орнамент

Түлектерден естелік

2018 жыл облысымызда экология жылы болып жарияланғаны мәлім. Осыған орай кеншілер қаласының «Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында тұңғыш рет түлектер аллеясы ашылды. 25 мамырда қаламыздың мектептерінен түлеп ұшқалы отырған 638 түлек саябаққа жиналды. 

Толығырақ
DSC_0378

Дәстүр дүлдүлдері

Достық үйінде «Атамұра» мәдениет орталығының қолдауымен «Дәстүр дүлдүлдері» атты дәстүрлі ән кеші өтті. Бесқауға ауылдық клубы ұйымдастырған өнер мерекесінің мақсаты халқымыздың асыл қазынасын дәріптеп, бабадан қалған мол мұраны кеңінен насихаттау болды.

Толығырақ
орнамент

Бір маусымда — сегіз жүлде!

«Өнер» қалалық мәдениет орталығының «Нұр шашу» би ансамблі – көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегері. Би ұжымының көркемдік жетекшісі Ирина Анатольевна Ленкевич балалармен жұмыс істеуден жалыққан емес. Бишілерді халықаралық байқауларға тартып, балалардың жан-жақты ашылуына жағдай жасап келеді.

Жуырда «Нұр шашу» үлгілі би ансамблі Татарстанның Қазан қаласында өткен «Данс Авеню» атты халықаралық би байқауына қатысып қайтты.

Толығырақ
орнамент

Нақты тапсырмалар жүктелді

Еліміздің түкпір-түкпірінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында атап көрсетілген басым бағыттарды жүзеге асыруға бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Қала әкімі Қ.Нүкеновтің төрағалық етуімен әкімдікте өткен қоғамдық кеңес отырысында Екібастұз өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды. Өңірімізде бағдарламаны орындау бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде қала әкімінің орынбасары Н.Нефедова баяндама жасады.

Толығырақ
орнамент

Құран бағышталды

Қасиетті жұма күні Ақкөл ауылдық округіне қарасты Зеленая роща ауылында саяси қуғын-сүргін   құрбандарын еске алуға арналған шара өтті.  Ауылдық  клуб ұжымының ұйымдастыруымен өткен жиынға ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналар арнайы шақырылды. Елеулі күнге орай ақ дастарқан жайылып, ауыл азаматы Д.Оразалинов қуғын-сүргін құрбандарының рухына құран бағыштады.

Толығырақ