1

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Ғасыр апаты аталған Чернобыль оқиғасына биыл 32 жыл толды. «Шахтер» саябағындағы Чернобыль атом электр станциясы апаты салдарын жоюшыларға арналған монумент жанында митинг өткізілді.

Бір минуттық үнсіздіктен соң жас ақын Ахмат Каримов «Черная быль» өлеңін оқыды. «Нұр Отан» партиясы ЕҚФ төрағасының бірінші орынбасары Нияз Макраев техногендік апаттың салдарын жоюшылар-дың ерліктері туралы айтты.

Толығырақ
1

«Адасқандар» – Екібастұзда

Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры Екібастұз қаласындағы көрермендерімен қауышты. Бұл жолы әртістер «Өнер» қалалық мәдениет орталығында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, драматург Кеңес Жұмабековтің «Адасқандар» қойылымын сахналады.

Толығырақ
орнамент

ҚОРҒА ҚАРЖЫ ҚҰЙЫЛДЫ

Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Жақсылық жасауға асық!» қайырымдылық марафоны «Қайнар» ББК-де өтті. Ең алдымен ХVІ қалалық «Сәулетай» байқауының жеңімпаз бүлдіршіндері марапатталды.

Бұл күні №1 «Ромашка» балабақшасы бас жүлдеге ие болды. 1-орынды №№9, 26 балабақшалар өзара бөлісті. №№5, 24 балабақшалар 2-орын алды. №№15, 18, 20 балабақшалар 3-орынға шықты. Қала басшысы Қайрат Нүкенов, қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков пен білім бөлімінің басшысы Жанат Ибраев жүлдегерлерге грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті. 

Толығырақ
орнамент

ЕСКІ ҒИМАРАТ ҚОРШАЛСА…

Баянауыл сайлау округінің тұрғындары №17 мектепте қалалық мәслихат депутаты Мирхат Мұсанаптың есебін тыңдауға жиналды. Кездесуге қалалық мәслихат хатшысы Б.Құспеков те келді. М.Мұсанап баяндамасын оқып, округте атқарылған істерге тоқталды. Оның айтуынша, былтыр Баянауыл округінің әлеуметтік әлжуаз топтары үшін біршама жұмыстар атқарылған. 2017 жылдан бері «100 нақты қадам», «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» секілді бағдарламаларды, Елбасы Жолдауын түсіндіру мақсатында 11 кездесу өткізіліп, оған 400-ге жуық сайлаушы қатысқан.

Толығырақ
мадениет

Жаңа портал – ел игілігіне

Ұлттық музейде «Мәдениет порталы» интернет-ресурсының тұсаукесері өтті. «Мәдениет порталы» — қазақ елінің мәдени мұрасын бір жерге жинақтайтын, сондай-ақ, насихаттайтын ағартушылық бағыттағы ең ірі мәдени платформа. Портал қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпарат таратады. Қолданушы аталған порталды www.madeniportal.kz-тен  тамашалай алады. Жобаға ақын Айжан Тәбаракқызы жетекшілік етеді. 

Толығырақ
DSC_0058

Елжанды Эльдар бей

Түбі бір түркі халқы – әзірбайжан жұртымен қазақ елінің өмірі де, тарихы да сабақтаса өрілген. Бүгінде Қазақстанда жүз мыңға жуық әзірбайжан тұрып жатыр. 2008 жылы ҚР Әділет министрлігінде «Қазақстан әзірбайжан мәдени орталықтары одағы» тіркелген екен. Екібастұз қаласында әзірбайжан этномәдени бірлестігі алғашқылардың бірі болып 1992 жылы құрылды. Бірлестікті құрған  – қалалық мәслихат депутаты Эльдар Абдинов. 

Толығырақ
IMG_2608

Түлектер көрмесі

Қалалық өлкетану мұражайында балалар сурет мектебі түлектерінің дәстүрлі көрмесі ұйымдастырылды. Биылғы көрменің ерекшелігі, бұл жолы бір жетекшіден тәлім алған түлектердің туындылары орналастырылды. 

Толығырақ
b6b34606b5abb693ce6592836a788c71_crop_l_6_t_0_w_1830_h_1029_resize_w_812_h_

Ұлттық музейде – жобалар көрмесі

  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  Елбасы мақаласының жарық көргеніне бір жыл толуына орай Астана қаласындағы Ұлттық музейде көрме ұйымдастырылды. Көрмеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде атқарылған жұмыстар таныстырылды. Аталған шараға республиканың әр облысынан жоба үйлестірушілері, ғалымдар, Президент Әкімшілігінің өкілдері, мемлекеттік құрылым басшылары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

Толығырақ
орнамент

«Өлеңмен жырланған өлке»

 Орталық балалар кітапханасында Павлодар облысының 80 жылдығына орай  «Өлеңмен жырланған өлке» атты сайыс өткізілді. Сайысқа №8 «Теремок», №22 «Балбөбек» және Солнечный кентінің №17 «Жидек»  балабақшасы қатысты. 

Толығырақ
photo_199757

ҚАҢҒЫБАС ҚАЙДА БАРАДЫ?

Тағдыр тәлкегімен түрлі жағдайға ұшырап, баспанасыз, жұмыссыз қалып, отбасынан да айрылған азаматтар жетерлік. Күнделікті тамағын  қоқыс аударыстырып, қайыр сұрап табатын мұндай адамдарға қатысты қоғамда «бомж» атты шартты атау қалыптасқан.

Толығырақ