Көктем келді

Көктем келді, алақай,

Жылынды күн, балақай!

Ән салады құстар да,

Балалар ойнайды далада.

Тіршілік көзі ашылды,

Күннің нұры шашылды.

Бәйшешек атып даламыз,

Гүлденді біздің қаламыз.

Омар  Әділет №26 гимназия-мектебінің 2-сынып оқушысы

Кездесу

Бүгін күн ерекше жылы. Жай-машуақ. Көпқабатты үйлердің бірінде тұратын Әбіш жүгіре басып далаға шықты. Есік алдына шыққаны сол еді… Кілт тұрып қалды. Үй алдындағы сәкіде киімі алабөтен бір қарт отыр. Өзі күнде көріп жүрген көрші аталарына ұқсамайды. Басында аппақ, ұзын шалмасы бар. Үстіндегі ұзын шапаны шымқай көк түсті. Оның алтындай жарқыраған жұлдыздары күн сәулесімен ойнап, көз шағылыстырады. Қолында асатаяғы да бар. Қарттың өңі жылы, сақалы ұзын әрі қардай аппақ. «Мүмкін бұл сиқыршы ата шығар?» деген балаң ой да жылт ете түсті. Өзіне тесіле қараған жанарды сезді ме, қарт бұған күлімсірей бұрылды.

Толығырақ

Денсаулыққа зиянды сыйлық

Әбіштің жасы 5-тен асты. Жақында ол тіс дәрігерінің табалдырығын тұңғыш рет аттады. Бір рет аттап қана қойса жақсы ғой. Бір тісін емдету үшін төрт мәрте барды. Қиналғаны айтпаса да түсінікті. Кәмпитті көп жегеннің соңы неге апарып соқтыратыны санасына жеткендей болды.

Толығырақ