орнамент

Азық-түлік бағасын қайтсек тұрақтандырамыз?

Бүгінде азық-түлік бағасы ырық бермей, күннен-күнге қымбаттап барады. Жерілікті жерде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай шара қолдану қажет? Өкініштісі, жиында сөз алған кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне жаңадан тағайындалған Н.Бейсембаевтың есебі қала әкімінің де, мәжіліске қатысушылардың да көңілінен шықпады. Жұмысына енді кіріскен бөлім басшысының бәріне белгілі мәліметті жаңалап ұсынғаны оның Екібастұздың тыныс-тіршілігінен хабарсыз екенін байқатты. Әйтсе…

Толығырақ
орнамент

Тұрғындардың жылуға қарызы 790 млн.теңгеге жетті

Қала әкімінің сайтына түсетін арыз-шағымның басым көпшілігі коммуналдық салаға қатысты екен. Әкімдік отырысында есеп берген тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ізбасар Сәрсенбаевтың айтуынша, жылу беру маусымы аяқталды. Осы уақыт аралығында тұрғындардан коммуналдық қызметке қатысты 502 шағым түскен.

Толығырақ
орнамент

Автобус қызметіне көңіліңіз тола ма?

Бүгінде қаламыздың мыңдаған тұрғыны өз тағдырын қоғамдық көлік жүргізушілеріне сеніп тапсырады. Жүргізушілердің бәрі бірдей көліктегі жолаушылардың өздеріне деген зор сенімін түсінсе, құба-құп. Кейде кестеден қалып қоймас үшін көлікті аса қатты жылдамдықпен жүргізетіндер де бар. Көп жағдайда қоғамдық көлік жүргізушілері бір-бірімен жарысып, жол қауіпсіздігі ережесін өрескел бұзып жатады. Бұл өз кезегінде көліктегі жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіні анық.

Толығырақ
DSC_2515

Жаңа жұмыс орындарын ашуымыз қажет

Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов өткен бейсенбіде кезекті сапарын ірі кәсіпорындарда – «Б.Нұржанов атындағы МАЭС-1 станциясы» ЖШС-і мен «МАЭС-2 станциясы» АҚ-да және Солнечный кенті мен Сарықамыс ауылында жалғастырды. Рысқан Свамбаев басқаратын МАЭС-1 станциясын аралаған қала әкімі кәсіпорын жанынан раушан гүлдерді өсіретін жылыжай ашылғаны құптарлық іс екенін айта келе, арзан электр қуатын пайдалана     отырып, шағын зауыттарды құру заман талабы екенін алға тартты.

Толығырақ
орнамент

Соғыс тұтқыны қалай легионер атанды?

Алматыда Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің дипломын алған күні достарым: «Сен екі бірдей университетті тәмамдадың. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі – Хамза Абдулиннің университеті»,- деп құттықтаған еді. Содан бері ширек ғасырдай уақыт өтіпті. Ол уақытта журналистика факультеті Қазақстанда біреу ғана болды: Алматыдағы Киров атындағы ұлттық мемлекеттік университетінде.

Толығырақ
орнамент

Өтемақы өндіріп алды

Өткен жылдың желтоқсан айында Екібастұз қаласының тұрғыны Әсел Искакова №2 емханадан шығып, жолдың жиегіне өте бергенде, ашық жатқан кәріз құдығына құлап кеткен. Тереңдігі 3,5 метр құдыққа құлаған келіншек сол жерде ұялы телефоны арқылы құтқарушыларды көмекке шақырады.  Желтоқсанның ызғарлы аязында жас келіншекке құтқарушыларды екі сағат бойы құдықтың ішінде күтуге тура келеді.

Толығырақ
DSC_1057

Өз қан қысымыңды біл

Артериялық гипертонияның алдын алу, диагностикалау мен емдеу шаралары туралы халықтың ақпараттылығын арттыру мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы артериялық гипертониямен күрес күнін жыл сайын мамыр айында өткізеді.

Жүрек қан-тамырлар жүйесі  ауруларының негізгі факторларының бірі гипертония немесе жоғары қан қысымы болып табылады.

Толығырақ
Изобние 034

Алғыс арқалаған Алтын

Бүгінгі медицина саласында басты күш дәрігерлердің көмекшісі — медбикелерге түсіп отырғаны  жасырын емес. Оларға сырқаттарға ауыртпай ине шаншу, бабын табудан басқа қағаз жүзіндегі жұмыстарды тындыруға да тура келеді. Оның үстіне қазіргі науқастар да аса талғампаз әрі кірпияз. Медбикенің ісі көңіліне жақпай қалса, оның қызметінен бас тартуға, басшылыққа шағымдануға әзір тұрады. Қаламыздағы жұқпалы аурулар бөлімшесіндегі жоғары…

Толығырақ
DSC00770-1

«Қызыл телпекті» үш тілде сөйлетті

28 сәуірде №24 балабақша бүлдіршіндері музыка жетекшісі Ирина Усоктың ұйымдастыруымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде есепте тұрған 16 мүгедек бала мен олардың күтушілеріне ерекше тосынсый жасады.

Толығырақ