орнамент

Баға – қанағаттанарлық!

Төтенше жағдайлар департаментінің ұйғаруымен Екібастұз өңірінде кешенді жаттығу өткізіліп, азаматтық қорғаныс құрылымдарының дайындықтарына баға берілді. Қала әкімдігінде арнайы отырыс өткізіліп, оқу-жаттығу штабтары кешенді оқу жаттығу жөнінде нақты тапсырмалар алды.

Толығырақ
орнамент

Көліктер иесіне қайтарылады

Екібастұз қалалық ішкі істер басқармасындағы брифингте айып тұрағындағы көліктерді иесіне тегін қайтару тәртібі туралы айтылды. Егер авто не мотокөлік пайдалануға жарамсыз күйде болса, көлік иелері көліктерін әкете алады. Ол үшін меншік иесі әкімшілік полиция бөлімшесіне өтініш жазып, көлікті есептен шығару үшін өкілетті орган шешіміне жүгінеді. Көлікті есептен шығарған уақыттан бастап салық төленбейді. Аталған шара үстіміздегі…

Толығырақ
4

Достығы жарасқан Екібастұз

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында қаламызда «Достығымыз жарасқан, бақытты ел — Қазақстан» атты этникалық мәдениет фестивалі өткізілді. Қала кәсіпорындары мен этномәдени бірлестіктер бірігіп өткізген кеш Достық үйінде болды.

Толығырақ
1

Өмір өрнегі

Қалалық тарихи-өлкетану мұражайында қыл-қалам шебері Сергей Павлович Пантелеевтің 79 жасқа келу құрметіне арналған «Өткен жылдар – байлығым» атты сурет көрмесі ашылды. Көрмеге шығармашылықтағы әріптестері, сурет мектебінің оқушылары келді.

Сергей Павлович 35 жылдан бері ұстаздық қызмет атқарған. Сурет мектебінің негізін салып, талантты өрендерді қанат қақтырған. Сонымен бірге, қаладағы көптеген ескерткіштің авторы.

Толығырақ
1

Сәнқойлар сайысы

«Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде қаланың мектеп оқушылары арасында сән үлгілерін көрсетуден сайыс өткізілді. Аталған сайысқа қаламыздағы бірқатар мектептің оқушылары қатысты. Ерекшелігі сол, балалар киімді тек маталардан ғана емес, қағаз, пластик, целлофан пакеттер, тағы басқа материалдардан дайындаған екен. Оқушылар сайысқа тыңғылықты әзірленіпті. «Назарларыңызға жазғы сән үлгілерін ұсынамыз. Аралас техникамен жасалған мына бір…

Толығырақ
1

Екібастұздықтар биіктен көрінді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан тарихы пәнінен 5-10 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» ХІ республикалық қашықтық олимпиадасы өтті. Оның ІІ кезеңіне еліміздің әр жерінен 148 оқушы өтіп, республикалық олимпиадаға жолдама алған еді.

Толығырақ
орнамент

Әр адам арын бақса…

Қалалық әкімдікте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп – қоғам және мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді. Оған «Нұр Отан» партиясы ЕҚФ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, діни және этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, қала әкімінің аппараты, мәслихатының аппараты қатыстырылды.

Толығырақ
орнамент

АРДАГЕРЛЕРГЕ КОНЦЕРТ ҚОЙДЫ

«Дегдар» гуманитарлық қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаеваның бастамасымен 2011 жылдан бастап елімізде «Времен связующая нить» деп аталатын қайырымдылық жобасы ұйымдастырылып жүр.

«KazRosGas», «AsiaGasPipelineLLP» демеушілік көрсетіп отырған жобаның мақсаты – Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету. Құрылған күннен бастап бүгінге дейін Қазақстанның 30 қаласын аралап, әртістер 50-ден аса тегін концерт берді. Жуырда осы жоба аясындағы шара қаламыздағы балалар музыка мектебінде болды.

Толығырақ
орнамент

Әр адам арын бақса…

Қалалық әкімдікте «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп – қоғам және мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында диалогтық алаң өткізілді. Оған «Нұр Отан» партиясы ЕҚФ өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, діни және этно-мәдени бірлестіктер өкілдері, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, қала әкімінің аппараты, мәслихатының аппараты қатыстырылды. Отырысты қала әкімінің орынбасары Мәриям Адасбаева ашып, сыбайлас жемқорлыққа…

Толығырақ
орнамент

Лицей мәртебесіне ие

Қаламызда жаңа мектеп ашылғалы жатқанынан көпшілік хабардар. Білім бөлімінің мәлімдемесіне сүйенсек, №36 мектепке лицей мәртебесі берілді. 1200 оқушыға арналған лицей-мектебінде сабақ мемлекеттік тілде оқытылады.

Толығырақ