DSC00770-1

«Қызыл телпекті» үш тілде сөйлетті

28 сәуірде №24 балабақша бүлдіршіндері музыка жетекшісі Ирина Усоктың ұйымдастыруымен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімінде есепте тұрған 16 мүгедек бала мен олардың күтушілеріне ерекше тосынсый жасады.

Толығырақ
орнамент

Желілік бизнестегі қариялар

Бізбен бір үйде тұратын Аня әжеймен аралас-құраластығымыз болмаса да, амандығымыз түзу. Ірі денелі, бұйра шашы желкесіне түскен, үнемі боянып жүретін сәнқой әжейдің жасы жетпіске таяған. Бетін әжім басқан, екі иығын тік ұстап, аяғынан биік өкше тастамайтын әжейдің өзін жас қыздарша ұстағысы келетіні сырт көзге күлкі тудырады.

Толығырақ
орнамент

Дарындыға — дархан жол

Міне, тағы да бір оқу жылы аяқталғалы отыр. Жаңалық ашуға құмар, ізденімпаз, еңбекқор шәкірттерін қашанда мақтан ететін «Зерде» мектебінің қоржынында облыстық, республикалық, халықаралық пән олимпиадасы және ғылыми жобаларда жеңген жеңістер бар.

Толығырақ
4

Молдовалық кәсіпкер серіктестікке әзір

Жақында ғана Екібастұз қаласына арнайы іссапармен келген облыс басшысы Болат Бақауов өткен аптаның аяғында біздің қалаға тағы да ат басын бұрды. Бұл жолы әкім «ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин және «Молдова темір жолы» ЖТ бас директоры Юрий Топалмен бірге теміржолға қатысты кәсіпорындарды аралады.

Толығырақ
1

ЖАРЫЛЫС ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Биыл адамзатқа қасірет әкелген Чернобыль апатына – 30 жыл. Атом электр станциясындағы жарылыс салдарын жоюға елімізден жалпы саны 32 мыңнан астам адам қатысқан. Арада осынша уақыт өтсе де қайғылы оқиғаның жаңғырығы естен шығар емес.

Толығырақ
орнамент

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТІНЕ АТАҚТЫ ӘНШІЛЕР КЕЛМЕДІ

Біз газетіміздің өткен сандарының бірінде (№14 /1316. 2016 ж. 7 сәуір) екібастұздық волонтер Владимир Кондрашовтың қоғамдық пошта арқылы ауыр сырқатқа шалдыққан бүлдіршіндерге көмек қолын созуды сұрағанын, алғашқылардың бірі болып мәскеулік «Лейся песня» және «Красные маки» вокалды-аспаптар топтарының және павлодарлық әнші Серік Мусалимовтың үн қосқанын, 19-20 сәуірде «Өнер» ҚМО-да қайырымдылық концерттерді өткізуге шешім қабылдағанын жазған едік.

Толығырақ
орнамент

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ: жұмыстағы зейнеткерлер һәм жұмыссыз жастар

Зейнет жасына жеткенімен, әлі де еңбектен қол үзбей келе жатқан адамдар санына назар аудармасыңа қоймайтын статистиканы ranking.kz сайты жариялады: 2015 жылы алпыстан асқан жасында жұмыс істеп нәпақа табуға мәжбүр болып отырған қариялар саны екі есе артып, 21,2 мың адамға жеткен. Ал бұған дейін, керісінше, жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер саны 2013 жылы — 19%-ға, 2014 жылы 31%-ға азайған болатын. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде елімізде екі миллионға жуық зейнеткер бар екен.

Толығырақ
субботник

Қала тазарып, ажары кірді

Әркімнің туған жері өзіне ыстық. Әр адам өзі тұрған қаласының таза болғанын қалайды. «Тазалық — денсаулық кепілі» деген ұстанымды да бәрі біледі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, 16 сәуірде екібастұздықтар ұйымшылдық танытып, сенбілікке қатысты.

Толығырақ
роботехjpg

«Роботикс» студиясы ашылды

Оқырман қауымның есінде болса, газетіміздің өткен сандарының бірінде қаламызда еліміздің түкпір-түкпірінен келген робот техникасы білгірлерінің қатысуымен республикалық семинар өткенін жазған едік.

Толығырақ