тате

Анамның жалғыз апасы

Қазақ — ағайыншыл, туысшыл халық. Араласып-құраласып өмір сүреді, қуанышты да, қайғыны да бірге бөліседі. Тұрмыста бір-біріне қарайласуды міндет етпейді, туыстық парыз санайды. Яғни, қазақ үшін туыстың орны бөлек.

Толығырақ

Үлгі болар отбасылар

Павлодардағы Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка драма театрында өткен облыстық «Мерейлі отбасы» байқауына 25 отбасы қатысты. Екібастұз қаласы атынан қатысқан Қабдолла мен Қымбат Тәшімовтер жүлделі ІІІ орын алса, Амантай мен Мәрияш Масығұтовтар отбасы «Шежіреге адалдық» аталымын иеленді. Тәшімовтердің үш баласы — өздері таңдаған саланың кәсіби майталмандары. Самал оқушы кезінде-ақ «Балауса», «Хрустальный звон», «Айналайын», «Ертіс-97» байқауларында жүлделі…

Толығырақ
орнамент

Тұрсынханым апайдың әңгімесі

Қан қысымым көтеріліп, қалалық ауруханадан бір-ақ шықтым. Палатада екі орыс келіншегі бар. Келесі күні бос орынға қазақ әйелін жатқызды. Түр әлпетіне зер салып едім, жасы алпысқа келіп қалған тәрізді. Мінезі де ақжарқын. Мені бауырына тартып, шай үстінде, ем-домнан соң тынығып жатқанда әңгіме айтады.

Толығырақ
Кайролла

Балаларым — бақытым

Қалта телефоны сылдыр етті. Ғабит Кенжехан төсектен атып тұрып сағатына қарады. «Таң намазы болып қалыпты ғой» деп іштей күбірлеп жуынып-шайынды. Сәлден соң құбылаға қарап азан шақырды. Тәтті ұйқыда жатқан жары Зәмзәгүл де орнынан тұрып ас үйге беттеді.

Толығырақ
Еңбекқор жандар

Туған үйдің түтіні жылы

Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгелі шартараптан жүздеген мың этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Олар еліміздің түпкір-түпкіріне қоныстанды. Көпшілігі Ертістің Павлодар өңіріне тұрақтады.

Толығырақ
орнамент

«Қазақтың келіндері-ай»

Қазақ халқы ежелден келін тәрбиесіне ерекше мән берген. Себебі ұлттың болашағы, ұрпақ тәрбиесі аналардың қолын-да. Қазақ келініне тән әдемілікті, әдептілікті, ізеттілікті, ісмерлік пен тапқырлықты дәріптеу мақсатында «Атамұра» мәдениет орталығы «Қазақтың келіндер-ай» сайысын өткізді.

Толығырақ

Ойран болған отбасы

Санат пен Тұрар — ағалы-інілі. Сегізінші сыныпта оқи-тын Санат сабақтан жиі қа-лып, сынып жетекшісін, мектеп ұжымын әбден қажытты. Сынып жетекшісі: «Қашан барсаң әке-шешесінің ауыздары арақтан босамайды. Баласының жайын айтсаң, былқ етпейді. Тұрмысы жүдеу. Үйіндегі кішкентай қыз бала қатқан нанды қытырлатып отырғанын көріп ішің аяйды» – деп шарасыздық та-нытқан соң, полицияның жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлімі қызметкерінің араласуымен екі ұлдың ата-анасын зорлағандай етіп мектепке алып келді. Мектеп директоры олармен қатаң сөйлесіп, «балаларға қараймыз» деген уәдесін алғанымен, түк өнбеді.

Толығырақ