DSC_0403

Ауызсу – басты проблема

Әкімдердің кезекті есебі Теміржол ауылдық округінде өтті. Ауыл тұрғындары ең алдымен Теміржол ауылдық округінің әкімі Е.Қасеналинді тыңдады. №3 бөлімше, Құлакөл, Құдайкөл, Қарасор ауылдарын біріктіріп, жалпы аумағы 24 714 га жерді алып жатқан Теміржол ауылдық округінде 1328 адам тұрады.

Толығырақ
IMG_2629

Жүлдемен оралды

27 қаңтарда Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығында» ІІ халықаралық «Самға, әуен» өнер байқауы болды. Оған қалалық «Атамұра» мәдениет орталығының маманы, әнші Гүлмира Алданова бастаған өнерпаздар қатысты.  Байқау 4 жастан 40 жасқа дейінгі өнерпаздар арасында өткізілді. Екібастұздық әншілер ән сайысынан жүлделі орындармен оралды.

Толығырақ
rukhani

Рухы мықтыны жау алмайды

Қалалық кітапханада осы тақырыпта патриоттық кеш өткізілді. Кітапханашы Сәбира Қамзина рухани жаңғыру бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істерге тоқталды. Бұдан әрі өңіріміздің көне заман мұрасын сақтап қалған ескерткіштері, Ақкөл-Жайылма жеріне жасалған экспедиция, Қаражар ауылындағы этнографиялық зерттеулер туралы әңгімеледі. Көлебе батыр мен Түйте әулие туралы аңыз әңгіме айтып берді.

Толығырақ
орнамент

Қалта ұрысы қапы қалдырмасын

Екібастұз қаласында қоғамдық тасымалдаумен 4 кәсіпорын айналысады. «Жоламан-ЕК» ЖШС-і №№7,9,3 бағыттарға, «Mаис» ЖШС-і №№6,66 бағыттарға, «Қайрат» ЖШС-і №10 бағытқа, «Тұлпар-ЕК» ЖШС №№5,1,2,22 бағыттарға қызмет көрсетеді. Қалалық ішкі істер басқармасында кәсіпорын басшыларының басын қосқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Толығырақ
moshenik_11-10-16

Абайлаңыз – алаяқ!

Екібастұз қаласындағы Дүйсенбаев көшесінде орналасқан дүкенге кірген ер адам мен әйел 4000 және 6500 теңге тұратын Барби қуыршағының екі жиынтығын сатып алған. Ер адам сол жерде 20000 теңге ұсынып, сатушы 9500 теңге қайтарып берген. Дүкенші ақшаның кәдесый банкноты екенін сатып алушылар шығып кеткен соң ғана байқапты. Дәл осындай алаяқтық әрекетке қатысты тағы бір екібастұздықтан шағым…

Толығырақ
DSC_0031

Өрендер өнері сараланды

 «Ертіс Star» — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Павлодар өңірінің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Ертіс өңіріндегі дарын иелерін айқындау үшін қолға алынған жоба. Облыс өңірлерінде  «Ертіс Star» жобасына іріктеу кезеңі басталды. Біздің қаламызда іріктеу «Өнер» ҚМО-да өтті.

Толығырақ
орнамент

Дәрігер тапшылығы алаңдатады

19 қаңтарда «Замандас» ардагерлер клубында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жолдауы түсіндірілді. Жиналысқа қала әкімінің орынбасары М.Мәлікова, зейнетақы тағайындау орталығының директоры О.Коромская, қалалық аурухана басшысы М.Андосов, тағы басқалар келді. Мәриям Дәулетбекқызы жиналғандар назарын

Толығырақ
орнамент

Педагогтар Жолдауды талқылады

Елбасы Жолдауын талқылауға жиналған педагогтар №11 мектепте бас қосты. Басқосуға «Нұр Отан» партиясы өкілдері, білім бөлімі мамандары, қала мектептерінің тарих және география пәндерінің мұғалімдері қатысты. «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Макраев Жолдаудың негізгі міндеттерін атап, үштілділік мәселесіне тоқталды.

Толығырақ
rukhani

Салт дәстүрім – қазынам

Достық үйінде салт-сана, дәстүр, тәрбие тақырыбы ортаға салынған дөңгелек үстел өтті. «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған бұл шараға колледж студенттері мен мектеп оқушылары қатыстырылды. Ұлттық тәрбие хақында сөз қозғаған қоғамдық бірлестік төрайымы Мәрияш Сағындықова қатысушылардан қазақтың салты,

Толығырақ
орнамент

Қордағы ақша қолға беріледі

Биылғы зейнетақы жүйесіндегі өзгерістердің зейнетақы қорынан берілетін төлемдерге де қатысы бар. Осыған дейін азаматтар зейнет жасына жеткенде жинақтаушы қордан қомақты сома шешіп ала алатын. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнет  жасындағы азаматтың осы уақытқа дейінгі жарнасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген

Толығырақ