IMG-20180601-WA0060

Банктен — базарлық

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның Екібастұз бөлім-шесі қалалық аурухананың балалар бөлімшесінде емделіп жатқан бүл-діршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Балалар банк қызметкерлері ұйымдастырған қызықты бағдарламаны тамашалады. Олар мерекеге арнайы шақырылған аниматорлармен түрлі ойындарға қатысып, мәз-мейрам болды.

Толығырақ
орнамент

Медициналық тексеріс міндетті емес

Жақында көлік жүргізушілердің куәлігін   ауыс-тыру процесі жеңілдейтіні хабарланды. Куәлік ауыстырудағы өзгерістерге қатысты сұрағымызға Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімінің ауданаралық емтихандық-тіркеу жұмысы бөлімшесінің бастығы Марат Шуктаев жауап берді.

Толығырақ
imgpreview

«Біздің баламызды қабылдаңыздаршы!»

Аутизм – қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің бірі. Елімізде бұл ауру туралы ақпарат мардымсыз, керісінше, аурумен арпалысып жүргендер саны жыл сайын артып келеді. Қазақстанда 7 мыңнан астам адам осы кеселдің құрығына ілінсе, Екібастұзда 103 бала осы диагнозбен өмір сүріп жатыр.

Толығырақ
11

Қазақы емнің шипасы зор

Медицина қарыштап дамыды десек те, арамызда дертіне шипа таппай жүрген адамдар қаншама. Емхана-ауруханалардың табалдырығын тоздырған мұндай жандар амалсыз халықтық медицинаға, яғни, емшілердің көмегіне жүгінеді.

Толығырақ
33

Жедел кеңес берілді

Еліміздің әр түкпірінде жалпыұлттық «Денсаулық» акциясы ұйымдастырылды. Осыған орай, 3 желтоқсанда қалалық №3 емха­нада ашық есік күні өтті. Акция жайында алдын ала емхана сайтында жарияла­нып, осы емханада тіркеуде тұрған қала тұрғындары хабар­дар етілген.

Бұл күні №3 емхананың онколог, көз дәрігері, невро­патолог,

Толығырақ
OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Инсульт «жасарып» келеді

 Елімізде инсульт алғандардың қатары көбейіп, ауру жылдан- жылға «жасарып» келеді. Бұрын бұл дертке көбіне 60-ты алқымдаған адамдар шалдықса, соңғы жылдары жас талғамайтын жағдайға жетті.

 Әлем бойынша 50 миллион­нан астам адам инсультті басы­нан өткерген.

Толығырақ
IMG_3405

Дәрігердің беймәлім қырлары

Қалалықтар жадынан бірте-бірте өшіп бара жатқан «Шахмат үйі» деген атауды ерекше сағынышпен еске алатын жандардың бірі – «Павлодар облыстық қан орталығы» директорының орынбасары, трансфузиолог-дәрігер Балима Түсіпова. Ақ желеңді абзал жанның жүрегінде шахмат үйіндегі үпір-шүпір балалардың ойындары, Екібастұз шахматының іргетасын қалаған Анатолий Кижеватовтың бала атаулыға сүйіспеншілігі күні кешегідей сайрап тұр. Сонау қиын жылдары, 90-шы жылдардың басында,…

Толығырақ

Жарық сәуле сыйлаушы

Донор – мамандық атауы емес, адамгершілік қасиеттің бір қыры. Ешкімнен алғыс күтіп жатпайтын, осынау игі әрекетті азаматтық парызға айналдырған азаматтар қаламызда аз емес. Олар: Е.Михайлович, Д.Клячин, М.Бралин, Н.Блинов, В.Зинчук, Р.Каюмов, Б.Тәжімұратов, В.Станчевский, Я.Эминов, А.Харламов, М.Конради, В.Гендлер, Е.Бощаев, тағы басқалары. Халықаралық донор күніне орай екібастұздық бір топ донор «Рахмет, донор!» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды. Олардың…

Толығырақ

Қасықтай қан — отандастар өмірі үшін!

Ақтөбедегі террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындардың опат болуына байланысты ҚР Президенті Н.Назарбаев 2016 жылғы 9 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялағаны мәлім. Осынау қаралы күні бір топ екібастұздық «Павлодар облыстық қан орталығының» Екібастұз бөлімшесіне барып қан тапсырып, қайғылы жағдайға ортақтастық танытты. Қала әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған осынау шараға Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен-техникалық колледжінің…

Толығырақ
орнамент

Аурухана жұмысымен танысты

«Бірінші байлық – денсаулық» десек, сапалы медициналық қызметтің маңыздылығы еселеп арта түседі. Сол  сапалы ем алудың алғышарттары да көп. Заманауи медициналық жабдықтармен жарақталған ауруханалар, білікті дәрігерлер және т.т. Қалалық аурухананың тыныс-тіршілігімен танысқан қала әкімі Қайрат Нүкенов аталмыш жайттарды қаперінде ұстағаны анық. Ал емдеу мекемесінің қазіргі жай-күйі, алдағы уақытта қандай өзгерістер күтіп тұрғаны жайлы қала басшысына қалалық аурухананың бас дәріге-рі Мұхамедқали Андосов әңгімелеп берді.

Толығырақ