орнамент

Төрт өнерпаз топ жарды

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген. Осыған орай, ұлттық кодты сақтай отырып ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуді көздеген «QAZAQSTAN» РТРК, «ЕRTIS» телеарналары өткен жылы атадан балаға мирас болған ұлт өнерін болашақ ұрпаққа насихаттау үшін халықаралық «Мен Қазақпын» мега жобасын қолға алды.

Толығырақ
DSC_0318

Кимешектер шеруі

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамұра» мәдениет орталығында өнер және мәдениет қызметкерлері күніне орай ауылдық клубтар арасында «Мәдениет – мәңгілік, өнер – өміршең» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыстың «Ең қызықты мәдени шара» атты алғашқы бөлімінде ауылдық клуб қызметкерлері негізгі қызметтері бойынша қызықты жобаларды таныстырса, «Ақ кимешек көрінсе…» атты кимешектер шеруі кәсіби мерекенің көркін аша түсті.

Толығырақ
аль фото 163

Самал — байқау жеңімпазы

Достық үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. 17 мен 29 жас аралығындағы үміткерлерді қамтыған байқауға қаламыздың білім ордаларынан суырылып шыққан он екі талапты жас қатысты.

Толығырақ
IMG_8498

«Эврикада» студенттер бас қосты

Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінде Павлодар облысы Білім беру басқармасының қолдауымен ІI облыстық «Эврика» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты жастардың ғылымға деген құштарлығын оятып, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін дамытуға қолдау көрсету болды.

Толығырақ
награждение лучший студент 2017 вуза

«Білім сапасын арттыру, Ғылым мен өндірістегі инновациялар»

Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында осы білім ордасының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, т.ғ.д., профессор, академик Марат Пазылұлы Мәрденовтің құрметіне арналған «Білім сапасын арттыру, ғылым мен өндірістегі инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Толығырақ
орнамент

Еңбегін елге арнаған

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ораз Балташев – облымыздың төл құрдасы. Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Ораз Құлыбекұлы – «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері» медалі, көптеген құрмет грамоталары мен төсбелгілерінің иегері. 19 мамырда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалды қала әкімі Қ.Нүкеновтің атынан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Хакимов пен қалалық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов құттықтап, гүл шоғы мен сыйлығын ұсынғанда бойын қуаныш кернепті. Еңбек ардагері Ораз Құлыбекұлы көп жылғы адал еңбегінің еленгеніне көңілі марқайып, жүрегі елжірегенін жасырмады.

Толығырақ
DSC_0028

«1000 IT-сынып»

Әлемде ақпараттық технологиялар қарыштап дамып жатқан шақта еліміз де IT саласын дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Елбасы Н.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясы балаларға арналған тегін IT-сыныптар ашу және IT-мамандар даярлау ісін қолға алғаны белгілі. 

Толығырақ
Без названия (1)

1-СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ҚАЛАЙ ҚАРАЙСЫЗ?

Елімізде бірінші сыныпқа қабылдаудың ережелеріне өзгерістер енгізілді. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес, жеті жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балалар бірінші сыныпқа қабылданады. Яғни, күнтізбелік жылдың соңына дейін қыркүйек-желтоқсан айларында алтыға толатын балалар дайындық деңгейлеріне қарамастан бірінші сыныпқа баруға тиіс. Осы мәселеге байланысты шағын сауалнама жүргізген едік. 

Толығырақ
2

Ұлттар достығы ұлықталды

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қаламызда биыл ерекше атап өтілді. «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында Елордамыз – Астананың 20 жылдығы, облысымыздың 80 жылдығына орай амфитеатр ашылды. Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында ENRC корпорациясының қаржылай қолдауымен салынған нысан екі мың орынға лайықталған.

Толығырақ
орнамент

Еңбегін елге арнаған

Ауыл шаруашылығы саласының ардагері Ораз Балташев – облымыздың төл құрдасы. Павлодар облысының ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан Ораз Құлыбекұлы – «Құрмет белгісі» ордені, «Еңбек ардагері» медалі, көптеген құрмет грамоталары мен төсбелгілерінің иегері. 19 мамырда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалды қала әкімі Қ.Нүкеновтің атынан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Абай Хакимов пен қалалық мәслихат депутаты Серік Сәдуақасов құттықтап, гүл шоғы мен сыйлығын ұсынғанда бойын қуаныш кернепті. Еңбек ардагері Ораз Құлыбекұлы көп жылғы адал еңбегінің еленгеніне көңілі марқайып, жүрегі елжірегенін жасырмады.

Толығырақ