орнамент

Лицей мәртебесіне ие

Қаламызда жаңа мектеп ашылғалы жатқанынан көпшілік хабардар. Білім бөлімінің мәлімдемесіне сүйенсек, №36 мектепке лицей мәртебесі берілді. 1200 оқушыға арналған лицей-мектебінде сабақ мемлекеттік тілде оқытылады.

Толығырақ
орнамент

Бала қиялындағы дін мен дәстүр

Балалар сурет мектебінде 5-16 жастағы балалар арасында жарияланған байқау нәтижесі қорытындыланды. «Дәстүр және дін» тақырыбына арналған шығармашылық байқауға «Үміт» балалар үйінің, «Әлем» балалар оңалту орталығының, №19 түзету мектебінің оқушылары, шығармашылық клубтың балалары қатыстырылды. Олардың шығармашылық жұмыстарына сурет мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ю.Качурина қазылық етті.

Толығырақ
22

Тәуелсіздік құрметіне арнады

Қазақстанның әр қаласында жастар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап флешмоб өткізіп жүр. Бұған екібастұздық студенттер де үн қосты. Атаулы датаға 250 күн қалғанда қаланың жоғары және орта арнайы оқу орындарының  студенттері «Өнер» қалалық мәдениет үйінің алдына жиналды.

Толығырақ
IMG_6687

Медицина майталманы

Ұлы ойшыл Сократ: «Әлемдегі барлық мамандықтар — адамдардан, тек судья, педагог, дәрігер — үшеуі ғана құдайдан» деген екен. Себебі бұл үш мамандық та аса жоғары жауапкершілікті талап етеді. Осындай жауапкершілікті сезініп, табанды көшбасшы бола білген медицина майталманы Гүлнәр Нығметжановаға арналған кеш «Ұмытылмас 20 жыл» деп аталды.

Толығырақ
uuu

Бүлдіршіндер биіктен көрініп жүр

«Тұмар» аспапты-вокалдық ансамблінің құрылғанына биыл үшінші жыл. Осы аралықта жетекші Гүлбаршын Сәбитова ансамбль құрамындағы бүлдіршіндерге шертер, шаңқобыз, сазсырнай сияқты қазақтың ұлттық аспаптарының қыр-сырын үйретіп, түрлі байқауларға қатыстырып келеді. Жуырда болған кезекті байқаудан ансамбль мүшелері тағы да жеңіспен оралды.

Толығырақ
vv

Сенімді әріптес, адал жар

Өмірінде жұптары жазылмай, еңбекте де иық тіресе қатар жүретін жандар болады. Мұндай жұптар полиция ұжымында да аз емес. Бүгінде онда 12 ерлі-зайыпты  жұп қызмет істейді. Букаев, Мәженов, Сексембаев, Мәдиев, Төлеубаев, Верещак, Сабыров, Мыңжасаров — Әбікеев, Мұқамбек, Еңсебаев, Жәмшитов, Ауғалиевтер отбасы қызметтерін абыроймен орындап жүр. Солардың ішінде бүгін Ауғалиевтер отбасы туралы айтпақпыз.

Толығырақ
сайт

Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

Қытайдың Путянь қаласында спорттық акробатикадан өткен әлем чемпионатында екібастұздық акробаттар екінші орынды жеңіп алды. Қаламыздың ғана емес, еліміздің намысын әлемдік аренада қорғап жүрген ерлер төрттігін құрайтын Әкежан Әнуаров, Дмитрий Безрук, Павел Варламов, Бауыржан Дүйсенов бұл жолы да көк туды көкке әуелетті.

Толығырақ
орнамент

Құжатты бұрмалағандар жауап бере ме?

«Нұр Отан» партиясының филиалында қала прокуроры Ерлан Сәдуов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Шағымданушылар бұған дейін де бірнеше табалдырықты тоздырған екен.

Қонаев көшесінде тұратын зейнеткердің айтуынша, көрші жер телімін жүк көліктерінің тұрағына айналдырғандармен «айқасқанына» көп болыпты. Қоғамдық жорынды жекеге аударып, айналасындағылардың мазаларын алған «қауіпті қоңсының» үстінен ТЖ басқармасына, жер бөліміне, қала әкімдігіне, т.б. жауапты орындарға шағым түсіргенімен, әзірге нақты жауап ала алмай отырғанға ұқсайды.

Толығырақ
орнамент

Сенбілікке дайындық

Қалалық әкімдікте болған отырыста тазалық айында өткізілетін іс-шаралар пысықталды. Сенбілікте қала кәсіпорындары, ПИК-тер өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізетін болады. Қала әкімі А.Вербняк аймақты тәртіпке келтіру үшін барлық күшті жұмылдыруға тапсырма берді.

- 23 сәуір күні жаппай қалалық сенбілікке шығамыз. Әдеттегідей мемлекеттік қызметшілер, ПИК және ҮИК жұмыскерлері, кәсіпкерлер, медицина мамандары, мұғалімдер, оқушылар мен студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, — бәріміз бір кісідей атсалысайық,-деді қала басшысы.

Толығырақ
орнамент

Өз құқыңызды білесіз бе?

Бүгінде тұтынушылардың көбі өздеріне қажетті затты супермаркеттен алғанды ыңғайлы көреді. Себебі онда сатушыдан әр заттың салмағын, қайда өндірілгенін, сұрыбын, тағы сол сияқтыларды сұрап тұрудың қажеті жоқ. Әр адам өзі таңдаған затты қолымен ұстап, көзімен көріп алады. Бірақ ондағы заттардың сапасы қаншалықты көңіліңізден шығады? Ол жерде қалай қызмет көрсетеді? Осы және басқа да мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға жауап іздегендер тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасына жиналды.

Толығырақ