Өмір, сені қимаймын!

Ана үшін өзегін жарып шыққан перзентінің орны бір бөлек. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма қадалсын» дейтін ана баласы үшін отқа да, суға да түсуге әзір. Қажет десе кеудесінде соғып тұрған жүрегін де суырып беруге бар.

Толығырақ

БАР БАЙЛЫҒЫМ — БАЛАЛАРЫМ

Қазіргі заманда әйел епті болып, жұмысқа да, балаға қарауға, үй тіршілігіне, күйеуінің бабын табуға үлгермесе, көштен қалып қояды. Бұл — «Алтын алқа» иегері, қырық жылдан аса білім саласында еңбек еткен ұстаз, «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» Мәкен апа Манапованың жеке пікірі.

Толығырақ

Қазақстандық отбасы қандай болуы керек?

«Отан  отбасынан басталады» деген сөздің маңызы ешқашан жоғалмақ емес 

Өткен күнде белгі бар. Осыдан жиырма жыл бұрын қазақ отбасы қандай еді?

Ол кезде қазақ отбасында әкенің рөлі басым болатын. Бәріміз әкеге қарап бой түзейтінбіз. Әкені асқар тауға теңеп, бәріміз әкеге еліктейтінбіз. Естеріңізде болар, «әкең келе жатыр» дегеннен-ақ тез тәртіпке түсетінбіз. Мұны бір деңіз.

Толығырақ

Ана деген…

Бізге өмір сыйлаған

Ана деген — ерекше жан.

Өмір бойы жайымызды

Тыным таппай ойлаған.

Алла берген үлкен сыйлық,

Өмірдегі байлығым -

Анашымның құшағында

Өткізетін әр күнім.

Өзгермейтін көңілі бір

Баласына кіршіксіз.

Бұл өмірдің бар қызығын,

Сен арқылы түсіндім.

Мәдина Бердібаева, «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебінің 11-“А”сынып оқушысы

Келіннің қайыната тегіне жазылғаны дұрыс па?

Ұрпақтар арасына жік түсіруді ойлаған кеңестік саясат баланы әкеге, қызды анаға, келінді қайын жұртқа қарсы қою арқылы өз идеологиясының жеңіске жетіп, ұлтты құрдымға кетіретінін жақсы түсінді. Қазақы аты-жөнді бұрмалап жазу былай тұрсын, некелі әйелінің ерінің немесе қайын атасының тегін қабылдау біздің ұстанып отырған салт-санамызға сыналай енгізілген жегі құрт еді.

Толығырақ

Әйел-аналар қатыгезденіп барады

Біздің қоғам әйелдерді «адамзаттың анасы» деп қабылдайды. Ана туралы қаншама фильмдер түсірілді, картиналар жазылды, әндер айтылды. Есесіне жарнамалардың басым көпшілігіне, яғни нарықтың қозғаушы күшіне әйелдер тартылған. Елімізде баласын бауырына басқан аналардың орнын түрлі сусындардың, шоколадтардың, алкогольді ішімдіктердің сыртқы жапсырмаларындағы жартылай жалаңаш әйелдердің бейнесі басып барады. Әйел жалаңаштанса… қоғам да қатыгездене түсетіндей көрінеді…

Толығырақ

Ит жетектеген қыздар

Батыста көшеде итпен серуендеу жоғары мәдениетке жатады. Соңғы кездері дәл осындай үрдіс біздің де қоғамға сіңіп барады. Көшелерде, қалалық саябақтарда ит

жетектеген қазақ қыздарын көрсек, таңғалмайтын болдық.

Толығырақ

Ұлттық киімді неге кимейміз?

Халықтық мәдениет — біздің түп тамырымыз. Қазақ халқының қол-өнері  — көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Соның бірі — қазақтың ұлттық киімінде қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр.

Ұлттық киімдердің етек-жеңінің кең болатыны қазақтың дархандығын, қонақжайлылығын, даладай кең пейілін, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр.

Толығырақ

Беташар — тойдың сәні

Ұлы үйленеді дегенде «отыз күн ойын, қырық күн тойын» жасап, барын шашатын қазақпыз ғой. «Баласына бір той жасап бере алмай, өтіп жатыр дүниеден қанша адам» деп, барын да нарын да баласының жолына салады. Тірнектеп жиған-тергенді тойға жаратады. Себебі, той біз үшін — ізгілік пен жақсылықты, озық дәстүрлерді жаңғыртып, жалғастыратын елеулі оқиға.

Толығырақ