақ