жжкк

Менің әжем

Отбасында әке-шешенің, туған-туыстың орны ерекше. Әсіресе, әженің ыстық алақаны, мейірімі баланың келешек өмірінде айрықша із қалдырады. Менің әжем Түнжан Сағынқызы ақжарқын, қайырымды адам еді. Біз отбасында он бала өстік. Әжем мені өзгелерден жақсы көріп, алабөтен еркелететін. Әжемді арқаланып, кейде шолжаңдағанда әке-шешем, аға-әпкелерім ескерту жасап, мені тезге салуға тырысатын.

Толығырақ
отбасыга

Шаттыққа бөлеп шаңырағын

Халқымызда «Барлық жақсылық – күннің нұрынан, жылылық әйелдердің аялы алақанынан таралады» деген сөз бар. Әйел-ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күретамыры, ыстық ықылас пен ыждағаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.

Толығырақ
амреновтер

Әмреновтер жеңісі – қаламыздың жеңісі

Еңбекші әулет — Әмреновтер отбасы Екібастұздың туған күніне тамаша тарту жасады. Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылған «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық конкурсының қалалық кезеңінде жеңімпаз атанған отбасы облыстық кезеңде де озық шықты. Байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алған әулеттің қуанышына біз де ортақтасып, жүздесіп қайттық.

Толығырақ
Изображение 004

Жарты ғасыр жұбын жазбаған

Жастайынан арына дақ түсірмеген Кәкеш пен Балшакар Айдархановтардың бір шаңырақтың астында ғұмыр кешкендеріне елу сегіз жыл толды. Бүгінгі әңгімегімізге арқау болғалы отырған жаны жайсаң, жүздерінен нұр төгілген қариялар – өмір өткелінен сүрінбей өткен жандар.

Толығырақ
орнамент

Махаббат азабы

Сонау түкпірдегі Ақтұмсық ауылында да көктемнің алғашқы лебі сезілді. Орман ішінде  алты ай бойы сіресіп жатқан ақ қардың ізі де қалмаған. Қалың жауған қар орманды тұтас жапқандықтан Гүлбаршынға енді жаз келместей көрінетін.

Толығырақ
орнамент

Келінді қызыңдай көр

«Отбасы» бетінде ене мен келін, жеңге мен қайынсіңлі, абысындар арасындағы мәселе жиі көтерілетіндіктен, мен де қолыма қалам алып, өмірден түйген ойларымды қағаз бетіне түсіруді әдетке айналдырдым. Енді қолыма қалам алуыма түрткі болған жайды баяндап берейін.

Толығырақ
IMG_20150430_152626

Жанұялар сайысы

Қазақстан Халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай өтіп жатқан шаралар шоғыры мол. Осы мерекенің аясында «Өнер» қалалық мәдениет орталығы өткен аптада «Шахтер» демалыс саябағында «Бір шаңырақ астында» атты отбасылық спорттық  байқау өткізді. Оған «Жасыбай» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі қолдау көрсетті.  

Толығырақ
Алима Сагидоллаевна

Әр адамның бойынан жақсылық іздеймін

Журналистік қызмет барысында әр түрлі адамдармен кездесеміз. Қалалық білім бөлімі кәсіподақ ұйымының төрайымы Әлима Сағидоллақызымен бір шатырдың астында қызмет істесек те, жолымыз түйісе қоймапты. Бірде қаладағы шаралардың бірінен бірге қайтуға тура келді.

Толығырақ