DSC_7001

Кәсіптен нәсіп тапқан

Байет ауылдық округінде біраз жылдан бері көкөніс шаруашылығымен айналысатын «Виктория» шаруа қожалығы бар. Көкөніс алқабына Қаныш Сәтбаев каналын бойлай жеттік. Ауыл орталығынан құнан шаптырым қашықтықта ірге тепкен шаруашылықтың тыныс-тіршілігі айтарлықтай көрінді. Қатар-қатар бой түзеген электр бағаналарына жағалай бекітілген бейнебақылау құрылғылары осы шаруа басшысының іске мұқият, тыңғылықтылығын аңғартқандай. Алайда «Викторияның» иесі Сергей Тян көзге түспеді. Білуімізше, ол көкөніс өсірудің жаңаша технологиясын меңгеру мақсатында жол жүріп кетіпті. Оның орнында осы шаруа қожалығының басқарушысы Вилиан Пак жүр екен.   

Толығырақ
Изображение 018п

Кеңшар іргесін қаласқандар

Бүгінгі күні астаналықтарға айналған  ерлі-зайыпты Сүйіндік аға мен Бибіжан апа — ұзақ жылдар бойы Екібастұз қаласында жемісті еңбек еткен адамдар. Өз басым бұл кісілерді ғана емес, қос қарияның әке-шешелерін де білуші едім. Сүйіндік ағаның әкесі Қожан қарт атан жілікті, бойы сырықтай алпамса адам еді. Ауылдың кәрі-жасы ол кісіні «Қасқыр ауыз Қожан» деп атайтын-ды. Оның мұндай лақап атты жамылуына мына бір оқиға себеп болғанын бала күнімде анам Дәметтен сан мәрте естіген едім.

Толығырақ
P1250374

Байетте қой қырылды

Ұйытқып соққан жел мен нөсердің салдарынан іргедегі Байет ауылдық округінде екі-үш отар ұсақ мал шығынға ұшырады. Тосын келген апат 5 шілде күні сағат 8 бен 11-дің арасында орын алған көрінеді. Дүлей дауылдан зардап шеккен тұрғындар редакцияға хабарласты. 

Толығырақ
Тортуй

Ынтымағы жарасқан ауыл

Екібастұз ауылдық округі — өңірдегі үлкен елді мекендердің бірі. Оның құрамына 8 ауыл, атап айтсақ, Төртүй, Тай, Жартас, Талдықамыс, Көксиыр, Ақши, Мыңтомар, Қаражар кіреді. Шиліқұдықты бір отбасы ғана қоныстанып отырғандықтан, ол ауыл санатына жатпайды.

Толығырақ

Несібесі артқан Шиқылдақ

«Отарқа» газеті оқырмандарының бір шоғыры ауылдық аймақтарда отырғандықтан елді мекендерге шығып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысу – журналистер үшін қалыпты жағдай. Біз бұл жолғы сапарымызды Екібастұз қаласынан 90 шақырымдай жерде орналасқан Шиқылдақ ауылынан бастадық.

Толығырақ
20150509_114438

Желбіре, Жеңіс жалауы!

Ауылымыздағы «Жайылма жазирасы» саябағы орнында Жеңіс жауынгерлеріне арналған ескерткіш-тақта орнатылды. Тақтаға тыл  еңбеккерлерінің де есімдері жазылды. Мәңгілік алау да осы жерден орын алды.

Осы күні майдангерлердің туған-туыстары мен ұрпақтары да ескерткіш-тақтаға тәу етіп, гүл шоқтарын қойды.

Толығырақ
орнамент

ХАБАРЛАНДЫРУ

Екібастұз қаласы әкімінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 13-ө өкімі негізінде Ақкөл ауылдық округіндегі Ақкөл ауылында (ауыл клубы) 2015 жылдың 6 маусымында сағат 15.00-де келесі мәселелерді талқылау бойынша жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу жоспарланып отыр:

Толығырақ
аксакал

Ауылына ардақты ақсақал

Сырт келбеті өзгелерге ұқсамайтын Ермағамбет Аманжолов қарияның ішкі болмысы да ерекше. Ол жас кезінен әр нәрседе ұқыптылық, жинақылық пен тәртіп болғанын ұнатады.

Шиқылдақ ауылының қазіргі келбетінде Ермағамбет ағаның да қолтаңбасы бар.

Толығырақ