орнамент

Өз ісінің шебері

2-жылу-көліктік цехының бастығы Ардақ Қайырбаевпен жұмыс басында кездестік. Нұсқаулыққа сәйкес фотосуретші Виктор Фадеев екеуміз ол талап еткендей, басымызға кас-ка, үстімізге күрте киген соң, соңына ілестік. Ол бірден қазандыққа бастап барды. Алып пештердің жанындағы жұмыскерлер бізге назар аудармастан өз жұмыстарымен әлек. — Көмірді пешке ірілей салмаймыз. Алдымен оны үгітіп барып, құбыр арқылы жанып тұрған қазандыққа жібереміз.…

Толығырақ
DSC_0237

Кәсібінің майталманы

Құрылысты қадағалау жөніндегі жетекші инженер Бекболат Әлжа-новтың 1980 жылдары Алматыдағы Қазақстан Композиторлар одағының шығармашылық үйін салуға атса-лысқанын жұрт біле бермейді. — 1972 жылы Павлодар индуст-риалды институтын бітірген соң, Есік қаласындағы «Алматыстройтреске» жұмысқа орналастым. Ол жылдарды өмірімнің жарқын кезеңі деуге болады. Құрылыстың қыр-сырына осы тресте жүргенде қанықтым. Композиторлар шығармашылық үйінен бөлек, «Алмаарасан» емдеу-сауықтыру шипажайының іргетасын өз…

Толығырақ
DSC_0223

«Энергокласс» түлегі

«Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 станциясы» ЖШС-і күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу жөніндегі директоры Асан Наурызғалиев – Екібастұз қаласының тумасы. №9 мектептің түлегі. 1990-1995 жылдары №9 мектепте «Энергокласс» жұмыс істегенін мен Асан Әкімғалиұлынан естідім. — Мен оқыған жылдары №9 мектеп МАЭС-1 станциясының қамқорлығында болды. 1990 жылы МАЭС-1 станциясы мектеп басшылығымен келісімшарт-қа отырып, келешек мамандарды Екібастұзда даярлау мақсатында…

Толығырақ
DSC_00005

Жұмысына адал Жұмағали

№1 қалалық емхананың рентгенолог-дәрігері Жұмағали Смағұлов биыл асқаралы 60 жасқа толып отыр. «Гиппократ антын» өмірлік ұстанымына айналдырып, адам тағдырының сақшысы бола білген Жұмағали Жылқайдарұлы 40 жылға жуық уақыт медицина саласында қалтқысыз еңбек етуде.

Толығырақ
img_7010

Қайраты кемел Құмар

Екі-үш жыл бұрын Павлодар қаласында республикалық «Жас барыс» турнирі өткізілді. Дүбірлі жарыс делебе қоздырады емес пе, көру үшін жолға шықтық. Жер қозғалса қозғалмайтын, еш уақыт сабырлы қалпынан танбайтын Құмар көлік жүргізіп келеді, мен қасында отырмын. Аралас-құралас жүргендіктен, ортақ әңгіме де көп. Сөз бірте-бірте спорт тақырыбына ойысқан сәтте: «Өзің осы салаға қалай тап болдың?» — деп, көңілімде көптен бері жүрген сұраққа жауап алуға ынтықтым.

Толығырақ
IMG-20160621-WA0001

Әр жеңісіме қуанамын

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік басқару саласындағы әйелдердің үлес салмағы 55 пайыз. Бұл дегеніңіз мемлекеттік басқару саласында елу мыңнан аса әйел адам жұмыс істейді деген сөз. Соның ішінде әкім әйелдер саны екі жүздің үстінде екен. Екібастұз өңіріне қарасты ауыл-аймақтардың арасында әкім лауазымына әйелдер арасынан ең алғаш 2011 жылы Маржан Алшымбаева тағайындалған болатын. Бүгінде әйел-әкімдер саны үшеу.…

Толығырақ
Мергенов С.С. ГЮП

Міндеті – қисайғанды түзеу

Серік Мергенов — жергілікті полиция құрамындағы ювеналдық полиция қызметкері. Оқырман-ға түсінікті болуы үшін айта кетейік, 2011 жылдың маусым айынан бері  кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция құрылымы ювеналдық полиция деп аталған болатын. Аталмыш құрылымның міндеті — балалар мен жасөспірімдер қылмысының алдын алу, балалардың қада-ғалаусыздығы, қаңғыбастығы сияқты жағымсыз құбылыстармен күресу. — Бізге Мәшһүр Жүсіп, Мұхтар Әуезов,…

Толығырақ
IMG_6986

Сүйікті ісіне адалдық

Спорт — өзгеше бір әлем. Көк байрағымызды көкке желбірететін, рухымызды көтеріп, жеңіс жолында жұдырықтай жұмылатын спортшылар да ерекше қауым. Сол сайыпқырандардың дулы додаларда бағы мен бабы келісуі, жігері жалындап, қайраты тау суындай тасуы осы сиқырлы саланың басықасында жүрген адамдардың қабілет-қарымынан көрінеді. Соңғы бес-алты жыл дересінде Екібастұз спорты бірталай биіктерді бағындырып, ең бастысы, ол бұқаралық сипат алды десек, аталмыш табыстар қала әкімінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Зейнеп Нұркенованың есімімен тығыз байланысты. 

Толығырақ
коля

Біздің Алма

«Бір, екі, үш…Сіз келіп қалдыңыз ба? Міне, газетіңізді алыңыз». Аласа бойлы ақсары апай алдында үюлі жатқан газеттерді санауды дереу тоқтатып, оқырманға бұрылды. Жұмысы қауырт болса да, газетті қалт жібермей оқитын, апта сайын өзі келіп алатын оқырманға ол да ілтипат көрсетті. «Сыйға-сый, сыраға – бал».

Толығырақ
женька

Ұстазға тағзым

Ұлағатты ұстаз, тағылымды тәлімгер, ардақты ана, асыл жар, жанашыр туыс, талапшыл да табанды басшы, адал дос, тіл жанашыры, еңбек ардагері, ұлтжанды азамат, қоғам қайраткері, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, рухы биік өр тұлға, имани насихатшы, өн бойы тұнып тұрған адамгершілік академиясы, білім беру саласының жауһары, кенді қаланың ар-ожданы… тізе берсек, әлі де жалғаса бермек, жалғаса бермек.

Толығырақ