орнамент

Өлімді жерде ағайын семіре ме?

Бүгінде өлікті жөнелту бәсекеге айналып кетті. Ертеде елде атеистік сана қалыптасқан тұста қазалы үйде молда түнімен құран аударып, қонақасыда бес-алты адам ғана отыратын. Дастарханға бауырсақ, сары май, қант-кәмпит қана қойылатын. Қайғыға салынған марқұмның туыстарына қосымша жүк артылмайтын.

Толығырақ
кайролла кажы

Рамазан –рахмет айы

Маусымның 18-інде мұсылман әлемінің маңызды ғибадат айы — қасиетті Рамазан айы басталады. Рамазан айы – жыл он екі айдың ішіндегі ең қайырлысы, шоқтығы биік сұлтаны. Бұл ай күллі адамзат баласына ақ пен қараны ажыратып, тура жол нұсқаушы – қасиетті Құран Кәрім түскен ай.

Толығырақ
орнамент

Киімнің бағасы қалта көтермейді

Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласының шешілмей отырғандығы, жасыратыны жоқ, «жабайы сауданың» қарқынды дамуына жол ашып берді. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге жиырма жылдан асса да осы мәселе түйінін таппай келеді.

Толығырақ
орнамент

Ер адамды суицидтен құтқарды

Жақында Шідерті кентінде оқыс оқиға орын алды. Екі қабатты үйде тұратын 40 жастағы жұмыссыз ер адам мас күйінде газ баллонды жарып жіберуге әрекеттенді. Қоңырау түскен сәтте №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел жетті.

Өрт сөндірушілер келген бетте 18 тұрғынды эвакуациялап, полиция қызметкерлері үйді қоршап алды.

Толығырақ

Несібесі артқан Шиқылдақ

«Отарқа» газеті оқырмандарының бір шоғыры ауылдық аймақтарда отырғандықтан елді мекендерге шығып, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысу – журналистер үшін қалыпты жағдай. Біз бұл жолғы сапарымызды Екібастұз қаласынан 90 шақырымдай жерде орналасқан Шиқылдақ ауылынан бастадық.

Толығырақ
Изображение 004

Жарты ғасыр жұбын жазбаған

Жастайынан арына дақ түсірмеген Кәкеш пен Балшакар Айдархановтардың бір шаңырақтың астында ғұмыр кешкендеріне елу сегіз жыл толды. Бүгінгі әңгімегімізге арқау болғалы отырған жаны жайсаң, жүздерінен нұр төгілген қариялар – өмір өткелінен сүрінбей өткен жандар.

Толығырақ
орнамент

Махаббат азабы

Сонау түкпірдегі Ақтұмсық ауылында да көктемнің алғашқы лебі сезілді. Орман ішінде  алты ай бойы сіресіп жатқан ақ қардың ізі де қалмаған. Қалың жауған қар орманды тұтас жапқандықтан Гүлбаршынға енді жаз келместей көрінетін.

Толығырақ
орнамент

Қаңғыбасты да «тұлға» дейміз бе?

«Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған мекеме». Мекеменің кімдерге арналғаны айтпаса да түсінікті. Әйтсе де менің көкейіме қонбайтын бір мәселе бар. Аты айтып тұрғандай, белгілі тұрағы жоқ қаңғыбастарды қоғамда өзіндік орны бар, еліне еңбегі сіңген азаматтармен қатар қойғанымыз ба, қалай?

Толығырақ
орнамент

Келінді қызыңдай көр

«Отбасы» бетінде ене мен келін, жеңге мен қайынсіңлі, абысындар арасындағы мәселе жиі көтерілетіндіктен, мен де қолыма қалам алып, өмірден түйген ойларымды қағаз бетіне түсіруді әдетке айналдырдым. Енді қолыма қалам алуыма түрткі болған жайды баяндап берейін.

Толығырақ