img-20161015-wa0001

Озық технологиялар тиімді пайдаланылуда

Еліміздің инновациялық дамуы бағытындағы серпінді жобалардың ішінде аса салмақтысын «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (Еуразиялық Топ құрамына кіреді) өз мойнына алғанын  аймақ жұртшылығы жақсы біледі. Осы бағыттағы айтулы жобалардың бірі – циклді-ағынды аршу кешені Екібастұз қаласындағы отыз жылдан астам тарихы бар «Шығыс» кенішінде жүзеге асырылғанын да мақтанышпен атап өткеніміз жөн.

Толығырақ
орнамент

Арзан пәтер – алаяқтарда ғана

Пәтер мәселесі — қазақтың бас қайғысы. «Үйі бардың күйі бар» дейді халық даналығы. Баспанаға деген сұраныс өскен сайын қылмыс түрлері де етек алуда. Бағаның асау аттай құрық бермей, шарықтауынан үміт үзген адамдардың қайсыбірі арзанырақ пәтер алудың жолдарын қарастыратыны жасырын емес.

Толығырақ
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

«Қарттарым, аман-сау жүрші!»

Халықаралық Қарттар күнінде кәсіпкер, қалалық мәслихаттың депутаты Манат Алғамбаров «Атамұра» мәдениет орталығында ауыл шаруашылығы саласына еңбегі сіңген қарияларға құрмет көрсетіп, дастархан жайды.

Кездесуде сөз алған ауыл шаруашылығы ардагерлері кеңесінің төрағасы Сембай Әубәкіров Манат Қажыбек-ұлының қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әрдайым қарттарға қамқор болып жүретінін айта келіп, кеңес атынан алғыс хат тапсырды.

Толығырақ
img-20161003-wa0014

Марал – үздік үштікте

Өткен аптада «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарының бас-пасөз қызметкерлері Астана қаласында жиналды. «Тиімді PR және баспасөз қызметіндегі GR» тақырыбындағы екі күндік семинарға қатысқан баспасөз хатшылары PR саласының заманауи мүмкіндіктерін үйреніп, тәжірибе алмасып қайтты.

Толығырақ
орнамент

Мұғалімге құрмет сыйлықпен өлшенбейді

Бұдан он шақты жыл бұрын жақын туысыммен бірге отыз бес жыл бастауыш сыныпта сабақ берген зейнеткер ұстаздың үйіне барғаным есімде. Төрт бөлмелі дағарадай үйде ерімен ғана тұратын апай мақтанғысы келді ме, жоқ әлде шаруаның ретімен бе (ол жағын ұмыттым), қабырға жиһазын ашып қалғанда, төменгі бөлігінен самсаған хрусталь шыны ыдыстар көзді қарықтырды! Әйтсе де бұл қылығы ұстаз атына жараспайтынын сезді ме, біз жаққа жалт қараған ол дереу шкафтың есігін жаба қойды.

Толығырақ
img-20161022-wa0015

Жазылушы күні

Біздің қалада «Жазылушы күні» атты дәстүрлі шара өтіп тұрады. Бұл шарада газет-журналдарды жаздыртып алып оқитын адамдар кеңінен қамтылады, олар байланыс қызметкерлерімен жақынырақ танысып, мерзімді баспасөз жайлы пікірлерін ортаға салады. Жұртшылықты газет-журналдарға жазылуға шақырады. Осы акцияны ұйымдастыруға мұрындық болған «Қазпошта» АҚ-ның Екібастұздағы бөлімшесі тұр-ғындарға жеңілдіктер қарас-тырып, түрлі ойындар ұйым-дастырады.

Толығырақ
23e994d4a89dee8768c73c73abffea3b

Жарықдиодты шамдар: үнемді әрі тиімді

Екібастұз қаласында 2011 жылдан бері жарықдиодты шамдарды шығарумен айналысатын жергілікті компания — «Свет» ҒӨК ЖШС-і электр қуатын үнемдеуге айтарлықтай үлес қосуда. Жаңа технология нәтижесінде өткен жылы компания өнімін тұтынушылар 683 миллион теңге, яғни, 63 мың мВт электр қуатын үнемдепті.

Толығырақ
орнамент

МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУДЫ, — дейді жас кәсіпкер Әнуар Жұмаділов

Уақыт алға озған сайын жаңа технологиялар жалын ұстатпас жүйрік аттай ерекше қарқынмен дамып жатыр.  Ақпараттық технологиялар саласындағы бәсекелестік дүниеге жаңа, тың әрі қолжетімді техника мен технология түрлерін әкелуде.

Толығырақ
img_6927

Инабатты Инесса

Бүгінде өзге ұлт өкілдерінің арасында баласын қазақ тілінде оқытуға ниетті ата-аналардың қатары артып келеді. Баласының болашағын Қазақ мемлекетімен байланыстырған олар еліміздің өркендеп, алға басуына пейілді. Сондай ата-аналардың бірі — №25 қазақ қыздар гимназиясының 7 «А» сынып оқушысы Инесса Легкаяның әжесі Наталья Валентиновна.

Толығырақ