орнамент

Жеңіл жазамен құтылды

Биылғы жылдың 6 мамырында сағат 22.00 шамасында Шідерті кенті аумағында болған (Павлодар – Қызылорда тас жолы) жол-көлік оқиғасы салдарынан бүтіндей бір отбасы қаза тапқан еді. Жақында қалалық сотта бұл іске қатысты үкім шығарылды.

Толығырақ
DSC_5217

Жаңа подстанция

Қаламызда индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа подстанция ашылды. Ендігі жерде подстанция 9 кәсіпорынды электр энергиясымен қамтамасыз етіп, өңірдегі темір жол кластерін дамытуға септігін тигізбек.

«ПС 220/35/10 кВ» деген атау алған подстанция «ФерроТранс-Трейд» ЖШС-не тиесілі. Жоба жетекшісі Исмаил Мамаевтың айтуынша, Екібастұздағы темір жол кластері кәсіпорындарын электр энергиясымен қамта- масыз етуге қазіргі қосалқы станциялардың күші жетпе-гендіктен жаңасын салуға ше-шім шығарылған.

Толығырақ
DSC_4784

«Тарыдай болып кіресің…»

Толассыз жауған жаңбырға қарамастан екібастұздық оқушылар Білім күнін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алды. Биыл 1-сынып табалдырығын 2400 бала аттап отыр.
Қала әкімі Нұржан Әшімбетов №36 лицей-мектебінде өткен салтанатты жиынға қатысып, оқушыларға ақ жол тіледі. Шаһар басшысы шәкірттердің ІТ-теxнологияларды жетік меңгеріп, «Цифрлы Қазақстан» жобаларын пайдалануы керектігін атап өтті. 

Толығырақ
DSC_2216

Оң бағалады

Облыстық мәслихат депутаттары өңірімізде салынып жатқан құрылыс нысандары басындағы жұмыс барысымен танысты. Бір қуантарлығы, құрылысы тоқтап тұрған ғимараттар жоқ. Десе де қаражат бөлу және нысанды мезгілінде тапсыруда азғантай мәселелер бар.

Қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков, облыстық мәслихаттың депутаттары – Раис Гайнулин, Мұрат Әбдіғұлов, Гүлжан Әбішева, Айнұр Мейрамова бастаған топ ең алдымен перзентхананың «Б» блогы ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарын тексерді.

Толығырақ
Сұлтанмахмұт_Торайғыров

Ақын рухына тағзым

Өткен сенбіде Баянауыл ауданының Торайғыр ауылында ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығы кең көлемде тойланды. Әсем табиғаттың аясында өткен мәдени-спорттық шаралар көптің көңілінен шықты. Әсіресе, салтанаты келіскен киіз үй-лер тойдың сәнін аша түсті. Облыстың қалалары мен аудандары, қала берді, Баянауыл ауданына қарасты ауылдар киіз үй тігіп, алтыбақан орнатыпты. Олардың қатарында «Шығыс» кенішінің ұжымы да бар. Екібастұздықтар киіз үйді ұлттық оюлармен безендіріп, меймандарға қонақжайлылық танытты. Киіз үйдің тартымдылығы сонша, той қонақтары кезек-кезек естелік суретке түсіп жатты.

Толығырақ
орнамент

Ұлағатты ұстаз

Кешқұрым мерейтой иесін құттықтап, сұхбаттасуға барғанымызда, үй іші ұстаздарға толы екен. «Бұл таңертеңнен жалғасып келе жатқан көрініс», дейді қонақ күткен туыстары. Еңбегің еленіп, қартайған шағыңда құрметке бөленгенге не жетсін! Қала әкімі Қайрат Нүкенов те құттықтау хатын жолдап, ізгі тілегін білдіріпті.

80 жастың ауылына қадам басқан Шұға Теміржанова көп жыл қаламыздағы Абай Құнанбаев атындағы №2 орта мектепте қызмет еткен. 1966 жылы қара шаңырақтағы еңбек жолын химия-биология пәнінің мұғалімі болып бастап, директорлыққа дейін көтеріледі. 

Толығырақ
орнамент

Төртүйде екі үй салынуда

Екібастұз ауылдық округіне қарасты Төртүй ауылының тіршілігіне қан жүгіре бастаған сияқты. Бүгінде мұнда су құбыры тартылып, 2 пәтерлі екі үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ауылға кіреберіс жол ретке келтірілуде. Қыстың қамын ойлаған шаруа қожалықтары мал азығын әзірлеуге мықтап кіріскен. 

Толығырақ
IRE_9559

Салымшыларға бұйырады

Астана қаласының 20 жылдық мерекесі екібастұздықтар үшін жағымды жаңалықтармен есте қалды. 9-шағын ауданда сән-салтанаты келіскен үш бірдей бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Баспаналарға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшылары қоныстанатын болды.

Тұрғын үйлерді таныстыру рәсіміне қала әкімі Қайрат Нүкенов қатысып, жиналғандарды Елорданың мерейтойымен құттықтады.

Толығырақ
DSC_0122

Суармалы алқап – сапалы өнім кепілі

Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде кәсібін дөңгелеткендер аз емес. Солардың бірі – Құдайкөл ауылында орналасқан «Рамазанов» шаруа қожалығының директоры Ерболат Әбдуәлиев. Суармалы алқапта картоп өсіруді қолға алған кәсіпкердің аяқалысы жаман емес.

Толығырақ
орнамент

«Еңбек жасағы», алға!

Өңірімізде «Жасыл ел» еңбек жасағының жазғы маусымы салтанатты түрде ашылды. Биыл 300-ге жуық жас екібастұздық шаһарды абаттандыру шараларына белсенді атсалыспақ. Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Марал Қаракесекованың айтуынша, еңбекқор қыз-жігіттер көгалдандыру жұмыстарынан бөлек, тіл үйрету курс-тарын ұйымдастырады.

Толығырақ