DSC_4374

Татулық пен бірліктің ұясы

Татулық пен достықтың ұясына айналған қаламыздағы Достық үйі қос қуанышты қатар қарсы алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қасбеті күрделі жөндеуден өткен ғимараттың есігі айқара ашылды. 

Толығырақ
DSC_4198

Азат елдің ар-намысы – Ата Заң

1995 жылдың 30 тамызында жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданған Қазақстан Республикасының Конс-титуциясы – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы басты құжат. Ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқының бұл күнді ерекше қуанышпен қарсы алуы заңды. Себебі Ата Заң – елдігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің айнасы. Ел Конституциясы күніне орай «Өнер» қалалық мәдениет орталығында өткен «Азат елдің ар-намысы – Ата заң» атты салтанатты жиында қала әкімі Н.Әшімбетов жиналған қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, қызметте табыс тіледі. 

Толығырақ
33

Сәулелі субұрқақ

Қаламыздың демалыс орындары шаһар көркін еселейтін тағы бір тамаша нысанмен толықты. «Өнер» мәдениет орталығының алдында жаңа заманауи субұрқақ іске қосылды. Бұрынғы субұрқақтардан ерекшелігі, оның музыкалы, жарық сәулелі болуында. Шахтер күніне орай ашылған фонтан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа таныстырылды. 

Толығырақ
шахтер күні

Қосым ізбасарларына құрмет

Кентанушы Қосым Пішенбаев өңірімізде алғаш көмір кенін 1886 жылы анықтаған еді. Содан бері қара алтынын сапырған кенді аймақта бірнеше кеншілер ұрпағы алмас-ты. Еліміздің ірі отын-энергетикалық кешеніне айналған қаламыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан кеншілердің құрметіне «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Шахтер күніне арналған «Даңқы биік кеншілер» атты салтанатты жиын өтті.

Толығырақ
орнамент

Республикалық байқауға жолдама алды

 «Нұр Отан» партиясының жергілікті бөлімшесінде өткен жиында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының іріктеу кезеңдерінің корытындысы жарияланды. Қаламыздың «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы аталмыш байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 

Толығырақ
DSC_0104

Төгілтті әсем ән мен тәтті күйді

Ұлттық домбыра күніне арналған шаралар легі «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағындағы амфитеатрда М.Глинка атындағы балалар музыка мектебінің күшімен ұйымдастырылған мерекелік концертпен қорытындыланды. Музыка мектебінің ұстаздары мен шәкірттері Ұлттық домбыра күніне елеулі үн қосып, халықтың рухын көтерді. 

Толығырақ
DSC_0109

Төл аспабымыз төрге озды

Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жариялануы халқымыздың қазынасы – қара домбыраны төрге оздырып, ғасырлар қойнауынан бүгінгі күнге бояуы бұзылмай жеткен қоңыр күнді ұлттық аспабымыздың қадірін арттыра түсті. 1 шілдеде еліміздің түкпір-түкпірінде тоғыз перне, қос ішекті домбырада әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күйлер төгілді. Қаламыздың «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағындағы амфитеатрда өткен Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік шараға қала әкімі Қ.Нүкенов қатысып, жиналған жұртшылықты жаңа ұлттық мерекемен құттықтады. 

Толығырақ
DSC_0190

Табысты жыл

28 маусымда «Қайнар» балалардың бос уақытын қамту кешенінің жанында тігілген ақ шаңқан шатырда алғаш рет мерекелік шара өтті. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында қаламыздың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне айрықша құрмет көрсетілді.

Қала әкімі Қайрат Нүкенов журналистер қауымын мерекемен құттықтап, «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттері мен қалалық телеарна ұжымдарына бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, Павлодар қаласында өткен өңірдің үздік журналистерін марапаттау салтанатында облыс әкімі Болат Бақауов әріптестеріміз – қалалық телеарнаның операторлары Геннадий Дробец пен Жанна Нұртаеваға гранттар тапсырды.

Толығырақ
орнамент

Жарқын болашаққа бастайды

Қала әкімдігінің үлкен залында «Адал жол» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес марафонының ресми ашылуы болды. Шараға қала әкімінің орынбасары Н.Нефедова, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Т.Жүсіпов қатысты. 

Толығырақ