1ъ

Қылдыкөлдегі көгалдандыру

Игі істерге бастамашы болып жүрген «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиа-лының ұйымдастыруымен 27 қазан күні Қылдыкөлдегі Исабек ишан мәдени-тарихи кешені аумағында 40 шақты пирамидалды терек отырғызылды.
Қай шаруа болмасын, жұмыла кіріссе бітетіні белгілі.

Толығырақ
орнамент

Кәсіпкерді не мазалайды?

«Нұр Отан» партиясының Екібастұз қалалық филиалында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Ұлттық бюро) Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Ыбырайымов жеке қабылдау жүргізді.

Толығырақ
DSC_8587

Мектеп төбесі жабылды

Біз газетіміздің өткен сандарының бірінде («Мыңқ етпейтін мердігер», №36/1444, 2018 ж.6.09) №9 мектептің төбесінің ашық-шашық жатқанын, соның салдарынан 7 оқу кабинеті сабақ жүргізуге әзір еместігін жазған едік. Аталмыш білім ордасының төбесін күрделі жөндеуден өткізуге Павлодар қаласындағы «Стройтех» ЖШС тендер арқылы жеңіп алған.

Толығырақ
DSC_8623

Тегін дәрілер емханада босатылады

Бүгінде тегін дәрі-дәрмек қалай босатылады? «Нұр Отан» партиясы Екібастұз қалалық филиалы партиялық бақылау және мониторинг тобының мүшелері және қалалық мәслихат депутаттары: Әділет Нұрпейісов, Қанат Тұрлыбеков, Эльдар Абдинов осы сұраққа жауап іздеп, №2 емханаға барды. №2 емхана бас дәрігерінің орынбасары Бекзада Макарованың айтуынша, тұрақты медициналық көмекке зәру адамдар тегін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген.

Толығырақ
DSC_7539

«Цеснабанктен» қолдау күтеді

«Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Екібастұз филиалында кәсіпкерлікті дамыту бөлімі, «Атамекен» ұлттық палатасының жергілікті бөлімшесі өкілдері мен кәсіпкерлердің қатысуымен шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі кеңінен талқыланды.

Толығырақ
орнамент

Бағалар бір қалыпты ма?

Әлеуметтік мәні бар азық-түлік бағаларының бірқалыпты болуы – тұтынушы үшін өте маңызды. 18 шілде күні «Нұр Отан» партиясы Екібастұз бөлімшесі төрағасының орынбасары Нияз Макраев, қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі басшысы Нұрберген Сейілхановтың жетекшілігімен бір топ мамандар мен журналистер сауда орындарын аралап, бағаларға сараптама жасады. Ендігі сөз сол жайында. 

Толығырақ
орнамент

Республикалық байқауға жолдама алды

 «Нұр Отан» партиясының жергілікті бөлімшесінде өткен жиында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының іріктеу кезеңдерінің корытындысы жарияланды. Қаламыздың «Өмір» шығармашылық оңалту орталығы аталмыш байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. 

Толығырақ
орнамент

Жаңа жоба әзірленуде

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішенбаев жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді. Халық қалаулысы «Нұр Отан» партиясы ЕҚБ төрағасының орынбасары Нияз Макраевпен бірге вагон жасау зауытында, «Грин хауз» жылыжай кешенінде және «Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1» ЖШС-де болды. Вагон құрастыру зауыты 2011 жылдың 28 маусымында іске қосылды. 2015-2016 жылдары 1 жыл 8 ай уақытша тоқтап тұрғанын есепке…

Толығырақ

Бәрі мердігерге байланысты

 «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғалы жұрт заманауи тас жолдың толықтай салынып бітуін тағатсыздана күтіп жүр. Жаз шыға үміт  үдей түседі. Десек те, кейбір мердігердің сылбыр қимылы көңілді су сепкендей басады. Тап осы мәселе билік партиясын да алаңдатып жүр екен, 27 шілде күні құрамына «Нұр Отан» партиясы Екібастұз бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Светлана Гладышева, партиялық бақылау комиссиясы төрағасы Ерболат Қоңырбаев, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Сергей Лепехин, партиялық бақылау және мониторинг тобы жетекшісі Серік Сәдуақасов пен журналистер кірген жұмыс тобы Шідерті кенті бағытында сапарға шықтық.

Толығырақ
17554094_282580608846000_4090526909672886247_n

Атадан — балаға

 «Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Үміт» балалар үйінде «Буын сабақтастығы» атты кездесу өтті. Шарада тәрбие мәселесі, өскелең ұрпақ бойында отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру жайы сөз болды.

Толығырақ