rukhani

Латын графикасын енгізу – заман талабы

«Қайнар» ББК-нің рухани жаңғыру бағдарламасының жобалық кеңсесінде латын графикасын енгізу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде латын әліпбиіне көшудегі білім мекемелерінің іс-шаралар дайындығын талқылау мәселесі көтерілді. Басқосуға негізінен тіл мамандары жиналды.

Толығырақ
DSC_9144

Мерейлі отбасы

№16 «Балдәурен» бөбектер бақшасында отбасылық сайыс өтті. Балабақша мен жанұя байланысын нығайту мақсатында ұйымдастырылған шарада жас отбасылар бақ сынасты. Балабақша меңгерушісі Марфуға Арыстанова сайысқа қатысушы ата-аналарға ақ жол тіледі. Сайыс бес кезеңнен тұрды.

Толығырақ
IMG_6217

Аналарға — алғыс

Көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күніне орай қалалық «Өнер» мәдениет орталығында «Сыйынар ем ана деген тәңірге…» атты салтанатты кеш өтті. Гүлмен көмкерілген сахнада ең алдымен алтын құрсақ аналарға құрмет көрсетілді. Бұл күні жеті баланың анасы Гүлнәр Тоқтағұлова өңіріне «Алтын алқа» тақты.

Толығырақ
орнамент

Инновациялық бағдарламалар уақыт үнемдейді

22 ақпан күні қалалық мамандандырылған әкімшілік сотта сақтандыру компанияларының өкілдері мен судьялар қатысқан дөңгелек үстел өтті. Басқосуда сақтандыру компанияларының «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот актілеріне қол жеткізу мәселесі сөз болды. Қазіргі кезде «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Талдау» форумы

Толығырақ
орнамент

Пәтер мәселесі алаңдатады

Қазақстанның оңтүстік аумақтары тұрғындарын солтүстік облыстарға ерікті қоныстандыру қолға алынды. Бұған себеп – халықтың қоныстануының әркелкілігі. Айталық, оңтүстікте елдің 38 пайызы тұрады екен. Ал солтүстік облыстарда қоныстанушылар 17 пайызды ғана құрайды.

Толығырақ
орнамент

Жұмысшылар тапшы

 «Нұр Отан» ЕҚФ-да өткізілген еңбек жәрмеңкесіне қаламыздағы ірі кәсіпорындар, білім және денсаулық сақтау мекемелері, т.б. қатысып, жұмыс орындарын ұсынды. Жұмыспен қамту орталығы директоры Людмила Яценконың айтуынша, бүгінгі таңда 120 кәсіпорындағы 699 бос орынға жұмыскер керек. Әсіресе, білікті дәрігерлерге сұраныс басым.

Толығырақ
орнамент

Ата дәстүрді ұлықтады

«Атамұра» мәдениет орталығында өткен «Салтым – сарқылмас қазынам» атты кешке мектеп оқушылары, ақ әжелер мен өнерпаз жастар жиналды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық ойындар дәріптелді. Мәдениет орталығы қазақ ауылының үлгісін көрсетіп, жиналғандарды этноауылға саяхатқа шақырды. 

Толығырақ
орнамент

Қос қарияны пышақтады

17 ақпан күні Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде жергілікті тұрғын екі зейнеткерді өлі күйінде тапты. Шұғыл із кесу шарасы нәтижесінде полицейлер 27 жастағы кент тұрғынын қамауға алды. Қаныпезер кісі өлтіруші зейнеткерлерді өз үйлерінде пышақтап тастаған. Ажалдың қай тұстан тосарын пенде қайдан білсін.

Толығырақ
орнамент

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

 

Қала әкімдігінің үлкен залында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысқан онлайн кездесу өтті. Онда білім саласындағы жемқорлықтың алдын алу мәселесі қаралды. Кездесуге қала әкімі, білім мекемелерінің басшылары қатысты.

Толығырақ
2-4

Ардагер ұстаз – 90 жаста

Педагогика саласының үздігі Тәжібай Шаймерденов биыл 90 жасқа келді. Ардагер ұстаздың мерейтойы облыс көлемінде атап өтіледі. Тәжібай Ахметоллаұлының өңірдегі білім саласына қосқан еңбегі орасан зор. Бұл туралы «Қайнар» ББК-де өткен «Ұлы Дала тұлғасы» атты диалог алаңында айтылды.

Толығырақ