орнамент

Ассамблея күніндегі басқосу

Елімізде Қазақстан халқы ассамблеясының алатын орны ерекше. Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын жүзеге асыруда да оның рөлі зор. Бұл туралы Қазақстан халқы ассамблеясы күніне арналған Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық және қалалық активтерімен, этно-мәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесуі барысында аталып өтті. Әкімдікте өткен кездесуде қала әкімі Н.Әшімбетов күрделі жөндеуден өткен…

Толығырақ
орнамент

Үш үй қалды

Қалалық тұрғын үй инспекциясы ұсынған мәліметтерге сәйкес, 17 қазанға дейін ша-һардағы 664 көпқабатты тұрғын үйдің тек 3-і жылу қабылдауға дайын емес.
Шешембеков көшесі, 15 «А» мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің жылу жүйесі күрделі жөндеуден өткізілуде. Мұндай жұмыстар Ломоносов көшесі, 15-үйде де жүргізілуде. Мәншүк Мәметова көшесі, 67 тұрғын үйдегі 3-4-подъездердің жылуға қосылуға мүмкіндігі жоқ.

Толығырақ
орнамент

Жеке секторға жылу жете ме?

Жылу беру маусымы басталар уақытта мамандар жылумен жабдықтау жүйесінің сапасына баса назар аударады. Себебі жылу оқшаулау шараларының жоғары деңгейде жүргізілуі қыс бойы жылудың біркелкі сақталуына әсер етеді.

Толығырақ
eb8cd8e2316928e56e1287cb3308be53

Қоқысты сұрыптап төгіңіз!

Бірер ай бұрын қаламыздың әр тұсында тоқ сары түсті контейнерлер пайда болғанын білеміз. Ол – қолданыстан шыққан шамдарды тастауға арналған жәшіктер. Ал жақын арада сары түсті тор-жәшіктер әр жерден көзге шалына бастады. «Коммунсервис» ЖШС-і орнатқан бұл жәшіктердің босаған пластик шиша, целлофан қалта, жалпы, құрғақ қоқысты тастауға арналғанын білдік. Бір сөзбен айтқанда, бұлардың бәрі де экологиялық тазалық жаршылары.

Толығырақ
97

Жылу беру пысықталды

Жылу беру маусымы биыл Екібастұзда әдеттегіден ерте басталды. 14 қыркүйекте әлеуметтік сала нысандарына жылу берілген болатын. Көпқабатты үйлерді жылуға қосу 25 қыркүйек күні басталып, 50 көпқабатты тұрғын үйге жылу берілді. Десек те бәрі ойдағыдай болмай тұр. Жылумен алғашқы кезекте дайындық актісі бар, яғни, қабылдау-тапсыру жұмыстары орындалған үйлер қамтамасыз етіледі.

Толығырақ
орнамент

Қос тарап ымыраға келді

«Павлодарэнерго» АҚ мен «Горводоканал» кәсіпорны арасындағы дау-дамай  былтырдан бері өршіп тұрғаны белгілі. Текетіреске  қатар төселген жылу мен су құбырларын оқшаулау себеп болған еді. Мұндай ажыратудан қыстың аязында су құбырлары қатып қалуы ықтимал. Осы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында 6 қыркүйек күні қала әкімдігінде қала әкімінің мұрындық болуымен екі кәсіпорын басшылары қатысқан үлкен жиын өткізілді.

Толығырақ