2013-10-12 16.00.14

«Қосалқаны» үйрендім

Мен қаладағы №26 мектептің 5-сыныбында оқимын. Биылдан бастап музыка мектебіне оқуға келдім. Домбыра класында оқимын. Әзірге Майраның әні «Майра», халық күйі «Қосалқаны» шертіп үйреніп жүрмін.  Домбыраны маған атам мен әжем сыйлады. Маған домбыра шерткен керемет ұнайды. Біздің сыныптағы Медғат пен Назым да музыка мектебінде оқиды. Білуімше, «Қосалқа» қыз балаға арнап шығарылған күй. Ерте заманда қыз…

Толығырақ

Қорқақ көжек

Баяғыда бір қорқақ көжек болыпты. Ол өзінің сүйікті әжесінің үйінде тұрыпты. Өкінішке орай әжесі де сужүрек екен.

«Абай бол, кішкентайым», деді ол.

«Бірдеңеге ұрынып қалма».

Қорқақ көжек иттен қорықты. «Иттер тістеп алады, сақ бол», деді әжесі.

Толығырақ

Жаңбыр

Жаңбыр жауды себелеп,

Ауа қандай керемет!

Күн нұрына шомылып

Көбелек жүрді ебелеп.

Зарина Манапова

Ана

Қадірлі анам, жан анам,

Сені көрсем қуанам.

Маған бақыт сыйлаған

Ардақтысың сен маған.

 

Мектебім менің мектебім

Мектебім, менің мектебім,

Өзіңде оқып көктеймін.

Мектебім, менің мектебім

Алғысым саған көп менің.

Өзіңсің менің ақылшым

Өзіңсің менің қамқоршым

Мектебім, менің мектебім.

Келе жаттым қуанып,

Шаттанып мен мектептен.

Бүрісіп жатқан мысықты

Көзім шалды кенеттен.

Жаным ашып мысықты,

Алып шықтым теректен.

Қолыма алдым таңырқап

Неткен ғажап бұл дедім!

Қуанышым сыймай қойныма

Мысықты ала жөнелдім.

Бүрісіп тоңған мысықты

Үйіме алып мен келдім.

Диаз Бексұлтанов

Күз

Күздің суығы келеді,

Желмен қаңбақ желеді.

Жаңбырлы күн далада

Күздің сызын береді.

Мәдина Ізбасарова

Атам менің — ақылгөй

«Қариясы бар үйдің — дариясы бар» деп қазақ бекер айтпаған. Мен өзімді бақытты баламын деп есептеймін. Себебі менің үлгі тұтар адамым — атам бар. Ол кісінің әрбір айтқан сөзі ақылдың кені ғой. Атамның өмір жолына қысқаша тоқталып өтсем, атам баспаханада әріп теруші болып газет-журналдардың шығуына атсалысты.Одан кейін шахтада жұмыс істеп, тер төкті. Жедел жәрдем көлігінің…

Толығырақ

Сүйемін сені, Отаным!

Қазақстан  Республикасы  Еуразия деп аталатын құрлықта орналасқан. Жеріміздің табиғаты алуан түрлі. Байтақ жерінде тау да, тас та, төбелер  мен жазықтар да, орман да бар. Таулардың шатқалдарында алма, алуан жеміс-жидектер, жаңғақ бұталары өседі. Қазақстанға бес Франция сыяды. Қазақ даласы Алтай тауларынан Ақжайықтың жасыл жағалауына Қаратау жоталарынан Қызылжар ормандарына дейін созылады. Біздің жеріміздің қойнауы алтын мен күміске,…

Толығырақ

Менің мектебім

Біз №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысымыз. Мен осы мектепке келгенде көп достар таптым. Олардың аттары: Дильназ Иренғайыпова, Дильназ Темишева, Балнұр, Асылжан, Махаббат, Аяулым, Мереке. Құрбыларым өте мейірімді қыздар. Сыныбымызға жаңадан Дариға деген қыз келді. Ол да бізбен тез тіл табысты. Сыныбымызда оқушылар бір-бірімен тату, бір-біріне көмектеседі. Маған мектеп мұғалімдерінің барлығы…

Толығырақ

Төлеңгіттер

Төлеңгіттер үлкен 3 халықтан: қазақтан, қалмақтан және қырғыздан  құралған ру. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  деп аталған қазақ пен қалмақ арасындағы қырғын соғыстан бұрынырақ пайда болған. Ақындардың Төлеңгіт туралы толғауларында үш арыс: Мамадайыр, Құсшы, Қалмақ деген жолдары жиі кездеседі. Мұндағы Мамадайыр-қазақ, Құсшысы-қырғыз, Қалмағы-жоңғар. Төлеңгіт руының ішінде бұл негізгі үшеуінен басқа бірнеше рулар бар. Мәселен, Найманнан қосылған ру бүгінге дейін «Найман-Төлеңгіт» аталады. Ұлы жүз Ошақты руынан  қосылған ру қазірде де «Ошақты». Оңтүстіктен  келіп қосылған  рудың аты «Оңажыт» , ал сабанның арасынан тауып алған баладан тараған рудың аты  «Сабаншы»  аталады.  Сондықтан да жұрт оны  «Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиналған сиырдың бүйрегіндей 40 рудан құралған Төлеңгіт»,-деп айтады. Жаназар – Қалмақ руынан шыққан  батыр, Өмірзақ – Мамадайыр  руынан шыққан, ақыл иесі, ел басқарушысы. Екеуі бірігіп осы айтып отырған Төлеңгіт руын құрған.

Толығырақ