сканирование0010

Үміті мен арманын желкен етіп

- Кейде адамдардың шектен тыс қатыгездігіне күйінесің. Бірақ соған бола өмірден түңілу де дұрыс емес. Диана айы-күніне жетпей туды. Оның үстіне, дәрігерлер «туабітті сал ауруы» деген диагноз қойды. Осы жағдайды көрген қызымның жігіті қиын сәтте демеу болудың орнына қарасын батырды, — деді тілші екенімді естігенде, Светлана Юрьевна ағынан жарылып.

Толығырақ
IMGL9810

Жаңғырту бағдарламасы табысты аяқталды

Үстіміздегі жылдың сәуір айында «Богатырь Көмір» компаниясы СРс(К)-2000 маркалы роторлы экскаваторларды жаңғырту бағдарламасын қолға алды. Тау-кен өндіру саласына арналған бұл роторлы экскаваторлар өткен ғасырда сексенінші жылдардың ортасында сатып алынған еді. Айта кетерлігі, 2009 жылдан бастап осы бағдарлама шеңберінде «Богатырь» кенішінде №№1143, 1144, 1145, 1146 роторлы экскаваторлар техникалық қайта жабдықтау үдерісінен өтті. «Богатырь Көмір» кенішіндегі айтулы…

Толығырақ
DSC_0231

Соғыс ардагері – 93 жаста

4 қараша күні Ұлы Отан соғысының ардагері, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы Октябрина Илларионовна Борисова 93 жасқа толды. Шаһар басшысы Қайрат Нүкенов ардагерді туған күнімен құттықтап, сый-сияпатын тапсырды.

Толығырақ
DSC_0012

Ерекше үйдегі жігерлі жастар

Орыстың атақты жазушысы Лев Толстой: «Табиғатта жерден жұлынып алып, құнарсыз құмға тастаған өсімдіктердің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» деген екен. Бұл тәмсіл, әсіресе, жасөспірімдік кезеңдегі балаларға қарата айтылған ба дерсің!

Толығырақ
орнамент

Менің әжем

Әкем 49 мүшел жасында дүние салғанда, мен небәрі 10 жастағы бала едім. Есім кіріп қалса да, оны өлдіге қимадым.  Сырттай еңіреп жыласам да, іштей үйге жарқ етіп кіріп келетіндей елегізідім… Мәйітті кебіндеп, кілемге орап жүк машинасына салғанда ғана санамда «Мәңгілікке айырылдым-ау» деген ой қылаң берді.

Толығырақ
DSC_0003

Жаңа үй тұрғындарын күтеді!

Біздің қалада стратегиялық бағыттардың біріне жататын тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға өсуде. Атап өтерлігі, биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңадан салынған үйлер қолданысқа беріле бастады. 1 қараша күні «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»

Толығырақ
11

Қазақ қыздар гимназиясының ғимараты тарлық етуде

Еліміз тәуелсіздігін жариялап, жетпіс жыл бойы жоғалтқанымызды түгендей бастаған тұста Екібастұздағы дарынды педагогтардың бірі Ләйла Сырымбетова ерлікке пара-пар іске тәуекел етіп, қазақ қыздарын жаңаша тәрбиелеудің тұжырымдамасын жасады.  Нәтижесінде Қазақстанда бірегей жоба – мемлекеттік тілде білім беретін қазақ қыздар гимназиясының тұсауы кесілді.

Толығырақ
DSC_0089

Жол белгісі – қауіпсіздік кепілі

 «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірлесіп жер-жерде «Жолда қабылдау» атты республикалық акция ұйымдастыруда. Акция аясында барлық азаматтарға құқықтық көмек көрсетіледі, тиісті кеңестер беріледі. Сонымен бірге, республикалық маңызға ие жол құрылыстарының сапасы тексерілмек.

Толығырақ
DSC_0167

Бірлестіктің баянды істері

Алдағы уақытта біздің өңірді дамытуға арналған түрлі бағдарламалар қабылданбақ. Әйтсе де олардың жүзеге асырылуы біздің қаншалықты үлес қосқанымызға байланысты болмақ. Екібастұз өңірінің қарқынды дамуына сүбелі үлес қосып жүрген «Екібастұздың болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі 2003 жылы құрылғаны белгілі.

Толығырақ
153504

Оптикалық қызметтердің көбеюі ойландыра ма?

Банкте бірнеше адам отырмыз. Менің қасымдағы қыз қолындағы қағазға әрі-бері шұқшиып,  көзі жетпегесін қолымен көрсетіп: «Нөмірін айтып жібермейсіз бе?» — деді биязы үнмен. Мен қағазда жазылған санды айтқан соң, жылы жымиды. Сырттай сыр білдірмесем де, іштей ой тұңғиығына бойладым.

Толығырақ