орнамент

Халық қалаулысы түсінік берді

Қазақстанның бірнеше аймағына үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін аукцион арқылы сату және шетел-діктерге жалға беру мерзімін ұзарту мәселесін түсіндіру үшін жұмыс тобы шықты. Осы мақсатта Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен жүздесіп, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге түсінік берді. Сонымен бірге, «Мәңгілік ел» жобасы туралы әңгімелеп берді.

Толығырақ

Жастар майдангерлерге қолғабыс жасады

Жастар бастамаларын дамыту орталығының волонтерлері  9 мамыр қарсаңында ардагерлерге көмек көрсету жұмысын қолға алды. Волонтерлер Ұлы Отан соғы-сының ардагері Александр Щетчиковтың үйіне жәрдем беруге  келді. «Жас келсе – іске» деген. Қыздар қарияның үйін жинастырып, есік-терезелерін жуды. Ал ұлдар бақшаны ретке келтіріп, картоп екті. Қарияның сексеннен асқан жұбайы жастарға алғысын айтты. Күн жылынған соң волонтерлер қарияның…

Толығырақ
IMG_8044.jpgветеран

«Соғыстан қайтқан солдаттар»

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында қала әкімі Қайрат Нүкенов Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, мейраммен құттықтады. Ең алдымен 92 жастағы Октябрина Илларионовнаның табалдырығын аттаған Қайрат Нүкенов кейуананың 100-ге келуін тіледі.

Толығырақ
P1250982.jpgкайнар

Қарулы Күштерге құрмет

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері 1992 жылы 7 мамырда құрылды. Содан бері бұл дата жыл сайын аталып өтеді. Осы орайда Отан қорғаушылар көшебағында  7 мамырға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Алаңға Мемлекеттік Ту енгізіліп, Әнұран шырқалды.

Толығырақ
орнамент

Еліміз тыныш болсын деп…

«Атамұра» ұлттық орталығында №14 өртке қарсы бөлім қызметінің Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 71 жыл толуына арналған салтанатты жиыны өтті. Жиынға тыл және еңбек ардагерлері, таулы Карабахта бітімгерлік миссиясын орындаған азаматтық қорғаныс органдарының зейнеткерлері, дін өкілдері мен этномәдени орталық өкілдері қатысты.

Толығырақ
орнамент

«Біз сіздерге қарыздармыз!»

«Қайнар» балалардың бос уақытын қамту кешенінің концерт залында №26 гимназия-мектебінің мұғалімі, мәдениет саласының үздігі Ләззат Шушаеваның ұйымдастыруымен шығармашылық кеш өткізілді. Өнерде жүргеніне 30 жыл болған әнші есеп беру концертін «Біз сіздерге қарыздармыз» деп атап, 9 мамыр мерекесіне арнады.

Толығырақ
DSC_1921.jpg9мая2

Отан қорғағандар – «Мәңгілік полк» сапында

9 мамыр – еліміз үшін айрықша мереке. 1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жыл өткен сайын жаңғырып, ерлік дастаны келер ұрпақтың бойына үлгі-өнегесін сіңіре бермек. Биыл Жеңіске 71 жыл толды. Мерекеге арналған шара даңқ обелискінің қасында өткізілді.

Толығырақ
DSC_9224

Жеңіс туын жеткізді

Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған жиырма сегіз гвардияшы панфиловшылар туралы бәріміз білеміз. Қазақстандық жауынгерлердің бұл батырлығы Одақ көлемінде үлкен ерлік дастанына айналған еді. 1941 жылы 15 қарашада Германия әскері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші негізгі шешуші шабуылды бастаған еді. Батыс майданда ауыр ұрыс басталды.

Толығырақ
орнамент

Баға – қанағаттанарлық!

Төтенше жағдайлар департаментінің ұйғаруымен Екібастұз өңірінде кешенді жаттығу өткізіліп, азаматтық қорғаныс құрылымдарының дайындықтарына баға берілді. Қала әкімдігінде арнайы отырыс өткізіліп, оқу-жаттығу штабтары кешенді оқу жаттығу жөнінде нақты тапсырмалар алды.

Толығырақ