карасор

«Ауыл өнеркәсіппен өрістейді»

Өткен аптада «Отарқа» газетінің қызметкерлері Құдайкөл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп қайтты. Құдайкөл және Қарасор ауылдарында өткен кездесулерде газет пен оқырманның байланысы жайлы ой өрбіп, ауыл тұрғындарын толғандыратын жайттар тілге тиек етілді.

Толығырақ
шаруа

Несие алып, несібесін терді

Өңірімізде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несиелендіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Мал шаруашылығын дамытуды көздеген кәсіпкер Оля Малышева ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекет бағдарламасына жүгінген.

Толығырақ
орнамент

Мәукілдің төрт тірегі еді

Аспан түнеріп, жаңбыр сорғалап тұр. Күздің сүреңсіз күні. Бойымды көңілсіздік жайлап, иініме су кетіп келе жатыр едім, көше қапталына бір көлік тоқтай қалды.

- Жәке, үйіңізге жеткізіп салайын,- деп елп етті ақсары жігіт құрақ ұшып.

Толығырақ
кулаколь

Құлакөл кеші көңілді

Құлакөл клубы «отарқалықтарға» өзінің көз тартарлық келбетімен, қызметкерлерінің белсенділігімен етене таныс.2011 жылы ауылдар арасынан суырылып шығып, газетіміздің 20 жылдығын да атап өткен осы мәдениет мекемесі болатын.

Толығырақ
КЫЗГАРИН БОКЕН енбек ери

Ауылым – алтын бесігім

Шідерті ауылы 1929 жылы колхоз болып құрылған. Үлкендер оны алғашқы жылы  Ворошилов деген басқарды деседі. «Зеленая Роща» болып картаға енгені де сол жылдары екен. Кейін колхоз басқармасына Асайынов Сағынтай келген.

Толығырақ
DSC_3857

Ар-Рахман мешіті ашылды

19 қыркүйек күні Ақкөл ауылдық округінің Зеленая роща ауылына жан-жақтан құйылған халық бір-бірін осылайша құттықтап, көк күмбезді ақ мешіттің көркемдігін айтып, қуаныштарын бөлісті. Ел ішінде имандылық орныққалы әр ауыл Аллаға құлшылық ететін ғибадат үйін салуға кіріскені де құптарлық жайт.

Толығырақ
DSC_3799

Етті мал басы көбеюде

Осыдан оннан астам жыл бұрын Сарықамыс ауылына редакция тапсырмасымен барғаным есімде. Сонда газетке ауылдың тыныс-тіршілігінен бір беттік материал әзірлеп, «Сүтші Жұман» деген мақала жазғанмын. Кейіпкеріміз – Жұман атты кәсіпкер сонда сүтті сақтайтын құрал-жабдық сатып алып, тұрғындардан сүт жинайтын. Халық та қалаға сабылып әуре болмай, сауған сүтін Жұманға тапсырып, ақшасын алатын.

Толығырақ
DSC_3779

Ұқсата білген — ұтады

Сарықамыс ауылдық мектебінде оқушыларды сапалы ыстық тамақпен қамту көпке дейін шешілмеген болатын. Осы жағдайды ескерген ауыл әкімі Марат Сейсенбаев бұдан үш жыл бұрын кәсіпкер Әділет Әбішевке мектеп асханасын жалға алуға ұсыныс жасаған.

Толығырақ
ш3дерт3

Шідертінің өңіне шырай кірді

«Қыздың берген шідері түсіп қалып, Шідерті деп жер атын қоя сапты»…

Шідерті атауы сөз болғанда, ойға алдымен осылай деп келетін аңыз, хиссалар оралады. Алайда кентке кіре берістегі биік тұғырдың екі бетінде де Шідертінің «Шидерты» болып жазылуы тіліміздің ғана емес, тарихымыздың да берекесін қашырып тұрғандай әсер қалдырады…

Толығырақ