1

Бір үйдің баласындай

Біздің еліміз – ұлттар мен ұлыстардың құтты мекені.

25 наурызда Достық үйінде қаламыздағы 12 этномәдени бірлестігі Жастар қанатының қатысуымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бір үйдің баласындай» атты фестиваль өтті. Фестивальдің бағдарламасына сәйкес қатысушылар 4 аталымда сынға түсті.

Толығырақ
орнамент

Жеке куәлік төрт күнде рәсімделеді

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап төлқұжат пен жеке куәліктің дайындалу мерзімі 30 күннен 15 күнге қысқарғаны белгілі. Құжаттардың қысқа мерзімде дайындалғанын қаласаңыз, 2 не 4 күннің ішінде әзір болады. Бұл жөнінде ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев хабардар етті. «1 сәуірден бастап Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары құжат шығару орталықтары болғандықтан құжат дайындау…

Толығырақ
орнамент

Автомектептер жабыла ма?

Жүргізуші куәлігіне автомектепке бармай-ақ қол жеткізуге болады.

Бұл хабарды 29 наурызда ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткізген брифингте ресми түрде жариялады.

Жаңа жүйе тек мотоцикл мен жеңіл автокөліктерді жүргізетіндерге, яғни, «А» және «В» санаттарына ғана қатысты.

Толығырақ
орнамент

Учаскелік инспекторды танисыз ба?

- Өткен жылы ПИК басшылары мен учаскелік инспекторлардың жиынын өткізгенде, алдыңғылардан: «Учаскелік инспекторыңызды танисыз ба?» — деп сұраған едік, бірде-бірі өз инспекторын көрсете алмады. Тәртіп сақшысы халықтың ортасында жүрмесе, қылмысты құрықтау мүмкін емес,-деді қала әкімі Александр Вербняк құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысында.

Толығырақ
орнамент

Сатушы тәубасын ұмытты ма?

Кешегі күні киім сататын дүкендердің біріне бардым. Ол жерде балабақша жасындағы қызын ерткен жас келіншек сауда жасап жүрді. Сатушы — орта жастан асқан өзге ұлт өкілі. Ол осы бөлімге жиі бас сұғатын келіншекті жақсы танитын болса керек. Сөрелерді аралап, жаңа үлгідегі балалар сырт киімдері мен кеудешелерді, көйлектерді көрсетті.

Мектеп жасындағы балаларға екі-үш киім сатып алған жас ана қолма-қол ақшасын төледі.

Толығырақ
1

Жылдам есептеудің тәсілін ұсынды

Өткен жылдың күзінде «Зерде» мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің 4-сынып оқушысы Әмина Құспекова Павлодар қаласында өткен «Зерде» ғылыми жобалар сайысында математика секциясы бойынша «Ауызша есептеудің тиімді тәсілі» тақырыбында еңбегін қорғап, республикалық сайысқа жолдама алған болатын.

Толығырақ
олжас

Олжас тұлғасын асқақтатты

Наурыз – бірлік пен татулық мейрамы. Әрі ұлттар мен ұлыстардың басын қосатын мереке. Наурыз нақыштарын айшықтау, оның маңызы мен мазмұнын арттыру адамдардың қиялының ұшқырлығына байланысты. Қаламыздағы «Горводоканал» кәсіпорны жылда мерекені ұлттық нақышта, танымдық тұрғыда өткізуге күш салады.

Толығырақ
орнамент

Құлакөлдегі мереке

- Қыздар, біздің үйдің үлкендері Наурызды тойлап кетті. Біз де бастаңғы жасайық, — деді Мәдина келін құрбыларын қонаққа шақырып. Қыз-келіншектер оңаша үйде дастархан жайып, ән мен жырға кезек беріп, мәре-сәре болды. Наурыз мерекесі күні Құлакөл ауылында да қызықты думан басталды. Еркеш Мұсабекова бас-таған әжелер қауымы қалыңдыққа сырға салу, тұсау кесер рәсімдеріне қатысты. Мұхтарима әже баланың…

Толығырақ
али

Ұры ит

31-ші шағынауданнан берірек «Күзет» ғимаратына жақын тұстағы кортқа судың құйылғанын бала біткен асыға күтті. Су қату үшін ауаның температурасы кемінде 15 градус болуы керек. Қырсық шалғанда, желтоқсан айында күн күрт жылынып, корттағы мұз еріп кетті. «Зерде» мектебінде 4-сыныпта оқитын ұлым Әлихан сабақтан оралғанда міндетті түрде корттың қасынан өтеді. Күн жылы ма, суық па – онда шаруасы жоқ. Бастысы, су құйылып, мұз қатса болғаны.

Толығырақ