IMG-20160305-WA0032

Өрт сөндіру бөліміндегі экскурсия

2016 жылы Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні «Халықты, мүлікті және қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына арналды. Осы орайда қала мектептерінде азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық өткізіліп, сынып сағаттары жүргізілуде. Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан халықтың төтенше жағдай кезінде іс-қимылға әзірлігін арттыру үшін оқу-жаттығулар, конференциялар, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда.

Толығырақ
акимат

Нәзік жандарды құттықтады

4 наурыз күні қалалық әкімдікте еңбегімен ерекшеленген қыз-келіншектерді марапаттау шарасы болды. Осы мақсатта жиналған аяулы жандарға қала әкімінің міндетін атқарушы М.Үсенов құттықтау сөзін арнады. Құттықтаудан соң ол Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық өміріне өз үлесін қосқан азаматшаларға қала әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хатын табыстады.

Толығырақ
орнамент

Мектептің тәртіп сақшысы

Әдетте әр түрлі мамандық иелері арасында түрлі сайыстар ұйымдастырылып, үздіктерді анықтап жататынына көзіміз үйренген. «Таңдаулы дәрігер», «Жыл ұстазы», «Өз ісінің шебері» сияқты аталымдарда өз саласына ерен еңбек сіңірген таңдаулылар мадақталып жүр. Десе де, ешкімнен ешқандай мақтау күтпейтін, еңбегі елеусіз қалып жүрген мамандық иелері жетерлік. Олар өз бағасын қарапайым жұрттан алған.

Толығырақ
бил

Гимназия — үздіктер қатарында

Жайдары жазбен қоштасқан балаларды алтын орда мектебі құшағын айқара ашып қарсы алды. Қыркүйектің алғашқы күні ақ бантик таққан гүл-қыздар №25 қазақ қыздар гимназиясының ауласына ағылды. Сәлден соң білім күніне арналған шара басталып та кетті.

Толығырақ

О, менің қоңыр түлігім!

Жыл келді, тағы жыл аунап, Думанға шомды бұл аумақ. Қой жылын күтіп тұр, әне, Қаңтардың қары қылаулап.   Ол мынау дархан даламның, Символы бейбіт заманның. Жырына арқау жыршының, Ойына орам данамның.   Жылқының жылжып жылы өтті, Жырлатып жылы жүректі. Маңдайға біткен қанша адам, Жылқыға мініп «дүр» етті.   Ісімізді Алла құп көріп, Еліме берсін күш,…

Толығырақ
DSC_7441

Бас шырша шамын жақты

Жаңа жыл жақындап қалды. Жер-жерде салтанатты түрде бас шыршаның шамын жағу жалғасып жатыр. Біздің қаламызда да дәстүрлі шырша мерекесі қаланың қақ ортасындағы «Қазақстан» кинотеатры алаңында аталып өтті.

Толығырақ
DSC_7238

Балаларды шаттыққа бөлеп

«Өнер» мәдениет орталығында жылдағыдай Екібастұз қаласы әкімінің дарынды балаларға арналған шыршасы болды. Бұл күні оқу үздіктері, түрлі байқаулардың жүлдегерлері, спорт пен өнерде ерекшеленген балалардың бәрі шырша жанынан табылды.

Толығырақ
сурет-1

Суретшілер ұстаханасы

Биыл қаламыздағы балалар көркемсурет мектебінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай көркемсурет мектебінде салтанатты кеш ұйымдастырылды. Балалар көркемсурет мектебінің іргесі алғаш 1984 жылы қаланған болатын. Тұңғыш директоры қаламызға белгілі суретші, білім беру ісінің құрметті қызметкері Сергей Пантелеев. Бүгінде сурет мектебін Ғинаят Сыздықов басқарады. Отыз жыл ішінде мектеп түрлі қиындықтарды артқа тастады, қазір шығармашылық даму жолында.

Толығырақ
орнамент

Айнадағы сұлба

Бала кезімде қатты науқастанатын кезде үнемі бір түсті көретінмін. Бір қызығы әлгінің не өң, не түс екеніне айыра алмай қалатынмын. Сол түстен өзім қатты қорқамын. Құдды бір өңімде болып жатқан нәрсе секілді. Соны көремін де, есімнен танамын, есімді жиғанда анам ыстығымды өлшеп қасымда отырады.

Толығырақ