OLYMPUS DIGITAL CAMERA

«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

Халықаралық Қарттар күнінде кәсіпкер, қалалық мәслихаттың депутаты Манат Алғамбаров «Атамұра» мәдениет орталығында ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген қарияларға құрмет көрсетіп, дастархан жайды.

Кездесуде сөз алған ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесінің төрағасы Сембай Әубәкіров Манат Қажыбек-ұлының қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әрдайым қарттарға қамқор болып жүретінін айта келіп, кеңес атынан алғыс хат тапсырды.

Толығырақ
img-20161003-wa0014

Марал – үздік үштікте

Өткен аптада «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының бас-пасөз қызметкерлері Астана қаласында жиналды. «Тиімді PR және баспасөз қызметіндегі GR» тақырыбындағы екі күндік семинарға қатысқан баспасөз хатшылары PR саласының заманауи мүмкіндіктерін үйреніп, тәжірибе алмасып қайтты.

Толығырақ
орнамент

Мұғалімге құрмет сыйлықпен өлшенбейді

Бұдан он шақты жыл бұрын жақын туысыммен бірге отыз бес жыл бастауыш сыныпта сабақ берген зейнеткер ұстаздың үйіне барғаным есімде. Төрт бөлмелі дағарадай үйде ерімен ғана тұратын апай мақтанғысы келді ме, жоқ әлде шаруаның ретімен бе (ол жағын ұмыттым), қабырға жиһазын ашып қалғанда, төменгі бөлігінен самсаған хрусталь шыны ыдыстар көзді қарықтырды! Әйтсе де бұл қылығы ұстаз атына жараспайтынын сезді ме, біз жаққа жалт қараған ол дереу шкафтың есігін жаба қойды.

Толығырақ
img-20161022-wa0015

Жазылушы күні

Біздің қалада «Жазылушы күні» атты дәстүрлі шара өтіп тұрады. Бұл шарада газет-журналдарды жаздыртып алып оқитын адамдар кеңінен қамтылады, олар байланыс қызметкерлерімен жақынырақ танысып, мерзімді баспасөз жайлы пікірлерін ортаға салады. Жұртшылықты газет-журналдарға жазылуға шақырады. Осы акцияны ұйымдастыруға мұрындық болған «Қазпошта» АҚ-ның Екібастұздағы бөлімшесі тұр-ғындарға жеңілдіктер қарас-тырып, түрлі ойындар ұйым-дастырады.

Толығырақ
23e994d4a89dee8768c73c73abffea3b

Жарықдиодты шамдар: үнемді әрі тиімді

Екібастұз қаласында 2011 жылдан бері жарықдиодты шамдарды шығарумен айналысатын жергілікті компания — «Свет» ҒӨК ЖШС-і электр қуатын үнемдеуге айтарлықтай үлес қосуда. Жаңа технология нәтижесінде өткен жылы компания өнімін тұтынушылар 683 миллион теңге, яғни, 63 мың мВт электр қуатын үнемдепті.

Толығырақ
орнамент

МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУДЫ, — дейді жас кәсіпкер Әнуар Жұмаділов

Уақыт алға озған сайын жаңа технологиялар жалын ұстатпас жүйрік аттай ерекше қарқынмен дамып жатыр.  Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.

Толығырақ
img_6927

Инабатты Инесса

Бүгінде өзге ұлт өкілдерінің арасында баласын қазақ тілінде оқытуға ниетті ата-аналардың қатары артып келеді. Баласының болашағын Қазақ мемлекетімен байланыстырған олар еліміздің өркендеп, алға басуына пейілді. Сондай ата-аналардың бірі — №25 қазақ қыздар гимназиясының 7 «А» сынып оқушысы Инесса Легкаяның әжесі Наталья Валентиновна.

Толығырақ
dep

Шеткі аудандарда алаңшалар орнатылады

«Ақын болу шарт емес, азамат болу – міндет». Қаламыздағы су шаруашылығы басшыларының бірі Ләззат Бекбергенова халық қалаулысы атанбай тұрып-ақ ізгілікті істерімен көзге түсіп жүретін-ді. Қалалық мәслихаттың депутаттығына сайланғанымен негізгі жұмысынан қол үзбей, әркез халықтың ортасынан табылады.

Толығырақ

«Зерде» «IELTS» тестіне дайындайды

Бүгінде шетелде оқуға ниетті немесе шетелдік компанияда жұмысқа тұрғысы келген адамға қойылатын басты талаптың бірі – ағылшын тілін жетік меңгеру. Мұндай іске қадам жасаған адам алдымен ағылшын тілінен тестілеуден өтеді. «IELTS» ағылшын тілін халықаралық тестілеу жүйесіне 4 деңгейді меңгерген адам ғана жіберіледі.

Толығырақ