OLYMPUS DIGITAL CAMERA

«Гүлдер ханшайымы» Екібастұзда өсіріледі

Биыл 8 наурызда екібастұздық әйелдер қауымы раушан гүлдерге оранды. Мектепте қызмет істейтін Айымгүл Ерденқызы жолдасы 25 тал раушан гүлін сыйлағанда, әйел емес пе, бірден отбасы бюджетін ойлап, іштей «ақшадан тарығып қалмасақ» деп пендешілік ойға беріліп еді. Кейін өзге әріптестері де мерекеде жұбайларының мәрттік жасап, 30-50 талға дейін голландтық раушан гүлдерін тарту еткенін жарыса жеткізіп жатты. Сөйтсе, «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 станциясы» ЖШС-і жанындағы жылыжайда заманауи технологиямен өсіріліп жатқан гүлдердің бағасы небәрі 130 теңге тұрады екен.

Толығырақ

Аурухана қашан тапсырылады?

Көп жылдар бойы жөндеу көрмеген қалалық аурухананың терапевтік, хирургиялық және педиатриялық бөлімдері ғимараттарын заманауи қалыпқа келтіру шаралары жаз айында қолға алынды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, тендерде жеңімпаз атанған «Портал-ПВ» ЖШС-мен келісімшарт жасалды.

Толығырақ
орнамент

Ақша үнемдеу — байлыққа апарар жол

«Қарыз, өсімақы» дегенге үрейлене қарайтын біздің халқымыз біртіндеп өзі де атауынан ат үркетін ұғымдардың тұтқынына айналып бара жатқан секілді. Бүгінде екі адамның бірі – банк алдында борышкер. Несиесін алып, оны орнымен жаратып, уақытылы төлеп жатса жөн-ау.

Толығырақ
орнамент

Электронды әмияндағы ақша

Мектепте сабақ беретін Әлнұрдың бүгін де жүйкесі жұқарып келді. Ерінің қабағы қатулы екенін байқаған Әмина яғының ұшымен зыр жүгіріп қызмет көрсетті. Шешелерінің әлденеден жазықты болғанын аңғарған қыздары да жедел қимылдап, әкелерінің киімін іліп, үйге киетін тәпішкесін әперіп, әбігерге түсті.

Толығырақ
орнамент

Мешітте екінші намазхана ашылды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында, яғни, 9 қыркүйекте екібастұздық жамағат мешіттің екі залында да жұма намазын оқыды. Мешіттің жертөлесі бұрын артық-ауыс заттарды сақтайтын қойма ретінде пайдаланылып келген-ді. Алайда жұма, айт намаздарында жамағат мешітке сыймаған соң, сәуірде жертөлені жөндеу жұмыстары қолға алынды. Зал құрылысы халықтың қаражатына жүргізілді. Қомақты соманы танымал кәсіпкерлер: Тасболат пен Бекболат Әбуғожиновтар, Болат Қашағанов…

Толығырақ
izobrazhenie-013

Қалашықтың алғашқы тұрғындары

30 жыл – бір адамның ширек ғасырдан астам ғұмыры. Осы кезеңде алға жылжыған уақыт керуенімен бірге қоғам да өзгереді.  Бұдан отыз жыл бұрын қазіргі Солнечный қалашығы орналасқан мекенде құлазыған сары дала көсіліп жататын. 1979 жылы осы аумақта әйгілі МАЭС-2 станциясының құрылысы басталды. Станция іргетасының қалану рәсіміне сол кездегі Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Ә.Назарбаев және…

Толығырақ
орнамент

Қазақ мектебі салынады

Солнечный қалашығы күннен-күнге көркейіп келеді. Статистикаға жүгінсек, бүгінде кенттегі халық саны 6350-ге жетті. Мұнда 2 мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, кітапхана, пошта байланыс бөлімшесі, Балалар және спорт мектебі, хауыз жұмыс істейді. Кент әкімі Маржан Алшынбаевамен арадағы әңгіме қалашықтың бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында өрбіді. -           Маржан Қадырқызы, қалашықта мал шаруашылығы қалай дамып келеді? Мемлекеттік бағдарламаға қатысып,…

Толығырақ
shavdirovtar-otbasy

Отан отбасынан басталады

10 қыркүйек күні «Қайнар» ББК-нде Халықаралық Отбасы күніне орай «Жанұям – жан жылуым» атты фестиваль ұйымдастырылды. Фестивальға өз отбасының береке-бірлігін арттырып, шаңырағын ұйыстырып отырған төрт отбасы, атап өтсек: Шавдировтар, Цыбаневтар, Рақымжановтар және Юрьевтер отбасылары қатысты. Қонақтар кездесуде отбасы құндылықтары жайлы пікірлерін талқыға салып, қалыптасып, дағдыға айналған жанұя дәстүрлері жайлы әңгімеледі. Сонымен бірге жиналған қауым экраннан …

Толығырақ

Енді «Сауат ашумен» қоштасамыз ба?

«Менің атым – Әліппе, Мені анаңдай дәріпте! Мені оқып, ержеткен Бауыржан да, Мәлік те». Бұл өлең мектеп табалдырығын аттаған кешегі оқушылардың бәрінің көңілінде сайрап тұр. Әрі бұл «Әліппе» оқулығына арналған жалғыз өлең емес. «Әліппе» атауымен де, оқулықтағы түрлі-түсті суреттерімен де, оқыту тәсілінің ерекшелігімен де мыңдаған адамдардың жүрегін баурап алды. Кешегі қазақтың біртуар ұл-қыздары оқып, ержеткен…

Толығырақ

Арыз жазып, жігітті бопсалау — арға сын

Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөл-ген. «Қызға қырық үйден — тыйым, қала берді қара күңнен де» деген ұстанымды берік ұстанған. Қашанда ер намысы қыздың арымен өлшенген. Өкініштісі, бүгінде «қыздың ары – елдің ұяты» болудан қалып барады. Жеңіл олжа іздеген қайсыбір қыздар еште-ңеден тайынар емес. Қайсыбір қыздардың аңғал жігіттерді құрығына түсіріп, артынша ақша бопсалау…

Толығырақ