11

Қоғам індеті

Өткен жұмада сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ең үздік плакат сайысы орталық кітапхананың оқырман залында өтті.

Қабырғаға әр мектеп оқушыларының өз қиялынан шыққан сыбайлас жемқорлықты нақты бейнелеген туындылары ілінді. Олардың ішінде қазылар алқасының іріктеуінен өткен 25 жұмыс марапатқа лайық деп танылды.

Толығырақ
орнамент

«Сәтті жол» жәрмеңкесі

Өткен аптада ЕКИнЕУ-де бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Шараның мақсаты – соңғы курста оқитын студенттердің оқу бітіргеннен кейін қандай жұмыстарға тартылатындығын білу. Сонымен қатар, олардың көрсетілген мамандықтарға қабілетін бағамдау.  Айта кету керек, екі жылдан бері  осындай шара ұйымдастырып, оқу бітірген студенттердің жұмыс табуына жәрдем етіп келе жатқан колледж басшылығы биыл екі мамандыққа ерекше мән беруде. 

Толығырақ
сайт сайт

Бүлдіршіндер жүлделі оралды

«Жас таланттарды қолдау» қоғамдық қоры жыл сайын республикалық «Әнші балапан» балалар шығармашылығы байқауын ұйымдастырады. Байқауға жер-жерден өнерлі балақайлар қатысып, бақтарын сынайды. Бүлдіршіндердің ақыл-ойы мен эстетикалық талғамын шыңдайтын бұл байқау биыл да өз мәресіне жетті. Алматы қаласында өткен сайыста қаламыздағы №15 «Бөбек» балабақшасының бүлдіршіндері жүлделі II орынды жеңіп алды.

Толығырақ
на сайт

Жәнібек жарады!

«Тазша бала» барша балаға ұнайды. Өйткені оның елден асқан тапқырлығы, қулығы оларға өзгеше әсер етеді. «Тазша балаға» ұқсаймын деп жүріп ішінде бұғып жатқан таланттары ашылып кететіндері де жоқ емес. Ол үшін олар өлең жазып, ән де айта алуы керек. Шынында ертегі, өтірік өлең әр баланың қиялын ұштап, жаттампаздығын дамытуға оң ықпал етеді.

Толығырақ
сайт

«Тақиялы періште» сахналанды

Әйгілі режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмі сюжетінің тартымдылығымен ел есінде мықтап орын алғаны шындық. Киноның негізгі мазмұны – ақ жаулықты ананың ауылдан қалаға келіп, Айша есімді қызды ұнататын баласына қалыңдық іздеу жорығына арналады.

Толығырақ
орнамент

Екі қолы екі түрлі

Қыстың көзі қырауда шұғыл шаруамен Семей қаласына жол тарттым. Пойызда ығы-жығы адам. Қасымдағы орында жайғасқандардың көбі ұйқыда екен. Тек менің қарсы жағымдағы төсекте орналасқан ақ жаулықты апа ғана ояу. Шағын столды шынтақтап терезеден сыртқа көз тастап, ой құшағында отырғаны оның жанарынан айқын аңғарылып тұрды. Алайда қою қараңғылықта ештеңе көрінер емес.

Толығырақ
орнамент

Ақ боз үйдегі сыбызғы үні

Балықты жайлауында Мұқатай отырған жұртта бір тылсым күштің барынан ондағы жұрт тегіс құлағдар. Ғажабы, сол семіз аттың сауырындай дөңгеленген төбеде орын тепкен үйден айғай салым жерден сыбызғының сыңсыған үні естіледі. Ал үй қасына келгенде дыбыс өздігінен жоғалып кетеді екен. Басқа жақтан естіліп тұрған шығар деген күдікпен кей адамдар бірнеше мәрте сынап та көріпті. Қалай сынаса да — осы бір қалыпты өзгерте алмаған малшылар оның сырын әлі күнге біле алмай келеді.

Толығырақ
DSC_1422

Алғашқы фотосуреттер авторы

Таяуда «Замандас» ардагерлер клубында фотограф Леонид Кудринді еске алу шарасы өтті. Марқұм Л.Кудрин көп жылдар бойы «Екібастұзэнергоқұрылыс» тресінің «Ленинская искра» газетінде фототілші болып еңбек еткен. Екібастұздың 1,2-ші МАЭС-терінің алғашқы кірпіштерінің қалану сәттері, энергетика алыптарының қызу құрылысының естелік суреттері бүгінгі күнге осы фотосуретшінің арқасында жеткен.

Толығырақ
по

«Мәңгілік ел» пойызы — Екібастұзда

Астанадан шыққан «Мәңгілік ел» пойызы өткен аптада Екібастұзда аялдады. Теміржол вокзалында қонақтарды жергілікті атқарушы билік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қарсы алды. Айта кетерлігі, бұл сапар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.

Толығырақ