33

Сапалы өнім – басты мақсат

Екібастұз өңірінде төрт түлік жылдан-жылға көбейіп келеді. Алайда мал өнімін ұқсататын кәсіпорындарды саусақпен санап алуға болады. Яғни, бұл бағыттағы мемлекет саясатын қолдаушылар әзірге аз. Әйтсе де мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеудің маңыздылығын ұққан бірен-саран кәсіпкер азамат ел ішінен табылып отыр.

Толығырақ
IMG_4338

Көкпарға машықтандық, енді шөгенге көшеміз

Биылғы жыл көкпаршылар үшін табысты болды.  Білекті де жүректі жігіттер жаз ішінде бірнеше жарыста жеңімпаз, жүлдегер атанды. Енді, міне, сәтті маусым 11 қараша күні Ақкөл ауылында түйінделді. Маусымның жабылуына  және Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған турнирге 4 команда қатысты.

Толығырақ
орнамент

Қыстаққа әзірлік мығым

Қарашаның алғашқы қары қымтаған дала мүлгіп жатыр. Қарсоқта шөпті бырт-бырт үзе жайылған  табын-табын сиыр мен жылқы елдің дәулетті тұрмысынан хабар береді. Көлігіміз күре жолдан Ақкөл ауылына бұрылғанда жол үстіне жал-жал төгілген қиыршық тас пен құм көзге түсті. «Е, е, жол жөнделіп жатыр екен» деп ойладық.

Толығырақ
орнамент

Ет пен етік

- Ет қымбат. Анда-санда сатып алатын болдық. Әйтпесе ақша шақ келмейді, — деп қынжылды қалалық.

- Шөп алу керек, көмір алу керек, бала-шағаға киім-кешек керек. Ал малдың құны асырап-баққан еңбегімізге татымайды, — деді базарға ет өткізуші далалық.

Толығырақ
Kurs-tenge-v-2017-godu

Теңге тарихынан

1993 жылы қарашаның 1-і күні Ұлттық банктің облыстардағы филиалдарына “Х” күні ашылады деген құпия конверттер жетті. Ал араға үш күн салып Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ұлттық валюта – теңгені енгізу бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. 1993 жылдың аяғы – халық үшін ауыртпалық пен сенімсіздікке толы уақыт.

Толығырақ
орнамент

Спорт клубы керек

 «Қайнар» балалардың бос уақытын қамту кешенінің мәжіліс залында спорт шенеуніктері мен жаттықтырушылар, белгілі спортшылар мен спорт ардагерлері бас қосып, өңірде осы саланы дамытудың мән-жайы жайлы келелі әңгіме өрбітті. Қала әкімі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Байбәкіров кездесу мақсатын айтып өткен соң, сөз кезегі жиынға қатысушыларға тиді.

Толығырақ
11

Алға басуға алғышарттар бар

Күре жолдың бойында қоныс тепкен елді мекеннің артықшылығы көп. Біріншіден, қатынасқа қолайлы, екіншіден, жұмыс табу да жеңіл. Сондықтан да мұндай ауылдан жұрттың көшуі сирек, керісінше, әр отбасы тамырын тереңірек жіберіп, тұрмысын сәулетті де дәулетті етуге ұмтылады.

Толығырақ
imgpreview

Қазақ киносы тілге қызығушылық туғызады

Қазақ киносының шедеврі – «Менің атым Қожа» көркем фильмі 1963 жылы түсірілгені белгілі. Балалар түгіл, ересектер сүйіп көретін бұл фильм содан экраннан түскен емес. 18 қазан күні «Өнер» қалалық мәдениет орталығында ЕКИнЕУ студенттері сөз болып отырған көркем фильді тамашалап, соңынан пікір алмасты.

Толығырақ
11

Жүгіру жан сергітеді

Супермарафоншы Марат Жыланбаев – қазақ спортының мақтанышы. Бүгінде Астана қаласында тұратын ол  қала басшысы Қайрат Нүкеновтің арнайы шақыруымен Екібастұз қаласына келіп, «Алтын километр» деп аталған кіші марафонға қатысып, ертеңінде «Шахтер» стадионында жеңіл атлеттерге шеберлік дәрісін берді.

Толығырақ
орнамент

130 түп қарағай немесе бірлік үлгісі

Туған ауылы әр перзенті үшін ыстық. Сол сүйіспеншілік ауыл мен қаладағы ақкөлдіктерді «Гүлдене бер, ауылым!» акциясына біріктірді. 14 қазан күні таңертең  қолына кетпен-күрек ұстаған қауым «Жайылма жазирасы» саябағына бет алды. Жұрттың ықыласына қарай, табиғаттың да көңілі иіп, күздің күні әрі ашық, әрі май тоңғысыз жылы болды.

Толығырақ