Төлеңгіттер

Төлеңгіттер үлкен 3 халықтан: қазақтан, қалмақтан және қырғыздан  құралған ру. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»  деп аталған қазақ пен қалмақ арасындағы қырғын соғыстан бұрынырақ пайда болған. Ақындардың Төлеңгіт туралы толғауларында үш арыс: Мамадайыр, Құсшы, Қалмақ деген жолдары жиі кездеседі. Мұндағы Мамадайыр-қазақ, Құсшысы-қырғыз, Қалмағы-жоңғар. Төлеңгіт руының ішінде бұл негізгі үшеуінен басқа бірнеше рулар бар. Мәселен, Найманнан қосылған ру бүгінге дейін «Найман-Төлеңгіт» аталады. Ұлы жүз Ошақты руынан  қосылған ру қазірде де «Ошақты». Оңтүстіктен  келіп қосылған  рудың аты «Оңажыт» , ал сабанның арасынан тауып алған баладан тараған рудың аты  «Сабаншы»  аталады.  Сондықтан да жұрт оны  «Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиналған сиырдың бүйрегіндей 40 рудан құралған Төлеңгіт»,-деп айтады. Жаназар – Қалмақ руынан шыққан  батыр, Өмірзақ – Мамадайыр  руынан шыққан, ақыл иесі, ел басқарушысы. Екеуі бірігіп осы айтып отырған Төлеңгіт руын құрған.

Толығырақ

Менің анам

Менің анам — асыл жан,

Менің анам ақылды.

Қинала қалсам әрқашан

Табылады қасымнан.

Әке

Әкемді мен сыйлаймын,

Әкемді мен тыңдаймын,

Әкем — үйдің тірегі

Балаға кең жүрегі.

Сая Қасым, №26 гимназия-мектебінің 2 «в» сынып оқушысы

Өнерлі отбасы атандық

Мен Абай Құнанбаев атындағы №2 қазақ мектебінде 1-сыныпта оқимын. Жақында біздің отбасы «Қайнар» ББК-де өткен «Отбасы әнұраны» қалалық байқауына қатысты. Мен ұшақ, үй, экскаватор құрастырдым. Әжем Райхан кілем тоқыды. Қазылар біздің жұмысымызға жоғары баға берді. Бізді өнерлі отбасы деп таныды. Мақтау қағазын алдық. Біздің жеңісімізге ұстазым Гүлбақыт Сансызбайқызы қатты қуанды. «Қайнарда» байқауға қатысқан басқа да…

Толығырақ

Біздің мақтанышымыз

13 мамыр күні Алматы қаласында 6–сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқудан «Жанды классика»  халықаралық байқауы өтті. Мұнда  әлемдік және орыс классикалық әдебиетіндегі шығармалардан үзінділерді мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылды.

Толығырақ

Электронды поштасына қарап таны

Электронды поштаның адам өмірінде алатын орны ерекше. Күнделікті жұмысқа келіп, электронды поштасын тексермейтін жан қалмаған шығар. Ал психологтардың айтуынша, басқалар сіздің электронды пошта адресіңізге қарап, мінезіңіз туралы қорытынды жасай алады.

Толығырақ

Мен тұратын үй

Мен бес қабатты үйдің бірінші қабатында тұрамын. Әрқайсымыз үшін өз үйіміз — шексіз әлемнің бір бөлшегі, сыртқы ортадан қорғайтын қамал, жеке кеңістік. Біздің үйіміз жылы, жарық әрі өте таза. Көршілеріміз — жақсы адамдар. Менің сыныбымда оқитын Айбек есімді бала төртінші қабатта тұрады. Ал көрші құрбыларымның есімдері — Полина, Лиза, Әнел. Олар орыс мектебінде оқиды. Біздің…

Толығырақ

«Зерде» мектебі оқушыларының шығармашылық жұмыстары

Қыраулы қыс талайды Ақ көрпеге орайды…   Көрші бала Төлеген Жоғарыда тұрады….   Білімді бәрін жеңеді, Болашаққа сенеді….   Күзде кеткен қоштасып, Құстар келді сағына…   Бақыты оянған елдердің Әрбір ісі оң болар …   Ата-анамның борышын Ақтау — менің парызым…   Жүректе қайрат болмаса, Ұйықтаған ойды кім түртер?   Қыраулы қыс талайды Ақ көрпеге…

Толығырақ

Біз бақытты баламыз

Біз бақытты баламыз,

Бақыт шамын жағамыз.

Білім алып ізденіп,

Еңбек жолын табамыз.

 

Нұрсұлтандай бабамыз -

Ақылы асқан данамыз.

Көк туды көкке көтеріп,

Болашаққа барамыз.

Тәуелсіз елдің баласы,

Кең байтақ үлкен даласы.

Әлемге аты танылған

Астанадай қаласы.

Жолаушыбай Қанат, Байет ЖОББМ,  5-сынып

Ұлан

Мен-дағы бір ұланмын,

Талай жарды жығармын.

Асулардан асармын,

Талай жасты жасармын.

Бұл арманға сенемін,

Жат әдетті жеңемін.

Ата-анадан тәлім ап,

Жүрек сөзіне көнемін.

Жас балалар сенетін,

Көңіліне түйетін,

Бізді жаратқан бір Алла,

Өзіңе  құлшылық етемін!

Аманкелді Даниял, «Зерде» мектебінің 5-“А” сынып оқушысы

Тіл

Тіліміз — ұлттың байлығы,

Сақтайды оны ұрпақтар.

Тілдің де керек саулығы,

Барша жұрт оны ұлықтар.

Ана тілімді сүйемін,

Қасиетіңе бас иемін.

Құрмет тұтайық бәріміз

Қадірін ұғып киенің.

Қадыр Олжас, №11 ЖОБМ 2-“А” сынып