полиция

Майталмандар марапатталды

23 маусымда екібастұздықтар қос кәсіби мерекені салтанатты түрде атап өтті. Бұл күні қоғамдық тәртіпті тынбай күзететін полиция қызметкерлері мен халық игілігіне еңбек ететін мемлекеттік қызметшілерге ерекше құрмет көрсетілді. Қаламыздың орталық алаңында ұйымдастырыл-ған мерекелік шараға қала әкімі Қ.Нүкенов қатысып, тәртіп сақшылары мен мемлекеттік қызметшілерді төл мерекелерімен құттықтады. 

Толығырақ
DSC_0498

Мемлекеттік қолдау маңызды

Екібастұз өңірінде өркен жайып келе жатқан шаруашылықтардың бірі – «Анар» фермерлік шаруашылығы. Іскер азамат Серік Тельманұлы Сәдуақасов басшылық ететін қожалықта мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дамуда. Қарамағындағы жұмысшылар тұрмысына қолайлы жағдай туғызуды көздеген басшы С.Сәдуақасов шаруашылығында жаңа тұрғын үйлер тұрғызуды қолға алған. Алғашқы құрылыс нысанының іргетасы құйылып, қабырғасы қалана бастағанына көп уақыт бола қоймағанымен, құрылыс қарқынды. Кәсіпкер жылына бір баспанадан салып, жұмысшыларға арнап бес тұрғын үй тұрғызбақ.

Толығырақ
орнамент

Алғысқа бөленген жан

Алтыншаш Әбенова – тәжірибесі мол, білікті маман. Ол – күш-қайраты мен ерік-жігерін мемлекеттік қызметке арнаған жан. Көп жылғы еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің, Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Толығырақ
орнамент

Қызмет сапасы жақсаруда

Әкімдікте С.Рамазановтың төрағалық етуімен қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда 2017 жылдың мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторинг қорытындысы жарияланды. Отырыста қала әкімі мемлекеттік қызмет мониторингі және ақпараттық технология-лар бөлімінің бас маманы Т.Даирова жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қыз-мет көрсету жұмыстары жөнінде ақпарат берді.

Толығырақ
орнамент

Ономастикалық жұмыс тобы құрылды

Қаламызда ономастикалық жұмыс тобы құрылып, қала әкімінің орынбасары Наталья Нефедова осы топтың төрайымы болып бекітілді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаеваның айтуынша, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ортақ тарихи сананы қалыптастыру мақсатында «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін бекітіпті. 

Толығырақ
1.06

Мерекелік тосынсый

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жергілікті билік қаламыздағы патронатты отбасылардың біріне мерекелік тосынсый жасады.

Қала әкімінің орынбасары Наталья Нефёдова мен «Екібастұз» балалар қоғамдық қорының төрайымы, қалалық мәслихат депутаты Т.Шмидт, қалалық білім бөлімінің басшысы Ж.Ибраев көпбалалы отбасын мерекемен құттық-тап, ноутбук пен тәтті сыйлықтар сыйлады.

Толығырақ
20180604_145925

Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы

1992 жылдың 4 маусымы — еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған елеулі күндердің бірі. Бұл күні еліміздің егемендігін айқындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бүгінде шекарасы шегенделіп, төрт құбыласы теңелген тәуелсіз еліміз Елтаңбасымен еңселі, Туымен тұғырлы, Әнұранымен айбатты!

Толығырақ
IMG-20180601-WA0060

Банктен — базарлық

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Екібастұз бөлім-шесі қалалық аурухананың балалар бөлімшесінде емделіп жатқан бүл-діршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалар банк қызметкерлері ұйымдастырған қызықты бағдарламаны тамашалады. Олар мерекеге арнайы шақырылған аниматорлармен түрлі ойындарға қатысып, мәз-мейрам болды.

Толығырақ
орнамент

Төрт өнерпаз топ жарды

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген. Осыған орай, ұлттық кодты сақтай отырып ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуді көздеген «QAZAQSTAN» РТРК, «ЕRTIS» телеарналары өткен жылы атадан балаға мирас болған ұлт өнерін болашақ ұрпаққа насихаттау үшін халықаралық «Мен Қазақпын» мега жобасын қолға алды.

Толығырақ