орнамент

Қылмыс саны қысқарды

Атап айтсақ, бұрын сотталған аза-маттардың заңға қайшы әрекет жасауы 41 пайызға, тұрғындардың масаң күйін-де тәртіп бұзуы 21,4 пайызға төмендеп-ті. Кәмелет жасына толмаған балалар-дың қылмысы, мал ұрлығы, жол-көлік оқиғасы да әжептәуір азайған. Түнгі уақытта дүкендерде ішімдік өнімдерінің сатылуы бойынша 58 факт тіркеліп, еке-уі лицензиясымен қош айтысқан. Өкініш-ке қарай, көпқабатты тұрғындардың терезесінен 2 бала құлап, біреуі жан тапсырған.

Толығырақ
moshenik_11-10-16

Абайлаңыз – алаяқ!

Екібастұз қаласындағы Дүйсенбаев көшесінде орналасқан дүкенге кірген ер адам мен әйел 4000 және 6500 теңге тұратын Барби қуыршағының екі жиынтығын сатып алған. Ер адам сол жерде 20000 теңге ұсынып, сатушы 9500 теңге қайтарып берген. Дүкенші ақшаның кәдесый банкноты екенін сатып алушылар шығып кеткен соң ғана байқапты. Дәл осындай алаяқтық әрекетке қатысты тағы бір екібастұздықтан шағым…

Толығырақ

Екі рет көлік ұрлаған

Полицейлер екі бірдей көлік айдап әкету оқиғасын ізін суытпай ашты. Ішкі істер басқармасына Абай көшесінің 29 жастағы тұрғыны қоңырау шалып, үй ауласындағы «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін біреу айдап әкеткенін хабарлады. «Перехват» жоспары бойынша шұғыл ізге түскен полицейлер 22-шағынауданды шолып, 15 минут ішінде көлікті тауып алды. Дәл осы күні «ВАЗ-2107» маркалы тағы бір көлік қолды болыпты. Көлікті…

Толығырақ

Кикілжің азаймай тұр

Таяуда азаматша Ш. жанжал шығарған күйеуінің балағат сөздерінен шаршап, құқық қорғау органына жүгінді. Отағасына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы» 73-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, сотқа жіберілген болатын. Сот бір тәулік қамауға үкім шығарды. Жанжал шығарғыш азамат арнайы есепке алынды. Бұдан басқа да әр түрлі себептермен қаңтар айынан бастап…

Толығырақ

Жалған ақпарат таратпаңыз!

Павлодар облысы ІІД аймақта «қауіптіліктің қызыл деңгейі» жарияланғаны туралы әлеуметтік желілерде таратылған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Аймақтағы жағдайды қадағалауда деген департаменттің баспасөз қызметі тұрғындардың алаң-дауларына негіз жоғын айтты. Өңірдегі ахуал өзгеретін болса, бұл туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлама беріледі. Сондай-ақ, осындай жалған ақпаратты таратушыларды анықтау шаралары жүргізіліп, жазықтыларға заң аясында шара қолданылады. ҚР…

Толығырақ
орнамент

Сәби терезеден құлады

Пластиктен жасалған терезе таңсық дүние емес. Эстетикалық тұрғыдан көрнекі, қолданысқа ыңғайлы. Солай болғанымен, бүгінде көпқабатты үй пәтерлерінде орнатылып жатқан осы терезелерден қауіп көп. Қолды-аяққа тұрмайтын сәбиі бар кей отбасы үшін терезедегі торлы желдеткіштер – қатер көзі. Олай деуімізге соңғы кезде балалардың терезеден құлауы жиілеп кетуі себеп. Жақында сондай бір оқиға Екібастұзда орын алды.

Толығырақ

Алаяқтан абай бол!

Алдау-арбау арқылы өзгенің мүлкіне иелік етуді көксегендер қатары көбейіп келеді. Осындайлардан сақтандыру мақсатында Павлодар облыстық ІІД тұрғындар арасында «Алаяқтан сақ болыңыздеген ескерту парақшаларын таратуда. Сондай-ақ, ішкі істер басқармасы осы бағытта шаралар қабылдап, учаскелік инспекторлар өздеріне бекітілген аумақтарда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Толығырақ

Жастар саясатында жаңа серпін қажет

Қалалық мәслихат тұрақты комиссияларының кезекті кеңейтілген отырысында өңіріміздің өзекті мәселелері қаралды. Білім беру бөлімінің басшысы М.Қайырбаева білім беру нысандарының даму жоспарлары туралы баяндады.

Толығырақ

Кісі өлтірген қылмыскер іздестірілуде

Энергетиков көшесіндегі құрылысы аяқталмаған екі қабатты коттеджден 1984 жылғы жергілікті тұрғынның мүрдесі табылды. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде марқұмның басына зақым келіп, миына қан құйылуы салдарынан қайтыс болғаны белгілі болды. ҚР ҚК-нің 103-бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалып, қылмыскер іздестіріліп жатыр.

ҚІІБ материалдары бойынша Кенже ҚУАТ

 

Қару ұрлаған бұзақылар

Түнгі клубқа туған күн кешін тойлауға келген жігіттер басқа бір топтың жігіттерімен сөзге келіп қалады. Жағаласқандарды клуб күзетшісі ажыратып жібереді. Туған күнді көңілді өткізген жігіттер далаға шыққанда әлгіндегі бұзақылар бұларды есік алдында күтіп отыр екен. Жанжал енді далада жалғасады. Осы кезде бұзақылардың бірі көліктің артқы есігін ашып, қосауыз мылтықтан атып жібереді. Қылмысқа қатысты деп 1984…

Толығырақ