2 мектеп Айдана ұстазы Ағыбаева Ә.Ш.бірге

Мектеп мерейін асқақтатты

   Биыл Абай Құнанбаев атындағы №2 орта мектебі үшін жемісті жыл. Жақында облыстық мұғалімдер олимпиадасы ұйымдастырылып, онда білікті майталман мамандар бақ сынасты. Жүзден жүйрік шыққан география пәні мұғалімі Алтынай Жағыпарова ІІ орынды жеңіп алды. 

Толығырақ
kumalak

Бал ашпаңыз, адаспаңыз!

 Кейде қысылғанда, кейде жастықпен бал аштыратындар болады. Кейбіреулер аса қажеттілік болмаса да бал аштыруға құмартып тұрады. Исі мұсылман әуелден бал-герліктің дінге қайшы екенін айтып келген. Орыста да «Бал ашсаң – бағыңды жоғалтасың» деген сөз бар. Бұл тегін сөз болмаса керек.

Толығырақ
орнамент

Үйде кім бар?

Кейде үйде түсініксіз нәрселер болып жатады. Бір нәрсе орнынан қозғалып, не біреу қарап тұрғандай. Затыңызды орнынан таба алмайсыз, болмаса өзінен өзі сынып қалады. Біреулер мұндайдың жиі кездесетінін айтса, көңіл аудармайтындар да бар.

Толығырақ
орнамент

«Біз заңнан аттай алмаймыз»

Газетіміздің 21 наурыздағы санында (№12/1420, авторы Кенже Қуат) «Ақсақал неге өкпелі?»   деген тақырыппен зейнеткер Жеңіс Шохамановтың өкпе-назы жарияланған болатын. Мақала соңында жазылған жайға қатысты дәрігерлердің пікірін де тыңдайтынымызды айтқан едік. Ақсақал айтқан жайттарға №3 емхана бас дәрігерінің ішкі аудит жөніндегі орынбасары Тоғжан Қабылтаеваның уәжі бар екен.

Толығырақ

Кент тұрғындары көбеюде

«Оңтүстіктен – солтүстікке» бағдарламасы Солнечный кентінде жалғасын тапты. Жуырда кент әкімі Маржан Алшымбаева Оңтүстік Қазақстан облысына іссапарға шығып, жергілікті тұрғындар арасында бағдарламаның тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуге қатысқан еді. Сол сапарда арыстық Асқарбек есімді азамат  Павлодар өңіріне көшуге тілек білдірген екен. Асқарбек Мұхаммедов – Арыстың Сырдария ауылының тумасы. Жақында жұбайымен, үш баласымен Солнечный кентіне көш…

Толығырақ
44460-6-iv_sezd_molodezhnogo_k_ru

«Жаңа әлемге жол саламыз»

Бүгінде елімізде «Жас Отан» Жастар қанатының астындағы жастар саны 164 мыңға жетіпті. Ұйымның 16 аймақтық және 171 аудандық және қалалық филиалы ашылған. Ал 230 кәсіпорында, 96 жоғарғы оқу орнында «Жас Отан» Жастар қанатының бөлімшелері бар. Наурыздың соңғы күндері Астана қаласында «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі өтті. 

Толығырақ
орнамент

Арзан, бірақ күмәнді

Бүгінде шаш қию, кірпік пен тырнақ сәндеу секілді қызмет түрлері тек салондарда ғана емес, үйде де көрсетіледі. Той-томалаққа баратындар бірнеше адамның шашын сәндеу үшін шеберді үйіне де шақыртады. Кәсіптің бұл түрі пайдасыз емес. Әрі салондағы қызметтен арзандау болғандықтан, клиенттер де тез табылады. Қызмет ақысын арзандататын жөні бар. Кәсіпкер ретінде тіркелмегендіктен, салық төлемейді. Ғимаратты жалға алмайды. Таңнан кешке дейін үйден тыс жерде клиент күтіп отырмайды, яғни, уақытқа тәуелді емес. Бір сөзбен айтқанда, өзі би, өзі қожа.

Толығырақ
орнамент

Облыстық мәслихат депутаты сайланды

25 наурызда Павлодар облыстық мәслихатына №28 Станционный сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізілді. Сайлауға қалалық аурухананың бас дәрігері Мұхаметқайыр Андосовтың, «Богатырь Көмір» ЖШС-інің бас директоры Мұрат Әбдіғұловтың, «Офис-сервис» ЖШС-інің директоры Ержан Мұқатаевтың кандидатуралары ұсынылды.

Толығырақ