DSC_3459

Астық қамбаға құйылуда

Қыркүйек айының ашық күндерінде Бесқауға ауылындағы «Болат» және «Тілек» шаруа қожалықтарының диқандары астық жинау қамына кірісті. «Болат» шаруа қожалығының басшысы Темірәлді Чебентаев биыл 3000 гектар жерге бидай, 400 гектар жерге арпа, биыл серіктес болуды ұсынған кәсіпкермен  бірлесіп 20 гектар картоп салса, «Тілек» шаруа қожалығының басшысы Рамазан Бисенбаев 2000 гектар жерге бидай, 300 гектар жерге арпа екті.

Толығырақ
Нурпеисов

Ыбырай шебер

Қолы шебер адамның өзі өлсе де, артында жақсы аты, істеген заты қалады. Он саусағынан өнер тамған ағаш шебері Ыбырай Нұрпейісовтің өмір тарихына үңілсек, 1914 жылы дүниеге келген ол ел басына соғыс бұлты үйірілгенде 1942 жылы майданға алынады.

Толығырақ
Бескауга

Берекесі артқан Бесқауға

Өткен жұмада «Отарқа» газеті редакциясының ұжымы Бесқауға ауылының тұрғындарымен кездесіп қайтты. Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, оқырмандардың талап-тілектерін тыңдау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде баспасөзге жазылу мәселесі де сөз болды.

Толығырақ
казенов токен

Ұрпақтан күтер үміт көп

Сонау 1963 жылы «Ақкөл» кеңшарының №1 фермасына Ертіс ауданынан көшіп келіп қоныстанды. Әуелгі бетте бір табын қара мал бақты. Бір жолы шаруашылықтың бас зоотехнигі Қажым Есенғарин: «Төке, шопан жағы жетіспей тұр. Бір отар тоқты қабылдап алсаңыз қалай болады?» — деп қолқа салды.

Толығырақ
Мусин Кырыкбай

Мусиндер әулеті

Төрт жылға созылған соғыс елді күйзелтіп, шаруашылықты тұралатып кетті. Жан басы да, мал басы да азайды. «Ақкөл» кеңшарында жылқы тіптен аз қалыпты. 1947 жылы шаруашылыққа Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылынан 100 қыл құйрықты берілетін болады.

Толығырақ
Куркебай

Қайраты ерен Күркебай

Мектепте мұғалім болып қызмет істеп жүргенде екі жаз жас ер мұғалімдер №4 фермаға көмек қолын создық. Ауылдан жырақтағы Бақайда екпе шөп танаптары бар. Біздің міндет — «К-700» тракторы тіркемесіне тиелетін пішенді айырмен жайып тұру.

Толығырақ
Дуйсек

Өмір соқпағы өсірген

Әке бейнесі есінде еміс-еміс. Кеңшардың құрылыс учаскесінде мастер. Ала жаздай үй көрмейді. Кеңшар шаруашылығы үшін қажетті ағаш дайындауға кетеді. Сібірдің ит тұмсығы өтпейтін ну орманын шиырлап, Тюменьнен араланған дөңбектерді баржаға тиетіп Павлодарға жібереді.

Толығырақ
Тасыбай

Жылқышы Тасыбай

Әкем Жәлелден мұраға қалған дүниені аударыстырып отырғанда арасынан бес-алты парақ сарғайған қағаз шыға келді. Көк сиялы қаламмен жазылған екен, тіптен көмескіленбепті де, сол қалпы. Тек бастапқы беті жоқ. Қызығушылықпен оқып шығып едім, жылқышы Тасыбай қарттан алынған сұхбат екен. Соңында «Жәлел Сәдуақасов, Мұсабек Әділханов, 26 ақпан 1967 жыл» деген жазу тұр.

Толығырақ
Толегожин Махмет

Таяғы құтты қойшы

Ақкөл ауылында туып-өскеніммен, жүрегімнің түпкіріне ұялаған осы бір қасиетті мекеннің арғы-бергі тарихы түгілі, елі мен жерінің көгеруіне өлшеусіз үлес қосқан еңбекқор адамдарын да түгелдей білмейді екен.

Толығырақ
орнамент

Әке мен бала

«Ақкөл» кеңшарында бес бөлімше болғаны белгілі. Қадыр Отызбаев-әр жылдары №№2,3,4,5 бөлімшелерді басқарған айтулы азамат. Қарамағындағы жұмыскермен тіл табыса білген ол ферма шаруашылығын дөңгелетіп, іскерлігімен танылған.

Толығырақ