«Мен үшін бата алудан асқан бақыт жоқ»

Бүгінде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Рауза Әбрахманованы қасиетті Баянауланың тірі шежірешісі деуге болады. Кеңестер Одағы кезінде есепшілік қызмет атқарған Рауза апай 90-шы жылдары жекешелендіру кезеңі басталғанда, жолдасы Төкен ағамен бірге жаңа заманға жылдам бейімделеді.

Толығырақ

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт болашағы

«Шаңырақ» мейрамханасында «Қазақ халқының заманауи отбасылық дәстүрлері» тақырыбында ұрпақ тәрбиесіне арналған басқосу болып өтті. Шараны қаладағы қазақ мектептері мен Мұсылман әйелдері лигасы, «Атамұра» ұлттық мәдениет орталығы бірігіп өткізді.

Толығырақ

Қыз — өмірдің қызғалдағы

Қыз бала — өмірдің гүлі. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, жан-жағындағыларға жақсы мінезбен танылу қыз баланың бойындағы асыл қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Себебі қыз  — болашақ ана. Ал ана тек өз балаларының ғана емес, қоғамның, ұлттың анасы болуы шарт. Айта берсек, қыз балаға қойылатын талаптар мен міндеттер жетіп-артылады.

Толығырақ

Жаратылысы бөлек жан еді… (өмірден ерте озған құрбым туралы бір үзік сыр)

Жуырда Павлодар қаласында жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген жақын құрбымның ұлы қысқы демалыста жүргенін айтып хабарласты. Ойлап қарап отырсам, ол жақында 20 жасқа толады екен, ал анасынан айрылғанына 15 жылдай болып қалыпты.

Толығырақ

Серіктеспен босану – дәстүрімізге жат

«Қартайып» бара жатқан Еуропадан біз өзімізге үлгі-өнеге етіп алмаған дүние қалмады. Аз ұлттардың қатарынан болсақ та, бала санын шектеу, әке-шешемен, ата-енемен стакан қағыстыру, тізеден жоғары юбка кию, ата-ананы шау тартқан шағында Қарттар үйіне тапсыру, ер балалармен бірге темекі тарту, арақ ішу дейсіз бе — осының бәрі дәстүрімізге дендеп енгені соншалықты,  тіпті таңғалып қарамайтын болдық.

Толығырақ

Ғибратты ғұмыр

Адал еңбегімен күнелтіп отырған Жағыпар бәйбішесі екеуі отбасындағы төрт ұлы мен төрт қызының амандығын тілеп, тірліктеріне тәубе ететін. Алланың жазуына не шара, үміт артқан төрт ұлы да мезгілсіз дүниеден озды. Көкіректері қарс айырылған қаралы әке-шеше ұлдарын өз қолдарымен қара жердің қойнына тапсырады…

Толығырақ

ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

Еліктің лағындай сүйкімді, еті тірі Ғазиза тоғызыншы сыныпқа көшкенде, бұрынғы шешімін өзгертіп, дәрігер болуға бекінді. Ол уақытта мұндай мамандықты таңдауға әркімнің батылы жете бермейтін. Науқасқа дұрыс диагноз қоюда, оны емдеуде дәрігерге үлкен жауапкершілік жүктелетінін Ғазиза бала да болса білетін. Әрі өз басынан өткен жағдайдан кейін бұған әбден көзі жетті.  

Толығырақ

Қызалақ бала қымсынбас

«Өлімнен ұят күшті» дейді халқымыз. Соңғы уақытта ар-ұяттың да құны түсіп бара жатқан секілді. Олай дейтініміз, қалалық жерде тұратын жас аналар жаңа туған нәрестені бесікке бөлемейді. Көбіне аяғын бос қойып, дәретін жаялыққа жібертеді. Келіншектердің күндегі уақыты жаялық жуумен өтеді. Содан кейін үй шаруасы да ақсап, отбасында кикілжің туындап жатады.

Толығырақ