1

Ақ жол саған, жас түлек!

16 маусым күні «Қазақстан» кинотеат-ры алаңында мектеп бітіруші түлектер кеші өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Қайрат Нүкенов қатысып, биылғы жыл түлектерін өмірдегі тариxи сәттерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Айта кетерлігі,  биыл 753 түлек алтын ұя – мектебімен қоштасты. Олардың 38-і «Алтын белгі» тағынды. Ал 9 түлекке «Ерекше үлгідегі аттестат» табыс етілді.

Толығырақ
Гайнуллин

Райс Гайнулин: «Басты міндет – қаланы көркейтіп, талантты жастарды қолдау!»

Біздің қалада «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі 2003 жылдың 18 наурызында құрылды. Бүгінде бірлестікте 9000-нан астам адам бар және олардың қатары күн санап артып келеді. Бірлестіктің қазіргі төрағасы Райс Гайнулин осы қызметке 2007 жылы кіріскен. Мұнда ресми түрде екі-ақ адам еңбек етеді: Райс Гайнулин және бухгалтер.

Толығырақ
images

ХV Еуразиялық медиа форум: журналистика үздіксіз даму үстінде

Жаһандану дәуірінде өз қазанында қайнай берген елдің көп дүниеден ұтылатыны анық. Мұндайда бағытбағдарды айқындау үшін  шетелдік танымал сарапшылардың қатысуымен мазмұнды сұхбат жүргізетін өзара пікірсайыс алаңы аса  қажет. Осы мақсатты айқын түсінген Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаеваның бастамасымен 2003 жылдан бері елімізде Орталық Азиядағы тәуелсіз алаң аталған Еуразиялық медиа форум өткізіліп келеді.Биыл он бесінші рет өткізіліп отырған «Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» деген тақырыптағы форумға еліміздің түкпір-түкпірінен танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, беделді халықаралық ұйымдардың, зерттеу орталықтарының басшылары, тілшілер қатысты.

Толығырақ
орнамент

«Эссе жазып берші!»

Қолымызға қалам ұстаған соң ба, осындай өтінішпен хабарласатындар көп. Көпшілігі – мұғалімдер қауымы.

Жұмыста газеттің кезекті нөміріне мақала жазып отыр едім, ұялы телефоныма қоңырау түсті. Қарасам, білім саласында қызмет істейтін танысым. Тұтқаны көтеріп ем, амандық-саулықтан соң бірден бұйымтайына көшті: «Маған таңертеңге дейін «Білім саласындағы жаңашылдық» деген тақырыпта А4-форматындағы қағазға екі бетке эссе жазып бере қойшы», — деді қиылып. Негізгі мамандығым журналист болғандықтан, мен үшін мұғалімдік – бейтаныс сала.

Толығырақ
P1300905

Павлодарда этноауыл ашылды

Павлодар қаласындағы Гагарин саябағында облысқа қарасты аудандар мен қалалар 28 этноауыл құрды. Әр аудан екі киіз үйден тіккен.

Осы күні ертемен саябаққа жан бітті десе болады. Әр киіз үйдің жанында орамал тағып, ас  қамымен жүрген қыз-келіншектер. Балалар мен жастар  алтыбақанда тербетілсе, бір қауым ел киіз үйдің жанындағы томағасы алынбаған бүркітті тамашалап тұр. Қайсыбір киіз үйлерден шыққан әсем ән қозы көш жерден естіледі.

Толығырақ
DSC_0048

ИНВЕСТОРЛАР НАРЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДЕ

Өткен аптаның соңында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов инвесторлармен бірге Екібастұз қаласына арнайы іссапармен келді. Қала сыртындағы әуежайға жол тартқан аймақ басшысы  шетелге экспортталатын түрлі өнім орталығы Екібастұз әуежайының базасында ашылуы мүмкін екендігін жеткізді.

Екібастұз қаласынан 16 км. қашықтықта орналасқан әуежайды 1998 жылы жергілікті кәсіпкер Мирон Исанов өз меншігіне сатып алған болатын. Сол жылдары ЯК-40, ЯК-42, ТУ-134, ИЛ-86 ұшақтары тапсырысқа қарай Алматы, Астана, Павлодар, Мәскеу бағыттарына ұшты.

Толығырақ
МЕКТЕП

Мектебім – әнім, гүл-бағым

Биыл еліміздегі бірегей білім ордасы – қазақ қыздар гимназиясының ашылғанына- 25 жыл.

Ширек ғасырлық белесті бағындырып отырған аталмыш қыздар гимназиясы білім берумен ғана шектелмей, ұлттық рухтағы жастарды тәрбиелейді. «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігі, «Атамұра» мәдениет орталығы директоры Нұрсұлу Төлеубаева және мұғалімдер мен оқушылар қатысқан шарада мектеп директоры Саламат Избастина гимназияның ұстанымына кеңірек тоқталды. 

Толығырақ
орнамент

Сахна үшін жаралған бала

№16 «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіні Жәлел Ибрагим – өнерге жақын бала. Тәрбиешісі Айжан Шайғазы оның қабілетін алғашқы күннен байқаған екен. Жәлелмен ерінбей-жалықпай жұмыс істеп, оның қабілетін шыңдауға кіріскен. Жан-тәніңмен атқарған жұмыс қашанда нәтижесін береді емес пе? «Әнді құр дауыстап айтып шығу аз. Оны бойыңнан өткізіп айту керек. Қазақстан туралы әнді шырқағанда, қазақтың кең даласын елестетуің керек»,…

Толығырақ
орнамент

Ауыл клубтары неге суық?

Екібастұз өңірінде бүгінгі күнге дейін 18380 адамның мәртебесі анықталмаған. Қала әкімдігінің кезекті отырысында мұның себебін жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Үміт Айтбаева төмендегідей түсіндірді: кейбір адамдар жұмыс істейтін орнының атауын дұрыс көрсетпеген, қайсыбірі өзінің жұмыс істейтінін растайтын құжаттарды тапсырмай отыр. 

Толығырақ
DSC_0100

Ресейге он екі мың тонна көмір жөнелтілді

4 мамыр күні Екібастұз-2 станциясынан 12 мың тонна көмір артқан KZ8A сериялы ауыр құрамды пойыз Ресейге аттанды. 129 вагон тіркеген үш секциялы электровоз Ресей Федерациясының Малорефтинк станциясына тәуліктен аса уақыт жүреді.

«ҚТЖ ҰК» АҚ тіркемелі жылжымалы құрамды пайдалану жөніндегі департамент директоры Ерлан Жұмасиловтың айтуынша, ауыр жүк тартатын пойыздарды жасақтау соңғы жылдары аса маңызды болып отыр.

Толығырақ