IMG_0417

Ұшақ аспанда қалықтады

Қазанның жылы күндерінде небәрі 5 минутқа жуық қалықтаған ұшақты екібастұздықтар қызыға тамашалады.

Бұл ұшақтың өзгелерден ерекшелігі — оны «Қайнар» ББК-дегі Валерий Жабин жетекшілік ететін авиажобалау үйірмесінің оқушылары құрастырып шықты.

Толығырақ
статистика

Сандарды сөйлеткен сала

8 қарашада еліміздегі статистика қызметіне 95 жыл толады. Тарих беттерін парақтасақ, 1920 жылдың 8 қарашасында Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының үкіметі «Қазақ АКСР мемлекеттік статистикасы туралы ережесін» қаулымен бекітіп, сол негізде Қазақ АКСР-нің Статистикалық басқармасы құрылды.

Толығырақ
орнамент

Тарифті көтеруге келіспеді

Үстіміздегі жылдың тамыз айынан бері азық-түлік, киім-кешек, қызмет көрсету бағасы күрт қымбаттады. «Жұт – жеті ағайынды» демекші, коммуналдық қызметтер де жаңа жылдан бастап өз қызметтерінің ақысын көтеретінін мәлімдеді.

Толығырақ
орнамент

Адал асты ажырата білейік

Ислам дінін ұстанған көпшіліктің шошқа еті қосылмаған өнімдерді тұтынуға деген сұранысы кәсіпкерлер тарапынан қолдау тауып, «Халал» белгісі бар азық-түлік түрлерінің көптеп шығарыла бастағаны мәлім.

Толығырақ
балабакша

Балабақша – тәрбиенің тал бесігі

Қазақ халқы қай дәуірде болмасын ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұрпақ тәрбиесін ұлт тағдырынан бөліп қарамаған. Тәрбие мәселесінде баланың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді мақсат тұтқан.

Бүгінде ата-аналары мектепке дейінгі жастағы бөбектерін балабақшаға, ондағы тәрбиешілерге сеніп тапсыратын болды.

Толығырақ
DSC_8855

Көңілі қазақ қария

«Замандас» ардагерлер кеңесінің төрағасы, қаламызға сыйлы азамат Анатолий Медведев 75 жасқа толды.

Анатолий Антонұлының мерейтойы «Қайнар» ББК-де аталып өтіп, қадірменді қарияны  қала әкімі Александр Вербняк, қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков, облыстық мәслихат депутаттары Раис Гайнулин, Гүлнәр Досжанова, кезінде ардагермен қоян-қолтық қызмет істеп, тәлімін көрген әріптестері, оның азаматтық болмысын үлгі тұтатын қаланың қарапайым тұрғындары құттықтады.

Толығырақ
Бейбут

Лебяжілік азамат аяқ киім тігуді қолға алды

Біздің елімізде аяқ киім тігумен айналысатын кәсіпорындар саусақпен санарлық. Сондықтан да болар, бізде аяқ киімге деген сұраныс өте жоғары. Жақында облыстық телеарнадан лебяжілік азамат Бейбіт Хадисұлының аяқ киім тігумен айналысатыны жайлы хабар көрсетілді.

Толығырақ