орнамент

Жаңа ереже «Жедел жәрдемді» жақсарта ма?

Елімізде жедел медициналық көмек көрсету ережелеріне өзгеріс енгізілді. 8 қаңтарда қабылданған ережедегі өзерістерге сәйкес, жедел жәрдем шақырушылардың қоңырауы 4 шұғыл санатқа бөлінеді. 103 нөміріне келіп түскен шақыруларды кезекші диспетчер бес минутта өңдеп, шақырудың қай санатқа жататынын анықтайды.

Толығырақ
орнамент

Сот орындаушысына жүгінді

Былтыр жыл соңында «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиа-лы мен облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Меморандум аясында Павлодар облысына қарасты аудандар мен ауылдарда азаматтармен жеке кездесулер ұйымдастыру көзделген.

Толығырақ
орнамент

«Qamqor» кәсіпкерлер құқын қорғайды

Қазіргі таңда бизнеске барынша қолдау көрсетіліп отыр. Бизнестің өркендеуіне бөгет келтірмес үшін бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерістер саны ықшамдалды. Осы орайда Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының Екібастұз қаласы филиалында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда әкімшілік кедергілерді азайту мәселесі сөз болды.

Толығырақ
орнамент

Ән — домбыра

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген іс қолға алынып жатыр. Дәстүрлі ән қазақтың рухани азығы десек, М.Глинка атындағы музыка мектебінде өткен «Ән — домбыра» атты кеш домбыра үніне елтіген жұртты ән-жырмен сусындатты. Кешті «Әміре Қашаубаев» қоры ұйымдастырған екен.

Толығырақ
орнамент

Ашық лига мәртебесін алды

Астана қаласында «Жайдарман – 2018» маусымашар ойыны өтті. Қазақстанның барлық өңірінен екі жүзден астам команда қатысқан бұл ойынға Екібастұздан үш команда барды. Мұнда С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебінің «Екібастұз мектеп құрамасы» Алматы қаласында өтетін республикалық мектепаралық жайдарманның телевизиялық нұсқасына өтті.

Толығырақ
орнамент

Автобус қатынасы көңіл көншітпейді

Өткен жылы Солнечный кентін көріктендіру мақсатында біршама істер атқарылды. Жолдарды ішінара жөндеу жүргізіліп, хоккей корты, стритбол алаңшасы салынған. Көшеге тренажерлар орнатылған. Кәсіпкерлік жергілікті билік тарапынан қолдау тауып, субсидия алуға, жеңілдетілген пайызбен несие ресімдеуге мүмкіндік алған.

Толығырақ
орнамент

Кәсіпкер проблемасы шешімін табады

Сарықамыс ауылдық округінің жер көлемі 45,10 шаршы шақырымды алып жатыр. Мұнда Сарықамыс және Қуандық ауылдары кіреді.  Осында тұратын 420 адамның 210-ы еңбекке жарамды. Соның ішінде 140-ы тұрақты еңбекпен қамтылыпты. Округ әкімі М.Сейсембаевтың айтуынша, биыл мұнда ірі қара басы артып, 1870-ке жеткен.

Толығырақ
IMG_5360

Дария – грант иегері

Биыл он екінші рет ұйымдастырылып отырған аймақтық «Қысқы қиял» бейнелеу байқауы өз мәресіне жетті. Қылқалам шеберлерін марапаттау кеші «Қайнар» ББК-де өтті. Салтанатты шараға байқау демеушілері – «Екібастұз» балалар қоры, қалалық «Голос Экибастуза» газеті, кәсіпкер Н.Есіркепов («Есіркепов» ЖК) кеш қонағы ретінде шақырылды.

Толығырақ
DSC_0186

Көліктегі қауіпсіздік

Былтыр Екібастұз қаласы аумағында 15 автокөлік өртенген. Көліктердің өртенуіне негізінен электр сымдарының тұйықталуы, жанармайдың ағып кетуі, двигательді ашық отпен қыздыру себеп болған. Өкінішке қарай, көлік жүргізушілер «темір тұлпарының» өрт қауіпсіздігі туралы ойлана бермейді.

Толығырақ
DSC_0403

Ауызсу – басты проблема

Әкімдердің кезекті есебі Теміржол ауылдық округінде өтті. Ауыл тұрғындары ең алдымен Теміржол ауылдық округінің әкімі Е.Қасеналинді тыңдады. №3 бөлімше, Құлакөл, Құдайкөл, Қарасор ауылдарын біріктіріп, жалпы аумағы 24 714 га жерді алып жатқан Теміржол ауылдық округінде 1328 адам тұрады.

Толығырақ