орнамент

Шетелге саяхаттағыңыз келе ме?

Шетелде демалу көптеген адамның арманы болғанымен, статистикалық мәліметтерде шетелде демалатын туристердің 37 пайызы жасаған саяхатына көңілі толмайтынын көрсеткен. Біріне демалыс орындары ұнамаса, қайсыбіреулерінің саяхатту бағдарламасына көңілі толмаған.

Толығырақ
орнамент

Кәсіпкерлерге жаңа салық енгізілмек

Қазіргі уақытта Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жанынан құрылған жұмыс тобы біріктірілген Салық және Кеден кодексін әзірлеуде.

Кодексті әзірлеудің мақсаты – салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін оңайлату.

Толығырақ
j,k

Өндірістің өркендеуі – жарқын болашақ кепілі

Сейсенбі күні облыс әкімі Болат Бақауов арнайы іссапармен Екібастұз қаласына келді. Айта кету керек, облыс тізгінін енді ұстаған жаңа басшының жұмыс кестесі тығыз болды: осы күні қаламыздағы аса маңызды бірқатар нысанды аралады.

Толығырақ
сайт

Сәлемдемені постамат арқылы алыңыз!

Өткен аптада «Қазпошта» АҚ Екібастұз қаласындағы бөлімшесі «Макси-мол» сауда орталығының 1-қабатында постамат желісін іске қосты.

Постамат – сәлемдемелерді қабылдауға арналған, автоматтандырылған пошта станциясы. Интернет-дүкендерден келетін тауарларды қабылдаудың ыңғайлы тәсілі ретінде іске қосылып, бір жүйеге келтірілген, жасақталған, әр түрлі көлемді 54 ұяшықтан тұрады.

Толығырақ
орнамент

Ресейлік әншілер де көмектеспек

Ауыр сырқатқа шалдыққан балалар қоғам назарында десек те, олардың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар аракідік болса да кездесіп жатады.

Жерлесіміз Владимир Кондрашов мүгедектігіне қарамастан өзгеге қол ұшын беріп, қайырымдылық жасауды парыз санайды.

Екібастұздық 5 жасар Әсем Ахметжанова мен 2,5 жастағы Настя Редьконың және ақсулық Яна Векличтің ауыр сырқатқа шал-дыққанын естігенде, Владимир өзін жайсыз сезінген.

Толығырақ
орнамент

Қыз теңін таппаса…

Сауда орталығындағы әйелдер бөлімінде жас келіншек көйлек өлшеп тұр. Белі қиыла тігілген көк көйлек құлын мүсінін айқындап, жараса кетті. — Аласыз ба?-деген сатушы қызға мұрнын тыржың еткізді. — Матасы арзандау екен. Оны қалай киемін? Басқасын қарастырыңыз,-деді әмірлі үнмен. Қыз үндемей, жағасы ойық қызыл көйлекті ұсынды. — Мама, маған да көйлек әперіңізші, -деді келіншектің кішкентай қызы…

Толығырақ
орнамент

Бұйырмаған ақша

Ол кезде біз Алматыда тұратын едік. Отбасында төрт жанбыз: жолдасым, мен және екі кішкентай бала. Бір даланда үш пәтер орналасқан. Бізге қарама-қарсы пәтердегі көршіміз — жалғызілікті кейуана. Өте сыпайы, сығырайыңқы көкшіл көздері күлімсіреп, адамға жылыұшырап қарайды.

Толығырақ
IMG_6296

«Су перісі» — сахнада

Атақты дат ертекшісі Ханс Кристиан Андерсеннің «Су перісі» ертегісін оқымаған адам кемде-кем. Ертегі жас жігіт пен қыздың арасындағы шынайы махаббатқа құрылған. Суасты патшалығының кенже қызы әпкелерімен бірге серуендеп жүріп, тұңғиыққа батып бара жатқан жер патшасының жалғыз ұлы, ханзаданы құтқарып қалады. Жас жігіт өте сымбатты еді. Сұлулығынан көз айыра алмаған су перісі оған ғашық болып қалады.

Толығырақ
1

Бір үйдің баласындай

Біздің еліміз – ұлттар мен ұлыстардың құтты мекені.

25 наурызда Достық үйінде қаламыздағы 12 этномәдени бірлестігі Жастар қанатының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бір үйдің баласындай» атты фестиваль өтті. Фестивальдің бағдарламасына сәйкес қатысушылар 4 аталымда сынға түсті.

Толығырақ
орнамент

Жеке куәлік төрт күнде рәсімделеді

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап төлқұжат пен жеке куәліктің дайындалу мерзімі 30 күннен 15 күнге қысқарғаны белгілі. Құжаттардың қысқа мерзімде дайындалғанын қаласаңыз, 2 не 4 күннің ішінде әзір болады. Бұл жөнінде ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев хабардар етті. «1 сәуірден бастап Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары құжат шығару орталықтары болғандықтан құжат дайындау…

Толығырақ