Геолог

Геолог-экспериментші

Қазақстанның жер қойнауындағы минералды ресурстар молдығы жағынан әлемде көш басында тұр. Кезінде жерасты байлығын зерттеген геологтар Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына елеулі үлес қосты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен сәуірдің бірінші жексенбісі Геолог күні болып жарияланды. Атаулы мереке қарсаңында жергілікті тарихи-өлкетану музейінде геология саласының дамуына елеулі еңбек сіңірген геолог-экспериментші Қайролла Асылбекұлы Жүсіповке арналған экспозицияның тұсаукесері болып өтті.

Толығырақ
макала

Инженерлер отбасы

Өртке қарсы қауіпсіздік ардагерлерінің бірі Сейфолла Әйтенұлы Махабек 1938 жылы Баянауыл ауданының Торайғыр маңындағы Александровка ауылында дүниеге келген. Әкесі кеніште жұмыс істеп, кейін соғыста қайтыс болған.

Толығырақ
IMG_6981

Тағлымы мінсіз тәлімгер

…Ол келгенде мектеп құрылысы толықтай бітпеген де еді. «Ұстаз боламын, мектепте сабақ беремін» деп алып-ұшып жеткенінде, сылағы бітпеген жаңа ғимаратты, лай құйып жүрген жұмысшыларды көріп албырт көңілі абдырап қалған. Өзімен бірге келген жас мамандар да осындай күйде.

Толығырақ
2бет

Бала жанының бағбаны

«Тәрбие – тал бесіктен» дейді ата даналығы. Сәби дүниеге келген күннен бастап оның дұрыс өсіп-жетілуіне ата-анасы үлкен мән береді. Ал ортамен араласуы, көпшіл болуы, білім нәрінен сусындауы үшін мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы ерекше. Яғни, қала баласы үшін тәрбие балабақшадан басталмақ.

Толығырақ
орнамент

ЖАНАШЫР ЖАН

Айналамызда жүрегі мейірімге толы, жүзінен шуақ төгіліп тұратын адамдар баршылық. Олар өзгенің күйігіне, қиналғанына дәті шыдап, жайбарақат қарай алмайды. Солармен бірге қиналып, қолынан келгенше кемтарларға көмектесіп, кембағалдарға қолұшын беруге даяр тұрады. Балгерім Қазбекқызы – осындай адам.

Толығырақ
IMG_5991

Еңбегі жанған экскаваторшы

«Ер еңбегімен еңселі» деген. Еңбекқор адамның төккен тері ақталады. Осындай еңбегімен, тиянақтылығымен көзге түскен Сәрсенбай Жүнісов «Богатырь» көмір кенішінде экскаватор машинисі боп қызмет атқарады. Сәрсенбай аға Қарағанды қаласына қарасты Семізбұғы деген елді-мекенде туып-өскен. Әкесі Әкімбектің алпыс жасында көрген перзенті. Анасы Нағима сегіз құрсақ көтерген: үш ұл, бес қыз. Одаққа белгілі Семізбұғы кен орнында соғыс жылдары…

Толығырақ
IMG-20140127-WA0004

Дүйсен Бейсенбайұлы: «Интернетке жүгіне емделу сәнге айналды»

Іске келгенде алдына жан салмағанымен, өзі жайлы сөз қозғауға құлықсыздау жандар болады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз сол санатқа жатады десек, әсте қателеспеспіз. Өйткені оның өнегелі өмір жолын майдан қыл суырғандай суыртпақтадық. … Дүйсен Бейсенбайұлы бала күнінен дәрігер Владимир Георгиевич Рахваловты пір тұтты. Оның науқастарды емдегеніне сырттай тәнті болатын. Әрі дәрігерлікке оқып жүрген үлкен ағасының оқулықтарын парақтағанда…

Толығырақ

Абыройы биік анықтаушы

Ел тағдыры мен оның болашағы кеудесінде отаншылдық сезімі бар, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматты толғандырары хақ. Әсіресе құқық қорғау органдарында қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге осы айтылғандар тікелей қатысты. Соның ішінде, ішкі істер органдарында қызмет етушілердің парасатты болуын қалар едік. Мұнымен бүгінгі кейіпкеріміз ҚІІБ-ның анықтау бөлімінің аға анықтаушысы Рүстем Тәуекелов те келіседі. -Полиция қызметкері ең…

Толығырақ
ФОТО

Экструдивтік жем – құнарлы, сіңімді әрі арзан!

Бүгінде шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жұмыссыздарға және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету үшін бөлінетін грант та осы бағдарламаға кіреді.

Толығырақ