DSC_4611

Мерейлі мереке

Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында қала әкімдігінде қаламыздың дамуына үлес қосқан түрлі сала мамандарына құрмет көрсетілді. Қала әкімі Александр Вербняк жиында бала өсірудің мехнатына қарамастан халық санының өсуіне ықпал етіп жүрген бірқатар анаға қошемет көрсетіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерін атады.

Толығырақ
гайну

«Қуатбасқармасы» — қаламыздың құрдасы

Райс Гайнулин басқаратын «Қуатбасқармасы» ЖШС-і – Екібастұз қаласының құрдасы.

Тарихқа бойласақ, 1957 жылдың 12 сәуірінде «Иртышуголь» тресіне қарасты «Қарағанды-көмір» комбинаты басшысының бұйрығымен жаңа кәсіпорын — «Қуатбасқармасы» құрылады. Кәсіпорынның алғашқы директоры – Аркадий Кольцов, бас инженері қызметіне Борис Гладких тағайындалады.

Толығырақ
DSC_2453

Еңбеккерлер мерейі тасыған күн

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Самұрық-Энерго» АҚ мен ресейлік «РусАЛ» компаниясының бірлескен кәсіпорны болып табылатын «Богатырь Көмір» компаниясының кеншілері  өзгеше тарту жасады: осы күні көмірдің мерейтойлық 1,5 миллиардыншы тоннасын өндірді.

Толығырақ
DSC_2128

Дебат клубы қайта жанданды

Біздің қалада қазақ тіліндегі дебат клубы 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Оны алғаш ұйымдастырған — №26 гимназия-мектебінің түлегі Теміржан Резуанов. Соңғы үш жылда әлдебір себептермен жұмысын тоқтатқан дебат клубының жұмысы биыл қайта жанданды.

Толығырақ
орнамент

Бізде неге ұлттық асхана жоқ?

Біздің қаладағы кез келген асханаға кірсеңіз, қазақтың ұлттық тағамын көрмейсіз. Сұйық тамақтан борщ, көже үзілмейді. Ал кеспе ілуде бір кездеседі. Одан кейін «котлет», «французша ет», «түшпара», «манты», «омлет», «хот-дог» дегендей атауы шетелше тағамдар самсап тұрады.

Толығырақ
орнамент

Мердігер таңдауда тұрғындарға көмек керек

Екінші мәселе – қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының іске асырылуы жөнінде  қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Л.Векшина хабарлама жасады.

Толығырақ
орнамент

Әзірге жаңа үй салынбайды

Біздің қалада жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі қалай орындалуда? Қала әкімдігінің кезекті отырысында осы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыға салынды.

Толығырақ
Нур Отан

Жаңа жобалар жүзеге асырылады

Жақында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының Павлодар облысындағы өкілі Элеонора Ким Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттарымен және «Горводоканал» кәсіпорны директорының міндетін атқарушы Ләззат Бекбергеновамен кездесті.

Толығырақ
орнамент

Станцияның үздік мамандары

ГРЭС-2 станциясында дәстүрлі «Кәсібінің майталманы» атты сайыс өтті. 2014 жылы бұл сайыс тек қана жұмысшылардың арасында ұйымдастырылса, осы жылы «Үздік маман» сайысын өткізу шеңбері кеңейді, кәсіби шеберліктің байқау шарасында цех басшылары да бақтарын сынады.

Толығырақ