74_big

Электр қуатына сұраныс артуда

МАЭС-1 станциясы биылғы жылы 19,9 миллиард киловатт сағат электр энергиясын өндіруді жоспарлап отыр. Оның 6,1 миллиарды көршілес Ресей Федерациясына жіберілмек. Өткен жылы аталмыш станция 14,8 млрд. киловатт электр энергиясын өндірді. Соның 4,7 миллиарды Ресейге асырылды. Станцияда электр энергиясын босату бағасы – (қосымша құн салығын есептемегенде) – 8,42 теңге. 

Толығырақ
191333ff6477895ba0ed4302bf1

Энергетиктер әулеті

 «KEGOC» АҚ-да Қазақстан энергетикасы саласында Мұсабековтер әулетінің үшінші буыны еңбек етіп келеді. Әулет ақсақалы — Мұсабек Әбілғазин ілгеріде Қарағандыда электр механигі болып жұмыс істеген. Ұлы Зейнолла – Павлодар индустриалды институтының түлегі. Жоғары оқу орнын аяқтаған жас маманды бірден Алматыға желілік қорғау және автоматика саласына шеберлігін шыңдауға жібереді. 

Толығырақ
4

Ерғанат — Екібастұздың мақтанышы

Биыл Екібастұз қаласында бірқатар көше атаулары өзгертілді. Западная көшесіне Ерғанат Көшербаевтың есімі берілді. Көпшілік есімдері елге танымал тұлғаларды оң қабылдағанмен, Ерғанат Көшербаевқа келгенде, тосырқап қалды.

Толығырақ
DSC_3635

Лицейде «сырға салып, қыз ұзатты»

Күн жылынып, жер аяғы кеңіген шақта ашылғанына үш жыл болған облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-интернатында педагогикалық ұжым  мен оқушылар және ата-аналар Наурыз мерекесін атап өтті.

Толығырақ
орнамент

Райс Гайнулин майдангерлерге құрмет көрсетті

Облыстық мәслихат депутаты Райс Гайнулин Оңтүстік округтен сайланды. Екібастұз қаласында Ұлы Отан соғысына қатысып, қан майданды бастан кешкен 10 ардагер тұрса, соның 5-уі – осы округтен.

Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Райс Харисұлы өз округінде тұратын үш ардагер: Александр Щетчиков, Александра Ладоненко және Зейнолла Сүлеевтің үйлеріне барып, Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. 

Толығырақ
орнамент

Тазалық айлығы басталды!

8 сәуір күні қаламызды қоқыстан тазарту мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Екібастұзда қалыптасқан дәстүрге сай сенбілік бізде жұмадан бастау алады. Кәсіпорындар, мекемелер, мектептер, колледждер қолдарына кетпен-күректерін алып, тазалық жұмыстарына ерте кірісіп кетті.

Толығырақ
DSC_0322

7 пайыздық ипотека қыркүйекте беріледі

Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Теміржанов және Сергей Звольский Ел Президентінің бес әлеуметтік бастамасына түсініктеме беру мақсатында МАЭС-1 станциясы жанында ашылған қызанақ және раушан гүлдерін шығаратын жылыжайларға барып, жұмыскерлермен кездесті.

Толығырақ
орнамент

Ел экономикасының дамуына серпін беруде

Павлодар облысы және Екібастұз қаласының тұрғындары үшін «KEGOC» АҚ-ның атауы жақсы таныс. Бұл компания Екібастұздағы ірі кәсіпорындар: Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС-і,  «МАЭС-2 Екібастұз станциясы» АҚ, «ЕЭК» АҚ және «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-іне қарасты құрылымдық бөлімшелермен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Толығырақ