DSC_0318

Кимешектер шеруі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамұра» мәдениет орталығында өнер және мәдениет қызметкерлері күніне орай ауылдық клубтар арасында «Мәдениет – мәңгілік, өнер – өміршең» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың «Ең қызықты мәдени шара» атты алғашқы бөлімінде ауылдық клуб қызметкерлері негізгі қызметтері бойынша қызықты жобаларды таныстырса, «Ақ кимешек көрінсе…» атты кимешектер шеруі кәсіби мерекенің көркін аша түсті.

Толығырақ
аль фото 163

Самал — байқау жеңімпазы

Достық үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. 17 мен 29 жас аралығындағы үміткерлерді қамтыған байқауға қаламыздың білім ордаларынан суырылып шыққан он екі талапты жас қатысты.

Толығырақ
IMG_8498

«Эврикада» студенттер бас қосты

Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде Павлодар облысы Білім беру басқармасының қолдауымен ІI облыстық «Эврика» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты жастардың ғылымға деген құштарлығын оятып, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін дамытуға қолдау көрсету болды.

Толығырақ
награждение лучший студент 2017 вуза

«Білім сапасын арттыру, Ғылым мен өндірістегі инновациялар»

Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында осы білім ордасының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, т.ғ.д., профессор, академик Марат Пазылұлы Мәрденовтің құрметіне арналған «Білім сапасын арттыру, ғылым мен өндірістегі инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Толығырақ
орнамент

Еңбегін елге арнаған

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ораз Балташев – облымыздың төл құрдасы. Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Ораз Құлыбекұлы – «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері» медалі, көптеген құрмет грамоталары мен төсбелгілерінің иегері. 19 мамырда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалды қала әкімі Қ.Нүкеновтің атынан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Хакимов пен қалалық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов құттықтап, гүл шоғы мен сыйлығын ұсынғанда бойын қуаныш кернепті. Еңбек ардагері Ораз Құлыбекұлы көп жылғы адал еңбегінің еленгеніне көңілі марқайып, жүрегі елжірегенін жасырмады.

Толығырақ
2

Ұлттар достығы ұлықталды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қаламызда биыл ерекше атап өтілді. «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында Елордамыз – Астананың 20 жылдығы, облысымыздың 80 жылдығына орай амфитеатр ашылды. Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында ENRC корпорациясының қаржылай қолдауымен салынған нысан екі мың орынға лайықталған.

Толығырақ
орнамент

Еңбегін елге арнаған

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ораз Балташев – облымыздың төл құрдасы. Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Ораз Құлыбекұлы – «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері» медалі, көптеген құрмет грамоталары мен төсбелгілерінің иегері. 19 мамырда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалды қала әкімі Қ.Нүкеновтің атынан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Хакимов пен қалалық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов құттықтап, гүл шоғы мен сыйлығын ұсынғанда бойын қуаныш кернепті. Еңбек ардагері Ораз Құлыбекұлы көп жылғы адал еңбегінің еленгеніне көңілі марқайып, жүрегі елжірегенін жасырмады.

Толығырақ
орнамент

«Атамұра» орталығы — Омбыда

«Атамұра» мәдениет орталығының өнерпаздары Ресей Федерациясының Омбы қаласына барып, Қожаберген жыраудың 355 жылдығына, Сегіз серінің 200 жылдығына, Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған қазақ мәдениеті мен спортының «Той думан» атты VIII мерекесіне қатысып қайтты. «Мөлдір» қазақ мәдениетінің Сібір аймақтық орталығының арнайы шақыртуымен Омбыға ат басын тіреген екібастұздық өнерпаздарды бастап барған «Атамұра» мәдениет орталығының директоры Н.Төлеубаева сапардан алған әсерін бөлісті. Нұрсұлу Еркебайқызының айтуынша, облысымыздың көлемінде тойланған Наурыз тойында Омбыдан келген құрметті қонақтар – «Мөлдір» қазақ мәдениетінің Сібір орталығы өкілдері «Атамұра» ұлттық мәдениет орталығының өнеріне ерекше тәнті болып, Омбыда өтетін қазақ мәдениеті мен спортының мерекесіне арнайы шақырған. 

Толығырақ
DSC_0378

Дәстүр дүлдүлдері

Достық үйінде «Атамұра» мәдениет орталығының қолдауымен «Дәстүр дүлдүлдері» атты дәстүрлі ән кеші өтті. Бесқауға ауылдық клубы ұйымдастырған өнер мерекесінің мақсаты халқымыздың асыл қазынасын дәріптеп, бабадан қалған мол мұраны кеңінен насихаттау болды.

Толығырақ
орнамент

Бір маусымда — сегіз жүлде!

«Өнер» қалалық мәдениет орталығының «Нұр шашу» би ансамблі – көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Би ұжымының көркемдік жетекшісі Ирина Анатольевна Ленкевич балалармен жұмыс істеуден жалыққан емес. Бишілерді халықаралық байқауларға тартып, балалардың жан-жақты ашылуына жағдай жасап келеді.

Жуырда «Нұр шашу» үлгілі би ансамблі Татарстанның Қазан қаласында өткен «Данс Авеню» атты халықаралық би байқауына қатысып қайтты.

Толығырақ