DSC_5553

Зауытта қара жұмыс жоқ

Мектеп оқушылары қаламыздағы ірі кәсіпорындарға саяхатқа шыға бастады. Бұл бастаманы «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені басшылығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асыруда. Алғашқылардың қатарында №4 мектептің 9 және 11-сынып оқушылары теміржол білігі мен дөңгелек жұбын шығаратын «R.W.S. Wheelset» зауытының жұмысымен танысты.

Толығырақ
Шахтер күні1

Мерекелік марапаттар иесін тапты

Кеншілердің ересен еңбегінің арқасында кешегі құлан жортқан құла түзде қара алтын игеріліп, ел игілігіне жаратылып отыр. Тұлпарлар тұяғының дүбірін роторлы экскаваторлардың гүрілі ауыстырғанына да алпыс жылдан асыпты. Осы уақыт аралығында өмірін көмір өндірісімен байланыстырып, жанкешті еңбекке арнаған кеншілер әулеті өсіп шықты.

Толығырақ
DSC_6450

Энергетика саласы: бүгіні мен болашағы

Өңірімізде Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің көшпелі мәжілісі өтті. «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-не ат басын тіреген сенаторлар кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысып, мемлекеттің ресурстық потенциалын арттыру мақсатында энергетика саласын жаңғырту мен инновациялық даму жөнінде өткен дөңгелек үстелде бас қосты.

Толығырақ
DSC_5217

Жаңа подстанция

Қаламызда индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа подстанция ашылды. Ендігі жерде подстанция 9 кәсіпорынды электр энергиясымен қамтамасыз етіп, өңірдегі темір жол кластерін дамытуға септігін тигізбек.

«ПС 220/35/10 кВ» деген атау алған подстанция «ФерроТранс-Трейд» ЖШС-не тиесілі. Жоба жетекшісі Исмаил Мамаевтың айтуынша, Екібастұздағы темір жол кластері кәсіпорындарын электр энергиясымен қамта- масыз етуге қазіргі қосалқы станциялардың күші жетпе-гендіктен жаңасын салуға ше-шім шығарылған.

Толығырақ

Кремний зауыты: Көпшілік тыңдау өтті

Қоғамдық сана оянып келеді. Жұрт бұрынғыдай бас шұлғи бермей, өз тағдырына қатысты мәселелерге сергек қарайтын болды. 24 тамызда «Өнер» қалалық мәдениет орталығында өткен көпшілік тыңдауында залда ине шаншар орынның болмауы, талқылау кезінде халықтың белсенділік танытуы – соның көрінісі. Ал қаралған мәселе  «Техникалық кремний өндіру зауыты, теміржол тұйығы және электр беру желісі құрылысының қоршаған ортаға әсері» туралы еді.

Толығырақ
шахтер күні

Қосым ізбасарларына құрмет

Кентанушы Қосым Пішенбаев өңірімізде алғаш көмір кенін 1886 жылы анықтаған еді. Содан бері қара алтынын сапырған кенді аймақта бірнеше кеншілер ұрпағы алмас-ты. Еліміздің ірі отын-энергетикалық кешеніне айналған қаламыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан кеншілердің құрметіне «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Шахтер күніне арналған «Даңқы биік кеншілер» атты салтанатты жиын өтті.

Толығырақ
111111111

Ең бастысы – ұқыптылық

«ЕЭК» АҚ-ның 18 инженерлік-техникалық жұмысшысы «КамАЗ» қоғамдық акционерлік қоғамында өндірістегі ұқыптылық құралдарын тәжірибеге енгізу» атты оқыту тағылымдамасынан өтті. Оқыту Набережные Челны қаласындағы «Озық технологиялар мен бизнестің аймақтық институты» қосымша кәсіби білім беру жекеменшік оқыту орталығы базасында өтті.  

Толығырақ
DSC_0064

«Шығыс-2» алабынан 54 күнде бір миллион тонна көмір өндірілді! Кеншілер бұл тартуды Екібастұз қаласының туған күніне орайластырды

Евразиялық топ (ERG) құрамына кіретін «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының «Шығыс» кенішіне қарасты жаңа «Шығыс-2» алабының екінші кезегі биыл 21 сәуірде іске қосылған болатын.  Бұл жобаға инвестициялық бағдарлама шеңберінде 9,3 млрд. теңге бөлінді. Жаңа алапты аршуға және дайындауға заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар әзірленді. Көмірді тасымалдау үшін жалпы ұзындығы 1610 метрге жететін 4 жаңа конвейер салынып, бұрыннан бар тағы бір таспа ұзартылды.

Толығырақ
орнамент

Кәсіподақ күнін атап өтті

Қазақстан кәсіподақтары күні қарсаңында «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кеніші қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Көмір кәсіпорны кәсіподақ комитетінің төрағасы Василий Давиденко №2 өндіру учаскесінің тау-кен мастері Алексей Байкинге және технологиялық көлік колоннасының жүргізушісі Руслан Анарбаевқа ІІІ дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісін тақты. Бульдозерлі трактор учаскесінің бульдозер машинисі Владимир Садовой мен «ВМЭ» әзірлеу стационарлық бекетінің «ВМЭ» әзірлеу машинисі Жаслан Жимайлов ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» құрметті белгісіне ие болды.

Толығырақ
участники Молодежного слета от АО ЕЭК

Табысты дебют

Еуразиялық Топтың барлық бөлімшелерінен екі жүз жас жұмысшы І ERG жастар слетінің қатысушысы болды. Шара үш күн бойы Баянауылдағы «Факел» демалыс аймағында өтті. Слетке Астана, Рудный, Ақтөбе, Павлодар, Лисаковск, Қарағанды, Хромтау, Ақсу және Екібастұз жастары келді.

Толығырақ